НОЗЕЙЛИН 15 мл капли глазные Нафазолин/Хлорфеамин

1430 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Нафазолин в комбинации с другими препаратами
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Турция
  • Өндіруші: УОРЛД МЕДИЦИН ЛТД.
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
1 мл препараттың құрамында белсенді заттар: 0,5 мг нафазолин гидрохлориді, 0,5 мг хлорфенирамин малеаты, қосымша заттар: натрий цитраты, бор қышқылы, бензалконий хлориді, динатрий эдетаты, инъекцияға арналған су.
Қолданылуы
Офтальмология - аллергиялық конъюнктивиттер мен кератоконьюнктивиттерді симптоматикалық емдеу. Ринология - аллергиялық және вазомоторлы ринитті симптоматикалық емдеу; - мұрынның қосалқы қуыстарының қабынуын, ортаңғы құлақтың қабынуын симптоматикалық емдеу. Препарат механикалық және химиялық агенттерден (шаң, бассейндердегі хлорланған суды қоса) туындаған көздің және мұрынның шырышты қабығының тітіркенуі үшін қолданылуы мүмкін.
Қарсы көрсетілімдер
- нафазолинге, хлорфенираминге немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық; - атрофиялық ринит; - жабықбұрышты глаукома; - ауыр органикалық жүрек-қантамырлық аурулар; - 12 жасқа дейінгі балалар.
Дозасы
Офтальмология Ересектер және 12 жастан асқан балалар Препаратты әрбір көздің конъюнктивалық қалтасына тәулігіне 3 рет кемінде 4 сағат аралықпен 1 тамшыдан тамызу ұсынылады. 12 жасқа дейінгі балалар 12 жасқа дейінгі балаларға препаратты қолданудың қауіпсіздігі мен тиімділігін зерттеу жүргізілген жоқ. Ринология Ересектер және 12 жастан асқан балалар Препаратты әр танауға тәулігіне 3 рет кемінде 4 сағат аралықпен 2 тамшыдан тамызу ұсынылады. 12 жасқа дейінгі балалар 12 жасқа дейінгі балаларға препаратты қолданудың қауіпсіздігі мен тиімділігін зерттеу жүргізілген жоқ. Енгізу әдісі және жолы Препарат офтальмология мен ринологияда жергілікті қолдануға арналған. Қалпақшаны шешкеннен кейін, егер сақтандыру сақинасы құтының мойнына жабысып тұрмаса, оны препаратты қолданар алдында алып тастау қажет. Құтыны тамшылатқышпен төмен қаратып аударады және құтының қабырғаларына сәл басып, препаратты тамызады. Құты мен тамшылатқыш ішіндегісінің микробтық ластануын болдырмау үшін тамшылатқыш ұшының көзге, қабаққа немесе қандай да бір беткейлерге тиіп кетпеуін болдырмау керек. Препаратты әрбір қолданғаннан кейін құтыны тығыздап жабылған түрінде ұстау керек. Емдеу ұзақтығы Препарат ұзақ уақыт қолдануға арналмаған. Төзімділіктің дамуын болдырмау үшін препаратты ересектерге 5 күннен артық және балаларға 3 күннен артық қолданбаған жөн.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.