+96 бонус

Новирин сироп 50 мг/мл 120 мл

1925 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Инозин Пранобекс
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Италия
  • Өндіруші: Эй.Би.Си.Фармасьютици С.П.А.
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы Бір мл шәрбаттың құрамында белсенді зат: инозин пранобекс (метизопринол) 50 мг/мл, қосымша заттар: сахароза, глицерин, метилпарагидроксибензоат (Е 218), пропилпарагидроксибензоат (Е 216), цитрусты хош иістендіргіш, тазартылған су.
Қолданылуы
- тері мен шырышты қабықтардың I немесе II типті қарапайым герпес вирустарынан туындаған инфекциялары (қарапайым герпес) - иммунитеті әлсіреген және жоғарғы тыныс жолдарының қайталанатын инфекциялары бар адамдарда қосымша терапия - жеделге жуық склероздайтын панэнцефалит.
Қарсы көрсетілімдер
белсенді затқа немесе дәрілік заттың кез келген қосымша заттарына жоғары сезімталдық подаграның жедел ұстамасы гиперурикемия
Дозасы
Доза пациенттің дене салмағына және аурудың ауырлығына байланысты анықталады. Тәуліктік доза тәулігіне бірнеше рет қабылдау үшін тең бөліктерге бөлінуі тиіс. 1 мл Новирин шәрбатының құрамында 50 мг инозин пранобекс бар. Ересек пациенттерде, оның ішінде егде жастағы пациенттерде Ұсынылатын тәуліктік доза салмағына 50 мг/кг (тәулігіне 1 мл/1 кг дене салмағы) құрайды: әдетте, 3 немесе 4 қабылдауға бөлінген барлығы 3 г (тәулігіне 60 мл шәрбат). Ең жоғары тәуліктік доза 4 г (тәулігіне 80 мл шәрбат) құрайды. 1 жастан асқан балаларға арналған Ұсынылатын тәуліктік доза әдетте дене салмағының 50 мг/кг құрайды, бұл 3-4 қабылдауда 1 кг дене салмағына 1 мл Новирин шәрбатына баламалы. Тәуліктік дозаны есептеу үшін кестені пайдалану керек: Дене салмағы Тәуліктік доза (дене салмағына 50 мг/кг есебінен) 10–14 кг 3 х 5 мл 15–20 кг 3 х 5, 7,5 мл дейін 21–30 кг 3 х 7,5, 10 мл дейін 31–40 кг 3 х 10, 15 мл дейін 41–50 кг 3 х 15, 17,5 мл дейін Дұрыс дозалау үшін өлшеуіш стаканды пайдалану керек. Балалардағы тері мен шырышты қабықтың I немесе II типті қарапайым герпес вирустарынан туындаған инфекциясы Препаратты 10-14 күн бойы (симптомдар жойылғанға дейін) 3-4 рет қабылдауда 50 мг/кг есебінен тәуліктік дозада қабылдайды. Жоғары тыныс жолдарының қайталанатын инфекциялары кезінде иммунитеті әлсіреген адамдарға жүргізілетін қосымша терапия Бала үшін тәуліктік доза 21 күн бойы 3-4 қабылдау кезінде дене салмағына 50 мг/кг құрайды (немесе осындай аралықпен 7-10 күннен 3 курс). Иммун тапшылығы жағдайларын түзету кезінде емдеу курсының ұзақтығы 3-9 аптаны құрауы мүмкін. Жеделге жуық склероздайтын панэнцефалит кезінде Тәуліктік доза 8-10 күн бойы 6 рет қабылдаумен (әр 4 сағат сайын) 50-100 мг/кг құрайды; 8 күндік үзілістен кейін жеңіл ағымда қосымша тағы 1-3 курс, ауыр ағымда – 9 курсқа дейін жүргізіледі. 1 жасқа дейінгі балаларға қолдануға болмайды. Енгізу әдісі мен жолы Дәрілік затты ішке қабылдау керек, дұрысы – тамақтан кейін, бірдей уақыт аралығында. Емдеу ұзақтығы Емдеу ұзақтығы, әдетте, 5-14 күнді құрайды, қажет болған жағдайда 7-10 күндік үзілістен кейін емдеу курсын қайталайды. Препаратты қабылдауды симптомдардың айқындылығы азайғаннан кейін тағы 1-2 күн жалғастыру керек. Үзілістермен және демеуші дозалармен емдеу 1-6 айға дейін созылуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.