+43 бонус

НУРОФЕН 100 мг/5 мл сусп. д/приема вн. 100 мл Апельсин

9:00-ден кейін қолжетімді
860 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Ибупрофен
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Великобритания
  • Өндіруші: Рекитт Бенкизер Хелскэр Интернешнл Лтд
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
5 мл суспензияның құрамында: белсенді зат – 100 мг ибупрофен, қосымша заттар: полисорбат 80, глицерин, мальтитол шәрбаты, натрий сахаринаты (сахарин), лимон қышқылы моногидраты, натрий цитраты, ксантан шайыры, натрий хлориді, домифен бромиді, апельсин хош иістендіргіші 2М16014, тазартылған су.
Қолданылуы
3 айлықтан 12 жасқа дейінгі балаларға ауырғанды басатын және ыстықты түсіретін симптоматикалық дәрі ретінде (ауырлығы әлсіз және орташа дәрежедегі ауыру синдромында) мынадай жай-күйлерде: - жедел респираторлық ауруларда (суық тию, тұмау) - егуден кейінгі реакцияларды қоса, дене температурасы жоғарылауымен қатар жүретін инфекциялық-қабыну ауруларында - бас және тіс ауыруында - тамақ ауыруында және тіс жарып шыққанда - созылу кезіндегі ауыруларда және басқа да ауыру түрлерінде
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші затына немесе препараттың кез келген компонентіне жоғары сезімталдық - анамнезде ацетилсалицил қышқылын немесе басқа да қабынуға қарсы стероидты емес препараттарды (ҚҚСП ) қабылдауға жауап ретіндегі аса жоғары сезімталдық реакцияларының болуы (бронх демікпесі, ринит, Квинке ісінуі, есекжем) - белсенді фазадағы немесе анамнездегі қайталанатын пептидтік ойық жара/қан кету (расталған ойық жара ауруының немесе қан кетудің екі немесе одан көп айқын көріністері) - анамнезінде ҚҚСП емдеумен байланысты асқазан-ішектен қан кетулер немесе тесілулер болғанда - жүректің ауыр жеткіліксіздігі, бүйрек және бауыр функциясының ауыр бұзылулары - жүктіліктің III триместрі - тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы - 3 айға дейінгі балаларға - дене салмағы 5 кг аз болса
Дозасы
Балаларға арналған Нурофен® препаратының тәуліктік дозасы әр 6-8 сағат сайын бөлінген дозалармен дене салмағына 20-30 мг/кг құрайды (қабылдау аралығындағы ең аз уақыт – 4 сағат). Дозалау үшін өлшегіш шприцті пайдаланыңыз. Баланың жасы (дене салмағы) Қолдану саны мен тәсілі 3 - 6 айлық (5 - 7,6 кг) 2,5 мл-ден тәулігіне 3 рет 6 - 12 айлық (7,7 – 9 кг) 2,5 мл-ден тәулігіне 3-4 рет 1 - 3 жас (10 – 16 кг) 5,0 мл-ден тәулігіне 3 рет 4 - 6 жас (17 – 20 кг) 7,5 мл-ден тәулігіне 3 рет 7 - 9 жас (21 – 30 кг) 10 мл-ден тәулігіне 3 рет 10 - 12 жас (31 - 40 кг) 15 мл-ден тәулігіне 3 рет Келесі жастағы балаларда медициналық көмекке жүгіну керек: 3-6 айлық – баланың жағдайы нашарлағанда (және 24 сағаттан кешіктірмей), егер симптомдар жалғасатын болса; 6 айдан асқан - баланың жағдайы нашарлағанда (және 3 тәуліктен кешіктірмей), егер симптомдар жалғасатын болса. Енгізу әдісі мен жолы Ішке қабылдауға арналған. Асқазанның жоғары сезімталдығы бар пациенттерге препаратты тамақтану кезінде қабылдау ұсынылады. Өлшегіш шприцті пайдалану: Шприцті құтының аузына тығыз кигізіңіз. Суспензияны жақсылап шайқаңыз. Құтыны төңкеріңіз де, суспензияны шприцтің қажетті белгісіне дейін толтырғанша поршеньді төмен қарай баяу тартыңыз. Құтыны бастапқы қалпына қойыңыз, ұқыпты түрде бұрай отырып, шприцті суырып алыңыз. Шприцті баланың ауыз қуысына кіргізіп, суспензияны ақырын шығара отырып, поршеньді баяу басыңыз. Пайдаланып болған соң шприцті жылы сумен жуыңыз және баланың қолы жетпейтін орында кептіріңіз. Қолдану жиілігі Тек қысқа мерзімді қолдануға арналған. Егер препаратты ұзаққа созылмайтын уақыт аралығында, симптомдарды жоюға қажетті ең аз тиімді дозасында қабылдаса, жағымсыз әсерлердің пайда болу қаупін барынша азайтуға болады. Емдеу ұзақтығы Ыстықты түсіретін дәрі ретінде 3 күннен асырмайды. Пациенттердің ерекше топтары Егуден кейнгі реакциялар (иммунизациядан кейінгі қызба): 1 жасқа дейінгі балаларға 2,5 мл (бір шприц). 1 жастан асқан балалар, егер қажет болса, 6 сағаттан кейін тағы 2,5 мл (бір шприц). 24 сағат ішінде 5 мл-ден көп қолданбаңыз! 3 айға дейінгі және дене салмағы 5 кг кем балаларға қолдануға болмайды.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.