+25 бонус

НОВОКАИН 0,5% 5мл №5 амп Санто

500 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Прокаин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Казахстан
  • Өндіруші: Химфарм АО
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
1 мл ампуланың ішінде белсенді зат - 5.0 мг 20.0 мг прокаин гидрохлориді қосымша заттар: 0.1 М хлорсутек қышқылының ерітіндісі, инъекцияға арналған су
Қолданылуы
жергілікті анестезияда (инфильтрациялық, өткізгіштік, перидуральді, эпидуральді, жұлын-милық - субарахноидальді, сүйекішілік) блокада жасау үшін (вагосимпатикалық және паранефральді блокада, экзема, нейродермит, ишиалгия кезіндегі паравертебральді блокада)
Қарсы көрсетілімдер
әсер етуші зат прокаинге (оның ішінде парааминобензой қышқылына және басқа жергілікті анестетик-эфирлерге) немесе қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық тіндердегі айқын фиброзды өзгерістер (жылжымалы инфильтрат әдісімен анестезияға арналған) енгізілген орындағы іріңді үдеріс жедел қансыраумен жүретін шұғыл операциялар миастения артериялық гипотензия 12 жасқа дейінгі балаларға Сақтықпен 12-ден 18 дейінгі балалар
Дозасы
Новокаин ерітіндісінің дозасы және концентрациясы операциялық араласымның сипатына, қолдану тәсіліне, пациенттің жасына және жай- күйіне байланысты. Жергілікті анестезия үшін Инфильтрациялық анестезияда 0,25% – 0,5% ерітінді қолданылады (бір рет енгізу үшін 1 г асырмай); тіндердің тығыз жылжымалы инфильтрациялы әдісі бойынша анестезия жүргізу үшін (А.В. Вишневский бойынша) – 0,125% – 0,25% ерітінді; өткізгіштік, эпи – және перидуральді анестезия үшін – 2% 20- 25 мл ерітінді; жұлын анестезиясы үшін – 2% 5мл ерітінді. Инфильтрациялы анестезия үшін келесі ең жоғары дозалар тағайындалған (ересектер үшін): операция басында алғашқы бір реттік доза – 1,25 г асырмай (500 мл 0,25% ерітінді) немесе 0,75 г (150 мл 0,5% ерітінді). Әрі қарай операцияның әрбір сағаты бойы – 2,5 г асырмай (1000 мл 0,25% ерітінді) немесе 2 г (400 мл 0,5% ерітінді) (0,5 г дейін бір рет адреналинсіз және 1 г адреналинмен). Сіңірілуінің азаюы және әсерінің ұзаруы үшін Новокаинді 0,1% адреналин ерітіндісімен бірге қолданады, оған асептикалық түрде Новокаиннің 2-5 мл ерітіндісіне 1 тамшы есебімен қосады. Препаратты сүйекішілік анестезиясында 0,25% 50-150 мл ерітіндісін қолдануға болады. Блокада жасау үшін Экзема және нейродермитте паравертебральді блокадада сезімтал жүйке діңгегі проекциясының аймағына Новокаиннің 70-100 мл 0,25% ерітіндісінің тері ішілік инъекциясы ұсынылады. Паранефральді блокадада (А.В. Вишневский бойынша) бүйрек маңы шеліне Новокаиннің 50-80 мл 0,5% ерітіндісін немесе 100-150 мл 0,25% ерітіндісін енгізеді. Вагосимпатикалық блокадада - Новокаиннің 30-100 мл 0,5% ерітіндісі. Новокаиннің ең жоғары дозасы (ересектер үшін): бұлшықет ішіне енгізгенде бір реттік дозасы 0,1 г, вена ішіне енгізгенде бір реттік дозасы - 0,05 г; тәуліктік дозасы– парентеральді енгізгенде 0,1 г. Новокаинді төменірек концентрацияларда (0,125% немесе 0,25%) қолдану қажет болғанда препаратты қолданар алдында натрий хлоридінің стерильді изотониялық ерітіндісімен қажет концентрацияға дейін сұйылтады. Вена ішіне енгізуді натрий хлоридінің изотониялық ерітіндісінде баяу жүргізеді. Пациенттердің ерекше топтары Балалар Педиатриялық тәжірибеде дозасын дене салмағына байланысты анықтау керек, бірақ дене салмағына 15 мг/кг асырмайды. Енгізу әдісі және жолы Препарат тері ішіне, бұлшықет ішіне, вена ішіне қолданылады.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.