+62 бонус

Нозейлин-НС 15 мл спрей наз.

1240 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Деконгестанты и другие назальные препараты для местного применения
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Турция
  • Өндіруші: Уорлд Медицин Илач Сан. ве Тидж. А.Ш.
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
1 мл препараттың құрамында белсенді заттар: 0,5 мг нафазолин гидрохлориді, 5,0 мг хлорфенамин малеаты. қосымша заттар: калий дигидрофосфаты, сусыз калий гидрофосфаты, лимон қышқылы моногидраты, натрий хлориді, бензалконий хлориді, тазартылған су.
Қолданылуы
- жедел ринит, оның ішінде аллергиялық; - синусит; - евстахиит; - мұрыннан қан кету (тамырды тарылтатын дәрі ретінде); - ортаңғы отит; - пациентті мұрын жолдарындағы диагностикалық манипуляцияларға дайындау (мұрынның шырышты қабығының ісінуін азайту).
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші заттарға немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық; - артериялық гипертензия; - тахикардия; - гипертиреоз; - айқын атеросклероз; - жабық бұрышты глаукома; - моноаминоксидаза (МАО) тежегіштерін бір мезгілде қолдану, сондай-ақ оларды тоқтатқаннан кейін 14 күн ішіндегі кезең; - 8 жасқа дейінгі балалар.
Дозасы
Дозалану режимі Ересектер мен 8 жастағы және одан асқан балалар Әрбір танауға тәулігіне 2-3 рет 1-2 бүркуден, бүркулер арасындағы аралық 4 сағаттан кем болмауы тиіс. Препаратты тәулігіне 6 реттен жиі пайдалануға болмайды. Енгізу әдісі және жолы Препарат тек мұрын ішіне қолдануға арналған. Емдеу ұзақтығы Емнің ұзақтығын емдеуші дәрігер анықтайды. Төзімділіктің дамуын болдырмау үшін препаратты ересектерде 5 күннен артық және балаларда 3 күннен артық қолданбаған жөн. Қажетті әсері болмаған жағдайда емдеуді қайта бағалау керек. 8 жасқа дейінгі балалар 8 жасқа дейінгі балаларда препаратты қолданудың қауіпсіздігі мен тиімділігін зерттеу жүргізілген жоқ.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.