+22 бонус

ОФЛОКАЗ 2 мг/мл 100 мл р-р

440 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Офлоксацин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Казахстан
  • Өндіруші: Келун-Казфарм ТОО
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
100 мл ерітіндінің құрамында белсенді зат: 200.0 мг офлоксацин қосымша заттар: натрий хлориді, инъекцияға арналған су.
Қолданылуы
Офлоксацин ересектерге келесі бактериялық инфекцияларды емдеу үшін көрсетілген: - жедел пиелонефрит және несеп шығару жолдарының асқынған инфекциясында - бактериялық простатитте, эпидидимоорхитте - кіші жамбас мүшелерінің қабыну ауруларында, біріктірілген емде - уросепсисте. Офлоксацинге сезімтал грам-позитивті және грам-теріс микроорганизмдерден туындаған жедел және созылмалы тыныс жолдарының инфекцияларын емдеу. Терінің және жұмсақ тіндердің инфекциясы. Бактерияға қарсы дәрілерді тиісінше қолдану бойынша ресми ұсыныстарды ескеру керек.
Қарсы көрсетілімдер
- офлоксацинге және препараттың басқа компоненттеріне немесе фторхинолондар тобының басқа препараттарына аса жоғары сезімталдық - эпилепсия (соның ішінде анамнезінде) - құрысу шегі төмендейтін, орталық жүйке жүйесінің зақымдануы (бассүйек-ми жарақатынан, инсульттен, мидың және ми қабықшаларының қабыну үдерісінен кейін) - тендинит (соның ішінде анамнезде) - жүктілік (шаранада өсудің шеміршекті нүктелерінің зақымдану қаупін толық жоққа шығаруға болмайды) - лактация кезеңі (нәрестеде өсудің шеміршекті нүктелерінің зақымдану қаупін толық жоққа шығаруға болмайды) - 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге - бұрын фторхинолондармен жүргізілген емде сіңірлердің зақымдануы - глюкоза-6-фосфатдегидрогеназаның латентті немесе нақты тапшылығы - ауыр емес және бактерияларға қарсы емсіз қайтуы мүмкін инфекцияларды (мысалы, ауыз-жұтқыншақ инфекциялары) емдеу; - бактериялық емес инфекцияларды, мысалы, бактериялық емес (созылмалы) простатитті емдеу; - саяхатшылар диареясын немесе төменгі несеп жолдарының қайталану инфекцияларына жол бермеу (қуықтан тыс жерлерге тарамайтын инфекциялар); - егер бактерияларға қарсы әдеттегі ұсынылатын дәрілер пайдалануға келмесе, бактериялық орташа инфекцияларды емдеу.
Дозасы
Дозалау бойынша жалпы ұсыныстар: офлоксацин дозасы инфекцияның түріне және ауырлық дәрежесіне байланысты анықталады. Офлоксациннің тәуліктік дозасы бір реттік доза ретінде 400 мг дейін болуы мүмкін. Бұл жағдайда офлоксацинді таңертең енгізген дұрыс. Егер тәуліктік доза 400 мг астам болса, доза екі жеке дозаға бөлінуі және шамамен тең аралықпен тағайындалуы тиіс. Ересектер: ересектерге арналған венаішілік дозалар: Созылмалы бронхиттің жедел өршуі, ауруханадан тыс пневмония: күніне екі рет 200 мг. Терінің және жұмсақ тіндердің асқынған инфекциясы: күніне екі рет 400 мг. Ауыр немесе асқынған инфекцияларда дозаны күніне екі рет 400 мг дейін арттыруға болады.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.