+87 бонус

Нупента 40 мг №1 фл Пантопразол

9:00-ден кейін қолжетімді
1745 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Пантопразол
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Индия
  • Өндіруші: Иммакул лайфсайнсез Приват Лимитед
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір құтының ішінде белсенді зат - 45.11 мг натрий пантопразолы сесквигидраты (40 мг пантопразолға баламалы), қосымша зат: натрий гидроксиді.
Қолданылуы
Ересектерде қолдануға арналған: гастроэзофагеальды рефлюкс ауруы (ГЭРА) асқазан мен он екі елі ішектің ойық жара ауруында Золлингер-Эллисон синдромы және жоғары секрециямен қатар жүретін басқа да патологиялық жағдайлар
Қарсы көрсетілімдер
белсенді затқа, бензимидазолмен орын алмасқандарға немесе препараттың қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық пантопразолды атазанавирмен бірге қолдану 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер жүктілік және емшек емізу кезеңі
Дозасы
Асқазан мен он екі елі ішектің ойық жарасы, гастроэзофагеальды рефлюкс ауруы (ГЭРА) Ұсынылатын венаішілік доза күніне Нупента препаратының 1 құтысын (40 мг пантопразол) құрайды. Золлингер-Эллисон синдромы және жоғары секрециямен қатар жүретін басқа да патологиялық жағдайлар Золлингер-Эллисон синдромын және жоғары секрециямен қатар жүретін басқа да патологиялық жағдайларды ұзақ емдеу үшін емді Нупента препаратының 80 мг тәуліктік дозасынан бастау керек. Содан кейін, қажет болған жағдайда, дозаны асқазан сөлінің қышқылдық көрсеткіштеріне байланысты арттыруға немесе азайтуға болады. Препаратты 80 мг-нан астам тәуліктік дозада қолданған жағдайда, дозаны бөлу және күніне екі рет қабылдау керек. Нупента препаратының 160 мг-нан артық тәуліктік дозасы уақытша ұлғайтылуы мүмкін, бірақ қышқылдықты бақылау үшін қажетті мөлшерден артық қолдануға болмайды. Егер қышқылдықты жылдам бақылау қажет болған жағдайда, Нупента препаратының 2×80 мг бастапқы дозасы көптеген пациенттерде бір сағат ішінде қышқылдықты қалыпқа түсіру (<10 мЭкв/сағ) үшін жеткілікті болып табылады. Пациенттердің ерекше топтары Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер Бауырдың ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде пантопразолдың тәуліктік дозасы күніне 20 мг-нан аспауы тиіс (40 мг дозасы бар пантопразол құтысының жартысы) ("Қолдану кезіндегі қажетті сақтық шаралары" бөлімін қараңыз). Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер Бүйрек функциясы бұзылған пациенттерге дозаны түзету талап етілмейді. Егде жастағы пациенттер Егде жастағы пациенттерге дозаны түзету қажет емес. Балалар Инъекция үшін ерітінді дайындауға арналған ұнтақ түріндегі 40 мг дозада Нупента препаратын қолданудың қауіпсіздігі мен тиімділігі 18 жасқа толмаған балаларда анықталмаған. Сондықтан инъекция үшін ерітінді дайындауға арналған ұнтақ түріндегі 40 мг дозада Нупента препаратын 18 жасқа толмаған пациенттерге пайдалануға болмайды. Енгізу әдісі мен жолы Препаратты 2-15 минут ішінде вена ішіне енгізу керек. Инъекцияға арналған ерітіндіні дайындау үшін ұнтағы бар құтыға оны еріту мақсатында 10 мл 0,9% (9 мг/мл) инъекцияға арналған натрий хлоридінің ерітіндісін қосады. Сұйылтылғаннан кейін дайын ерітінді мөлдір және сарғыш болуы тиіс. Бұл ерітіндіні тікелей немесе 100 мл 0,9% (9 мг/мл) инъекцияға арналған натрий хлоридінің ерітіндісімен немесе 5% (55 мг/мл) инъекцияға арналған глюкоза ерітіндісімен араластырғаннан кейін енгізуге болады. Сұйылтылған препаратты ерітінді дайындалғаннан кейін бірден қолдану керек. Құтының ішіндегісі тек бір рет пайдалануға арналған. Нупента препаратын жоғарыда көрсетілмеген қандай да бір еріткіштермен дайындауға немесе араластыруға болмайды. Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі Ұсынылатын венаішілік доза күніне бір рет қолданылады. Препаратты 80 мг-нан астам тәуліктік дозада қолданған жағдайда, дозаны бөлу және күніне екі рет қабылдау керек. Емдеу ұзақтығы Вена  ішіне енгізу препаратты таблетка түрінде ішке қабылдау мүмкін болмаған жағдайда ғана ұсынылады. 7 күн бойы венаішілік қолдану бойынша деректер бар. Сондықтан пероральді қолдану мүмкін болған жағдайда Нупента препаратымен венаішілік емді тоқтату қажет және венаішілік дәрілік түрдің орнына пантопразолдың 40 мг пероральді дозасын тағайындау керек.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.