+122 бонус

ОФЛОКСА 200 мг №10 таб

2455 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Офлоксацин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Казахстан
  • Өндіруші: Абди Ибрахим Глобал Фарм
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы Бір таблетканың құрамында белсенді зат – офлоксацин 200 мг, 400 мг, қосымша заттар: картоп крахмалы, лактоза моногидраты, микрокристалды целлюлоза, повидон К30, натрий крахмалы гликоляты, магний стеараты, кальций карбоксиметилцеллюлозасы қабықтың құрамы: полиэтиленгликоль 6000, титанның қостотығы (Е 171), гипромеллоза 2910.
Қолданылуы
Офлокса препараты офлоксацинге сезімтал қоздырғыштар туындатқан келесі бактериялық инфекцияларды емдеуге арналған: - жедел пиелонефрит және несеп шығару жолдарының асқынған инфекциялары - гонококктық емес уретрит және цервицит - сезімтал Neisseria gonorrhoeae туындатқан гонококктық уретрит және цервицит Төменде аталған инфекциялар үшін офлоксацинді әдетте осы инфекцияларды бастапқы емдеу үшін ұсынылатын бактерияға қарсы дәрілерді қолдану қолайсыз деп саналған кезде ғана пайдалану керек: - бронхитті қоса, өкпенің созылмалы обструкциялық ауруының жедел өршуі - ауруханадан тыс пневмония - асқынбаған цистит - уретрит Бактерияға қарсы дәрілерді дұрыс пайдалану жөніндегі ресми нұсқауларды ескеру қажет.
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші затқа және 4-хинолондық қатардың басқа да препараттарына немесе препараттың қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - фторхинолонды қолданумен байланысты тендиниті бар пациенттер - анамнездегі эпилепсия немесе құрысу шегінің төмендеуі -глюкоза-6-фосфатдегидрогеназаның жасырын немесе нақты тапшылығы
Дозасы
Дозалану режимі Офлоксацин дозасы инфекцияның түрі мен ауырлығына қарай анықталады. Ересектерге арналған дозалар диапазоны: күніне 200 - 800 мг. Препараттың 400 мг дейіні бір реттік доза ретінде берілуі мүмкін, дұрысы таңертең; жоғарырақ дозаларды екіге бөлінген доза түрінде енгізу керек. Әдетте жеке-дара дозаларды шамамен тең уақыт аралығымен береді. Ересектерде қолдану Көрсетілім Күнделікті доза, мг* Қабылдау ұзақтығы Несеп жолдарының асқынған инфекциялары Күніне 2 рет 200 мг (дозаны күніне 2 рет 400 мг дейін арттыруға болады) 7-21 күн Пиелонефрит 7-10 күн (14 күнге дейін) Простатит 2-4 апта* 4-8 апта* Эпидидимо-орхит 14 күн Құрсақ қуысы ағзаларының қабыну аурулары (кіші жамбас ағзаларын қоса) Күніне 2 рет 400 мг 14 күн Асқынбаған цистит Күніне 2 рет 200 мг немесе бір рет 400 мг 3 күн 1 күн Асқынған цистит Күніне 2 рет 200 мг 7-14 күн Гонококктік емес уретрит Күніне 2 рет 300 мг 7 күн - Созылмалы бронхиттің өршуі - Ауруханадан тыс пневмония Бір рет 400 мг (қажет болса күніне 2 рет 400 мг дейін) Тері және жұмсақ тіндердің күрделі инфекциялары Күніне 2 рет 400 мг * простатит кезінде емдеу ұзақтығын арттыру пациентті қайтадан мұқият тексеруден кейін қарастырылуы мүмкін. Енгізу әдісі және жолы Офлокса® таблеткаларын сұйықтықтың жеткілікті мөлшерімен тұтас жұту керек. Оларды ашқарынға немесе тамақ ішу кезінде қабылдауға болады. Антацидтармен қатарлас қолданудан аулақ болу керек. Антацидтер, құрамында Mg, Al, Fe және Zn бар препараттар, офлоксацин қабылдағанға дейін 2 сағат бұрын немесе кейін қабылдануға тиіс. Емдеу ұзақтығы Емдеу курсының ұзақтығы қоздырғыш сезімталдығымен және клиникалық көрінісімен анықталады; бір реттік доза ұсынылатын асқынбаған созды қоспағанда, Офлокса препаратымен емді 5-10 күн бойы жалғастыру керек. Офлоксацинмен емдеу ұзақтығы 2 айдан аспауға тиіс.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.