Дозасы
Ересектерге
Жергілікті анестезия кезінде препараттың дозасы концентрацияға, операциялық араласудың сипатына, енгізу тәсіліне, науқастың жай-күйі мен жасына байланысты болады. Бүйрек маңындағы шелмайға паранефральді блокада кезінде ересектерге 50-70 мл 0,5 % (5 мг/мл) новокаин ерітіндісін енгізеді. Инфильтрациялық анестезия үшін мынадай жоғары дозалар анықталған (ересектер үшін): операция басталардағы алғашқы бір реттік доза – 0,75 г (150 мл 0,5 % новокаин ерітіндісі). Одан әрі операцияның әрбір сағаты ішінде – 2 г-ден аспайтын (400 мл 0,5 % новокаин ерітіндісі).
Балалар
Педиатриялық практикадағы дозалар дене салмағына байланысты анықталады, бірақ дене салмағы 15 мг/кг артық емес. Новокаинді балаларда (12 жастан бастап 18 жасқа дейін) қолданған кезде сақ болу керек.
Енгізу әдісі мен жолы
Препарат тері астына, бұлшықет ішіне, вена ішіне қолданылады.
Артық дозаланғанда қабылдануы қажет шаралар
Артық дозалану жағдайларында препаратты енгізуді дереу тоқтату керек. Жергілікті анестезия жүргізу кезінде енгізу орнына адреналин енгізуге болады. Вена ішіне енгізу кезінде ілмектік диуретикті реттеу шараларын жүргізу керек. Симптоматикалық ем.
Симптомдары: тері жабындылары мен шырышты қабықтардың бозаруы, бас айналу, жүрек айну, құсу, жүйке қозғыштығының артуы, «суық» тер, тахикардия, артериялық қысымның коллапсқа жуық төмендеуі, тремор, құрысулар, апноэ, метгемоглобинемия, тыныстың тарылуы, кенеттен болатын жүрек-қантамырлық коллапс. Орталық жүйке жүйесіне әсері үрейлену сезімімен, елестеумен, құрысулар, қозғалыстық қозу арқылы көрінеді.
Емі: жалпы реанимациялық шаралар, оның ішінде оттекпен ингаляция, қажет болса – өкпеге жасанды желдету жүргізіледі. Егер құрысулар 15-20 секундтан артыққа созылса, оны тиопенталды (100-150 мг) немесе диазепамды (5-20 мг) вена ішіне енгізу арқылы тоқтату керек. Артериялық гипотензия және/немесе миокард депрессиясы кезінде эфедринді (15-30 мг) вена ішіне енгізу, ауыр жағдайларда – уытсыздандыру және симптоматикалық ем қажет.
Новокаиннің аяқ немесе қол бұлшықеттеріне инъекциясынан кейін уыттану дамыған жағдайда препараттың одан әрі жалпы қанайналымға түсуін азайту үшін шұғыл түрде бұрау салу ұсынылады.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкеріне кеңес алу үшін жүгіну бойынша ұсынымдар
Препаратты әрқашан қосымша параққа немесе емдеуші дәрігердің ұсынымдарына сәйкес қабылдаңыз.
ДП стандартты қолдану кезінде көрініс табатын жағымсыз реакциялардың сипаттамасы және осы жағдайда қабылдануы керек шаралар
Әдетте новокаиннің жағымдылығы жақсы, бірақ кейде жағымсыз реакциялар туындауы мүмкін.
Жүйке жүйесі тарапынан: бас ауыруы, бас айналу, ұйқышылдық, әлсіздік, қозғалыс мазасыздығы, есін жоғалту, құрысулар, тризм, тремор, көру мен естудің бұзылуы, нистагм, ат құйрығы синдромы (аяқтың салдануы, парестезиялар), тыныс алу бұлшықеттерінің салдануы, моторлы және сезімталдық блогы, ауырудың жаңғыруы, тұрақты анестезия
Қантамырлар тарапынан: артериялық қысымның жоғарылауы немесе төмендеуі, шеткері вазодилатация, коллапс
Жүрек тарапынан: брадикардия, аритмия, көкірек тұсының ауыруы
Бүйрек және несеп шығару жолдары тарапынан: еріктен тыс несеп бөлінуі
Асқазан-ішек жолы тарапынан: жүрек айнуы, құсу, еріктен тыс дефекация
Қан және лимфа жүйесі тарапынан: метгемоглобинемия
Иммундық жүйе тарапынан: аллергиялық реакциялар, оның ішінде тері тарапынан – қышыну, бөртпе, дерматит, терінің қабыршақтануы, гиперемия, басқа анафилаксиялық реакциялар (оның ішінде ангионевроздық ісіну, анафилаксиялық шок), есекжем (теріде және шырышты қабықтарда)
Зат алмасу мен тамақтану тарапынан: гипотермия
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса алғанда, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әрекеттер) бойынша тікелей ақпараттық дерекқорға жүгіну
ДП «пайда – қауіп» арақатынасының үздіксіз мониторингін қамтамасыз ету мақсатында ДП тіркелгеннен кейін күдікті жағымсыз реакциялар туралы хабарлау маңызды. Медицина қызметкерлеріне ҚР жағымсыз реакциялары туралы ұлттық хабарлау жүйесі арқылы ДП-ның кез келген күдікті жағымсыз реакциялары туралы хабарлау ұсынылады.
«Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК.
http://www.ndda.kz
Қазақстан Республикасы аумағында препараттың сапасы бойынша тұтынушылардан шағымдарды қабылдайтын ұйым:
«МедЛайн Фармацевтика» ЖШС
Қазақстан Республикасы, 050011, Алматы қ., Сүйінбай даңғылы, 258 В,
эл.пошта pharmakonadzor_dhf@mdline.kz
тел. 8 (727) 390-29-50, 8 (727) 390-29-42.
Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.
Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.