+147 бонус

ОФЛОМЕЛИД мазь 30г Офлоксацин/Метилурацил/Лидокаин

9:00-ден кейін қолжетімді
2950 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Химиотерапевтические препараты для местного применения другие
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Россия
  • Өндіруші: Синтез ОАО
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
100 г жақпамай құрамында белсенді заттар: офлоксацин 1 г, метилурацил 4 г, лидокаин гидрохлоридінің моногидраты 3.2 г (лидокаин гидрохлоридіне шаққанда - 3 г), қосымша заттар: нипагин 0,08 г, нипазол 0,05 г, пропиленгликоль 10,0 г, макрогол-1500, макрогол-400.
Қолданылуы
Жарақат үдерісінің (іріңді-некрозды) оның ішінде айқын ауыру синдромымен қатар жүретін бірінші фазадағы орналасуы мен этиологиясы әртүрлі инфекция жұқтырған жараларда (инфекция жұқтырған II-IV дәрежедегі күю, тесілу, трофикалық ойық жаралар, операциядан кейінгі және жарақаттанудан кейінгі жаралар мен жыланкөздер, тіліп ашылған абсцесс жаралары, флегмоналар, хирургиялық өңдеуден кейінгі абсцестенген фурункулдар, карбункулдар, гидрадениттер, іріңдеген атеромалар, липомалар және т.б.).
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші заттарға немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - жүктілік, лактация кезеңі - 18 жасқа дейінгі балалар.
Дозасы
Сыртқа, 1-2 апта бойы күніне 1 рет. Іріңді жараларды емдеу кезінде жақпамайды тәулігіне 1 рет, күйікті емдеу кезінде – күнделікті немесе іріңді бөлінудің мөлшеріне қарай аптасына 2-3 рет. Ең жоғары тәуліктік доза 100 г аспауы тиіс. Енгізу жолы және тәсілі Сыртқа. Жара мен күйікті стандартты өңдеуден кейін жақпамайды тікелей жара беткейіне жұқалап (мұнан соң стерильді дәке таңғышты салады) немесе зақымдану ошағына аппликация салу арқылы дәке таңғышқа жағады. Іріңді жаралардың қуыстарын оларды хирургиялық өңдегеннен кейін жақпамай сіңдірілген тампондармен қопсыта толтырады, ал жақпамайы бар дәке білтелерді жыланкөздер жолдарына кіргізеді. Емдеу ұзақтығы Емдеу ұзақтығы жараларды іріңді экссудаттан тазарту динамикасына және қабыну үдерісін басу мерзіміне байланысты.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.