+98 бонус

НУРОФЕН ЭКСПРЕСС 200 мг №20 капс

1960 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Ибупрофен
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: НИДЕРЛАНДЫ
  • Өндіруші: Рекитт Бенкизер Хелскэр Интернешнл Лтд
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір капсуланың құрамында белсенді зат - 200 мг ибупрофен қосымша заттар: макрогол 600, калий гидроксиді, тазартылған су капсула қабығы: желатин, 76 % сорбитол ерітіндісі, қан қызыл бояғыш [Понсо 4R] (Е 124), тазартылған су, опакод WB NS-78-18011 (тазартылған су, титанның қостотығы (Е 171), пропиленгликоль, изопропанол, НРМС 2910 / гипромеллоза 3сР).
Қолданылуы
Келесі жай күйлерді симптоматикалық емдеу үшін: - бас ауыруында - бас сақинасында - тіс ауыруында - ауырып өтетін етеккірде - невралгияда - арқаның ауыруында - бұлшықет және ревматизмдік ауыруда - суық тию аурулары және тұмау кезіндегі қызба жағдайында
Қарсы көрсетілімдер
- ибупрофенге немесе препараттың құрамына кіретін компоненттердің кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - анамнезінде ацетилсалицил қышқылын (салицилаттарды) немесе басқа да ҚҚСП қолданумен байланысты аса жоғары сезімталдық реакцияларының болуы (бронх демікпесі, бронх түйілуі, ринит, риносинусит, Квинке ісінуі, есекжем) - АІЖ мүшелерінің эрозиялық-ойық жара аурулары (оның ішінде асқазан мен он екі елі ішектің ойық жара ауруы) немесе белсенді фазада немесе анамнезде ойық жарадан қан кету (ойық жара ауруының немесе ойық жарадан қан кетудің екі немесе одан да көп расталған эпизодтары) - ҚҚСП қолданудан туындаған анамнезде АІЖ қан кету немесе тесілуі - бауырдың ауыр жеткіліксіздігі - ауыр бүйрек жеткіліксіздігі (креатинин клиренсі <30 мл/мин) - ауыр жүрек жеткіліксіздігі (Нью-Йорк кардиологтар ассоциациясының жіктемесі, IV класс) - цереброваскулярлы немесе басқа белсенді қан кету бар пациенттерге. - айқын сусыздану (құсу, диарея немесе сұйықтықты жеткіліксіз тұтыну салдарынан) - этиологиясы түсініксіз қан түзілуінің бұзылулары бар пациенттерге - жүктілік (III триместр) - дене салмағы 20 кг-ден аз балалар
Дозасы
Препарат тек қысқа мерзімді қолдануға арналған және ересектер мен салмағы кемінде 20 кг балаларда қолдануға арналған. Ересектер және 12 жастан асқан балалар (дене салмағы ≥ 40 кг): Бастапқы доза 1–2 капсуланы құрайды (200–400 мг ибупрофен). Қажет болған жағдайда препаратты 1–2 капсула (200–400 мг ибупрофен) дозасында қайта қабылдауы мүмкін. Дозалау аралығы симптомдардың айқын көрінуіне және ең жоғары ұсынылатын тәуліктік дозаға байланысты. Қабылдаулар арасындағы аралық 400 мг дозада 6 сағаттан кем және 200 мг дозада 4 сағаттан кем болмауы тиіс. Ең жоғары тәуліктік доза 1200 мг ибупрофеннен аспауы тиіс. Дене салмағы Бір реттік доза капсуламен Ең жоғарғы тәулікті доза капсулада ≥ 40 кг 12 жастан асқан балалар, ересектер және егде жастағы пациенттер 1 немесе 2 капсула (200 немесе 400 мг ибупрофен) 6 капсула (1200 мг ибупрофен) 6-дан 12 жасқа дейінгі балалар (дене салмағы  20 кг-ден  39 кг-ге дейін): Нурофен® Экспресс дене салмағы кемінде 20 кг балаларға қолдануға арналған. Ибупрофеннің ең жоғары тәуліктік дозасы 6–8 сағат аралығымен 3 немесе 4 рет дозаға бөлінген дене салмағына кг 20–30 мг құрайды. Дене салмағына 30 мг/кг құрайтын ибупрофеннің ең жоғары тәуліктік дозасынан асыруға болмайды. Балалардағы Нурофен® Экспресс келесі нұсқауларға сәйкес тағайындалуы керек: Дене салмағы Бір реттік доза капсуламен Ең жоғарғы тәулікті доза капсулада Дене салмағы 20 кг-ден 29 кг-ге дейінгі балалар (6-9 жас) 1 капсула (200 мг ибупрофен) 3 капсула (600 мг ибупрофен) Дене салмағы 30 кг-ден 39 кг-ге дейінгі балалар (10-12 жас) 1 капсула (200 мг ибупрофен) 4 капсула (800 мг ибупрофен) Пациенттердің ерекше топтары Балалар Балаларда қолдану туралы қосымша ақпаратты жоғарыдағы кестелерден қараңыз. Егде жастағы пациенттер Дозаны қандай да бір арнайы түзету қажет емес. Жағымсыз әсерлердің ықтимал дамуына байланысты егде жастағы пациенттерді мұқият бақылау ұсынылады. Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер Бүйректің жеңіл немесе орташа жеткіліксіздігі бар пациенттерде дозаны төмендету талап етілмейді (бүйректің ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер үшін препаратты қолдануға болмайды). Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер Бауырдың жеңіл немесе орташа жеткіліксіздігі бар пациенттерде дозаны төмендету талап етілмейді (бауырдың ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер үшін препаратты қолдануға болмайды). Енгізу әдісі мен жолы Ішке қабылдау үшін. Капсулаларды тұтастай, шайнамай қабылдау керек.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.