+77 бонус

ОФЛО р-р д/инфузий 2 мг/мл 100 мл

1550 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Офлоксацин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Индия
  • Өндіруші: Unique Pharmaceutical Laboratories
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы 1 мл препараттың құрамында белсенді зат – офлоксацин 2 мг, қосымша заттар: натрий хлориді, динатрий эдетаты, инъекцияға арналған су.
Қолданылуы
Офлоксацинге сезімтал микроорганизмдерден туындаған инфекциялық-қабыну ауруларын емдеу: пиелонефрит; простатит, эпидидимит, орхит; кіші жамбас ағзаларының инфекциялары; сепсис (себебі жоғарыда аталған несеп-жыныс жүйесінің инфекциялары болып табылатын); цистит, несеп шығару жолдарының инфекциялары (басқа микробқа қарсы препараттарға балама ретінде). Басқа микробқа қарсы препараттарға балама ретінде офлоксацин келесі инфекциялық -қабыну ауруларын емдеу үшін қолданылуы мүмкін: Офлоксацинге сезімтал грамоң және грамтеріс микроорганизмдерден туындаған тыныс алу жолдарының жедел және созылмалы инфекцияларын емдеу. тері және жұмсақ тіндердің инфекциялары; Бактерияға қарсы дәрілерді тиісті қолдану жөніндегі ресми ұсыныстарды ескеру қажет.
Қарсы көрсетілімдер
Әсер етуші затқа, басқа хинолондарға немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық. Фторхинолондармен емге байланысты анамнезінде тендинит бар пациенттерде офлоксацинді қолданбаған жөн. Басқа 4-хинолондар сияқты, офлоксацинді анамнезінде эпилепсиясы бар немесе құрысуға дайындық шегі төмендеген пациенттерге қолдануға болмайды. Хинолон қатарындағы микробқа қарсы дәрілермен емдеу аясында глюкоза-6- фосфатдегидрогеназа белсенділігінің жасырын немесе манифестелген тапшылығы бар пациенттер гемолиздік реакцияларға бейім болуы мүмкін. 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер. Жүкті және бала емізетін әйелдерге, өйткені жануарларға жүргізілген тәжірибелердің нәтижелері өсіп келе жатқан организмдегі буын шеміршектерінің зақымдану қаупін толығымен жоққа шығармайды.
Дозасы
Препараттың дозасы инфекцияның ауырлығына және түріне байланысты. Доза келесі ұсыныстарды ескере отырып, жеке таңдалады: Тыныс алу жолының инфекциялары: күніне екі рет 200 мг. Тері және жұмсақ тіндердің инфекциялары: күніне екі рет 400 мг. Көрсетілімдер Тәуліктік дозасы (ауырлығына байланысты) Емдеу ұзақтығы (ауырлығына байланысты) Несеп шығару жолының асқынған инфекциялары Күніне екі рет 200 мг (күніне екі рет 400 мг дейін арттыруға болады) 7-21 күн Пиелонефрит Күніне екі рет 200 мг (күніне екі рет 400 мг дейін арттыруға болады) 7-10 күн (14 күнге дейін ұзартуға болады) Жедел простатит Күніне екі рет 200 мг (күніне екі рет 400 мг дейін арттыруға болады) 2- 4 апта * Созылмалыпростатит 4-8 апта * Эпидидимоорхит Күніне екі рет 200 мг (күніне екі рет 400 мг дейін арттыруға болады) 14 күн Кіші жамбас ағзаларының қабыну аурулары Күніне екі рет 400 мг 14 күн * простатит кезінде пациентті мұқият қайта тексергеннен кейін едәуір ұзақ емдеу курсын қарастыруға болады. Офлоксацин ерітіндісі тек венаішілік БАЯУ инфузия арқылы енгізуге арналған; оны тәулігіне 1 немесе 2 рет енгізеді. Инфузияның ұзақтығы 200 мг венаішілік енгізу үшін Офло® әрбір дозасы үшін кемінде 30 минут болуы тиіс. Бұл әсіресе офлоксацинді артериялық қысымның төмендеуіне әкелетін препараттармен немесе құрамында барбитураттары бар анестетиктермен бір мезгілде қолданғанда өте маңызды. Әдетте, жеке дозаларды шамамен бірдей уақыт аралығында енгізу керек. Ауыр немесе асқынған инфекциялар кезінде дозаны тәулігіне 2 рет 400 мг-ге дейін арттыруға болады. Бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттерде дозалау Бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде препараттың дозасын төменде көрсетілген сызба бойынша таңдау ұсынылады. Бастапқы доза бүйрек функциясы қалыпты пациенттердегідей, ал демеуші дозаны былайша төмендету қажет: Креатинин клиренсі Бір реттік дозасы мг* Қабылдау саны / 24 сағат Аралықтары 50 - 20 мл/мин 100-200 1 24 <20 мл/мин** немесе гемодиализ немесе перитонеальді диализ 100 немесе 200 1 1 24 48 * Көрсетілімдерге немесе дозалау аралығына сәйкес. ** Қан сарысуындағы офлоксацин концентрациясын бүйректің ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде және диализдегі пациенттерде бақылау керек. Бүйрек функциясының ауыр бұзылулары бар пациенттерде және гемодиализдегі пациенттерде офлоксациннің сарысулық концентрациясын мониторингтеу керек. Креатинин клиренсін (КК) өлшеу мүмкін болмаған кезде, оны ересектерге арналған Кокрофт формуласы бойынша креатининнің сарысулық деңгейі негізінде есептелуі мүмкін: Дене салмағы (кг) × (140 – жылмен берілген жас) Ерлер: КК (мл/мин) = --------------------------------------------------------------

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.