+63 бонус

НУЛОК 20 мг №10 капс Эзомепрозал

9:00-ден кейін қолжетімді
1270 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Эзомепразол
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Индия
  • Өндіруші: Алкем Лабораториз Лтд
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір капсуланың құрамында белсенді зат - 22,250 мг немесе 44,500 мг эзомепразол магний тригидраты, 20 мг немесе 40 мг эзомепразолға баламалы, қосымша заттар: фарм-а-сфералар (250-355 мкм) (қант сфералары), гипромеллоза (Methocel E5 Premium LV), полаксамер 188 (коллиффор), меглумин, тальк, магний стеараты, гипромеллоза (Methocel E15 Premium LV гидроксипропилметилцеллюлоза), сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы. ішекте еритін қабығы: метакрил қышқылы сополимерінің суспензиясы (Eudragit L30) (құрғақ затқа баламалы), триэтилцитрат, моно және диглицеридтер (Kolliwax GMS II), тальк. желатин капсулалар: корпусы – титанның қостотығы (Е 171), бриллиантты көк (FD&C BLUE I) (Е 133), керемет қызыл (FD&C RED40) (Е 129), желатин, тазартылған су, натрий лаурилсульфаты қақпақшасы: титанның қостотығы (Е 171), бриллиантты көк (FD&C BLUE I) (Е 133), керемет қызыл (FD&C RED40) (Е 129), желатин, тазартылған су, натрий лаурилсульфаты, жазуға арналған ақ сия**.
Қолданылуы
Ересектер Гастро-эзофагеальді рефлюкс ауруы (ГЭРА) - эрозиялық рефлюкс-эзофагитті емдеу - эрозиялық рефлюкс-эзофагит жазылғаннан кейінгі қайталануын болдырмау үшін ұзақ демеуші ем - гастро-эзофагеальді рефлюкс ауруын симптоматикалық емдеу Helicobacter pylori эрадикациясы үшін біріктірілген ем - Helicobacter pylori астасқан асқазан мен он екі елі ішектің ойық жарасында біріктірілген бактерияға қарсы ем құрамында - Helicobacter pylori астасқан он екі елі ішектің ойық жарасын емдеу - Helicobacter pylori астасқан асқазан мен он екі елі ішектің ойық жарасының қайталануының профилактикасы Қабынуға қарсы стероидты емес дәрілерді (ҚҚСД) қабылдау - ҚҚСД қабылдаумен байланысты асқазан ойық жарасының жазылуы - қауіп тобына жататын пациенттерде қабынуға қарсы стероидты емес дәрілерді қабылдаумен байланысты асқазан мен он екі елі ішек ойық жарасының профилактикасы Эзомепразолды қолдану үшін басқа жағдайлар - қан кетудің қайталануының профилактикасы мақсатында препараттарды в/і қолданғаннан кейін асқазан мен он екі елі ішек ойық жарасының қан кетуін бастан өткерген пациенттерде ұзақ емдеу - Золлингер-Эллисон синдромы
Қарсы көрсетілімдер
- эзомепразолға, орын басатын бензимидазолдарға немесе препарат құрамына кіретін басқа ингредиенттерге аса жоғары сезімталдық - фруктозаның тұқым қуалайтын жақпаушылығы - глюкоза-галактоза мальабсорбциясы немесе сахароза-изомальтаза жеткіліксіздігі - нелфинавирмен бір мезгілде қабылдау - 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер Сақтықпен - бүйректің ауыр жеткіліксіздігі
Дозасы
