+129 бонус

НУПЕНТА 40 мг №28 таб

9:00-ден кейін қолжетімді
2590 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Пантопразол
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Индия
  • Өндіруші: Macleods Pharmaceuticals Ltd
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында: белсенді зат – натрий пантопразолы 42.292 мг (40 мг пантопразолға баламалы) қосымша заттар: маннитол, кросповидон, сусыз натрий карбонаты, кальций стеараты қабықтың жабынына арналған құрамы: гипромеллоза, повидон, пропиленгликоль, титанның қостотығы (Е171), темірдің (III) сары тотығы (Е172) ішекте еритін қабықтың құрамы: метилакрил қышқылы диспергирленген кополимері ( Эудрагит L 30 D 55), триэтилцитраты
Қолданылуы
- гастроэзофагеальді рефлюкстік аурумен (ГЭРА) байланысты эрозиялық эзофагитті (ЭЭ) ересектер мен 12 жастан асқан балаларды емдеу - H. Pylori инфекциясымен байланысты жаралары бар ересек пациенттерде тиісті антибиотикалық терапиямен біріктірілген Helicobacter pylori (H. pylori) эрадикациясы - ересектерде асқазан мен он екі елі ішектің ойық жарасын емдеу - Золлингер-Эллисон синдромын қоса, патологиялық гиперсекреторлық жағдайлар ұзақ мерзімді ересектерде емдеу
Қарсы көрсетілімдер
- пантопразолға, басқа ауыстырылған бензимидазолдарға немесе препараттың басқа компоненттеріне аса жоғары сезімталдық - пантопразолды атазанавирмен немесе нелфинавирмен бірге қолдану
Дозасы
Ересектер және 12 жастан асқан балалар Рефлюкс-эзофагит Күніне бір рет 1 таблеткадан (40 мг) ұсынылады, қажет болған жағдайда дозаны күніне 2 таблеткаға дейін арттыруға болады. Ересектер Тиісті антибиотикалық терапиямен біріктірілген H. pylori эрадикациясы Емдеу бактериялардың төзімділігін, сондай-ақ бактерияға қарсы препараттарды дұрыс қолдану мен тағайындауды ескере отырып жүргізілуі керек. H. рylori эрадикациясы үшін резистенттілік сипатына байланысты мынадай препараттардың комбинациясын пайдалану ұсынылады: 1) 1 таблеткадан Нупента (40 мг) күніне екі рет + 1000 мг амоксициллин күніне екі рет + 500 мг кларитромицин күніне екі рет; 2) 1 таблеткадан Нупента (40 мг) күніне екі рет + 400-500 мг метронидазол күніне екі рет (немесе 500 мг тинидазол) + 250-500 мг кларитромицин күніне екі рет; 3) 1 таблеткадан Нупента (40 мг) күніне екі рет + 1000 мг амоксициллин күніне екі рет + 400-500 мг метронидазол күніне екі рет (немесе 500 мг тинидазол). Асқазан мен он екі елі ішектің ойық жарасын емдеу. Ұсынылатын доза - күніне бір рет 1 таблеткадан (40 мг). Кейбір жағдайларда доза күніне 2 таблеткаға дейін екі есе артуы мүмкін, әсіресе басқа емдеуге жауап болмаған кезде. Золлингер-Эллисон синдромын қоса алғанда, патологиялық гиперсекреторлық жағдайларды ұзақ емдеу Ұсынылатын доза - күніне бір рет 2 таблеткадан (80 мг). Содан кейін, қажет болған жағдайда, дозаны асқазан сөлінің қышқылдық көрсеткіштеріне байланысты арттыруға немесе азайтуға болады. Күніне 80 мг-нан жоғары дозаларды бөлу және күніне екі рет қолдану керек. Пантопразол дозасы 160 мг-нан артық уақытша жоғарылатылуы мүмкін, бірақ ол қышқылдықты бақылауға қол жеткізу үшін талап етілгеннен ұзаққа созылмауы тиіс. Пациенттердің ерекше топтары Балалар Нупента 12 жасқа толмаған балаларда қолдануға болмайды, өйткені осы жас тобында препаратты қолданудың қауіпсіздігі мен тиімділігі туралы деректер аз. Егде жастағы пациенттер Егде жастағы емделушілерге дозаны түзету қажет емес. Бауыр жеткіліксіздігі Бауыр функциясының ауыр бұзылулары бар пациенттерге препараттың тәуліктік дозасы күніне 20 мг аспауы тиіс. Бауырдың орташа немесе ауыр аурулары бар пациенттерге Helicobacter pylori эрадикациясы үшін пантопразолды қабылдауға болмайды. Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер Бүйрек функциясы бұзылған пациенттер дозаны түзету талап етілмейді. Бүйрек функциясы бұзылған пациенттерге Helicobacter pylori эрадикациясы үшін пантопразолды қабылдауға болмайды. Енгізу әдісі мен жолы Ішке қабылдау үшін. Нупента таблеткалары шайнауға немесе езуге арналмаған, оларды сумен іше отырып, тамақ ішуден 1 сағат бұрын тұтас жұту керек. H. pylori эрадикациясы үшін біріктірілген ем жағдайында пантопразолдың бірінші таблеткасы таңғы астан 1 сағат бұрын, пантопразолдың екінші таблеткасы кешкі астан 1 сағат бұрын тұтынылуы тиіс. Емдеу ұзақтығы Гастроэзофагеальды рефлюкстік ауруымен (ГЭРА) байланысты эрозиялық эзофагитті (ЭЭ) ұсынылатын емдеу курсы 4 апта, қажет болған жағдайда емдеуді 4 аптаға дейін ұзартуға болады. Біріктірілген Helicobacter pylori эрадикациясынын терапия жағдайында 7 күн бойы жүргізіледі және жалпы ұзақтығы 2 аптаға дейін тағы 7 күн бойы жалғасуы мүмкін. Егер жараларды емдеуге кепілдік беру үшін пантопразолмен емдеуді жалғастыру көрсетілсе, асқазан мен он екі елі ішектің жарасына ұсынылған тиісті дозаларды қолдану керек. Ересектердегі асқазан жарасын емдеу үшін әдетте 4 апта қажет, егер бұл уақыт жеткіліксіз болса, сауығуға тағы 4 апта ішінде қол жеткізуге болады. Ересектерде он екі елі Ішекті емдеу үшін әдетте 2 апта қажет, егер бұл уақыт жеткіліксіз болса, сауығуға тағы 2 апта ішінде қол жеткізуге болады. Золлингер-Эллисон синдромы кезінде және басқа патологиялық гиперсекреторлық жағдайлар кезінде емдеу ұзақтығы шектелмейді және емдеу мерзімдері клиникалық қажеттілікке байланысты реттеледі.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.