Ересектер Гастро-эзофагеальді рефлюкс ауруы - эрозиялық рефлюкс-эзофагитті емдеу: 4 апта бойы тәулігіне бір рет 40 мг-ден. Алғашқы курстан кейін эзофагиттің жазылуы болмайтын немесе симптомдар сақталатын жағдайларда қосымша 4 апталық емдеу курсы ұсынылады. - эрозиялық рефлюкс-эзофагит жазылғаннан кейін оның қайталануының алдын алу үшін ұзаққа созылатын демеуші ем: тәулігіне бір рет 20 мг-ден. - гастроэзофагеальді рефлюкс ауруын симптоматикалық емдеу: эзофагитсіз пациенттерге – тәулігіне бір рет 20 мг. Егер 4 апта емдегеннен кейін симптомдары басылмаса, пациентке қосымша тексеру жүргізген жөн. Ауру симптомдары басылғаннан кейін препаратты «қажет болған кезде» қабылдау режиміне көшуге, яғни симптомдар жаңғырған кезде тәулігіне бір рет 20 мг Нулок препаратын қабылдауға болады. ҚҚСП қабылдап жүрген пациенттер және асқазан мен он екі елі ішектің ойық жарасы дамуының қауіп тобына жататындар үшін «қажет болған кезде» режимінде емдеуді ұзарту ұсынылмайды. Helicobacter pylori эрадикациясы үшін біріктірілген ем Helicobacter pylori астасқан асқазан мен он екі елі ішектің ойық жарасында біріктірілген бактерияға қарсы ем құрамында, Helicobacter pylori астасқан он екі елі ішектің ойық жарасын емдеу, Helicobacter pylori астасқан асқазан мен он екі елі ішектің ойық жарасының қайталануының профилактикасы: Нулок препараты 20 мг, амоксициллин 1 г және кларитромицин 500 мг біріктірілімі. Барлық препараттар 7 күн бойы тәулігіне екі рет қабылданады. Қабынуға қарсы стероидты емес дәрілерді (ҚҚСД) қабылдау - ҚҚСД қабылдаумен байланысты асқазан ойық жарасының жазылуы: орташа доза әдетте тәулігіне бір рет 20 мг құрайды. Емдеу ұзақтығы 4-8 апта. - қауіп тобына жататын пациенттерде қабынуға қарсы стероидты емес дәрілерді қабылдаумен байланысты асқазан мен он екі елі ішек ойық жарасының профилактикасы: тәулігіне бір рет 20 мг. Эзомепразолды қолдану үшін басқа жағдайлар - препараттарды в/і қолданғаннан кейін асқазан мен он екі елі ішек ойық жарасының қан кетуін бастан өткерген пациенттерде ұзақ емдеу: асқазан мен он екі елі ішек ойық жарасының қайталануының профилактикасы үшін в/і ем аяқталғаннан кейін 4 апта бойы тәулігіне бір рет 40 мг. - Золлингер-Эллисон синдромы: препараттың ұсынылған бастапқы дозасы тәулігіне екі рет 40 мг. Әрі қарай дозаны жекелей таңдау және емді көрсетілім бойынша жалғастыру керек. Қолда бар деректер бойынша көптеген пациенттер препаратты тәулігіне 80-нен 160 мг эзомепразолға дейінгі дозада қолдана алады. Тәулігіне 80 мг астам дозаларды бөліп, тәулігіне 2 рет қабылдау керек. Пациенттердің ерекше топтары Бүйрек функциясының бұзылуы Бүйрек функциясы бұзылған пациенттерге дозаны түзету керек емес. Нулок препаратын бүйрек жеткіліксіздігі ауыр пациенттерде қолдану тәжірибесі шектеулі болғандықтан бүйрек жеткіліксіздігінің дәрежесі ауыр пациенттерді емдегенде сақ болу керек. Бауыр функциясының бұзылуы Бауырдың жеңіл және орташа жеткіліксіздігінде эзомепразол дозасын түзету керек емес. Бауыр жеткіліксізді ауыр пациенттерде препараттың ең жоғарғы тәуліктік 20 мг дозасын арттыруға болмайды. Егде жастағы пациенттер Препарат дозасын түзету керек емес. Енгізу әдісі мен жолы Ішке. Капсуланы сумен ішіп, тұтастай жұтқан жөн. Капсуланы ашуға болмайды. Жұтуға қиналатын пациенттер үшін капсуланы ашып, пеллеттерді жарты стакан газдалмаған суда ерітуге болады. Қорғағыш қабығы еріп кетуі мүмкін болғандықтан, басқа сұйықтықтарды пайдалануға болмайды. Ұсақ түйіршіктері бар суды бірден немесе 30 минут ішінде ішу керек. Стақанды жартылай тағы да сумен толтырып, қалғанын араластырып, ішу керек. Ұсақ түйіршіктерді шайнауға немесе бөлшектеуге болмайды.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.