+51 бонус

НОВИГАН НЕО №20 таб

1020 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Ибупрофен в комбинации с другими препаратами
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Испания
  • Өндіруші: Д-р Редди`с Лабораторис Лтд
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында белсенді зат - ибупрофен 400 мг қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза, натрий кроскармеллозасы, трикальцийфосфат, повидон, гипромеллоза, стеарин қышқылы, тальк, қабықтың құрамы: гипромеллоза, макрогол 6000, тальк, титанның қостотығы (E 171)
Қолданылуы
Келесі жағдайларда ауырсынуды жеңілдету: - суық тиюді, тұмауды және қызбаны симптоматикалық емдеу (анальгезиялық және ыстықты түсіретін әсері бар) - бұлшықет және ревматизмдік ауырсынуларда - тіс ауыруында - ауырсындыратын дисменореяда (етеккір келер алдындағы және етеккір ауырсынуларында) - арқаның ауыруында - невралгияда - бас сақинасында және бас ауыруларында
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - анамнезінде ацетилсалицил қышқылын немесе қабынуға қарсы стероидты емес басқа дәрілерді қабылдағаннан кейінгі (мысалы, бронх түйілуі, демікпе, ринит немесе есекжем) реакцияларының болуы - қан түзілуінің шығу тегі белгісіз бұзылулары - қазіргі уақытта немесе бұрын қайталанатын пептидтік ойық жараның/қан кетулердің (расталған ойық жаралы аурудың немесе қан кетулердің екі немесе одан көп жекелеген эпизоды) болуы - анамнезінде бұрын тағайындалған қабынуға қарсы стероидты емес препараттармен емдеумен байланысты асқазан-ішектен қан кетудің немесе ойық жара тесілуінің болуы; - қазіргі кезде орын алған цереброваскулярлық қан кету немесе басқа қан кету - бүйрек немесе бауыр функциясының ауыр бұзылулары - жүректің ауыр жеткіліксіздігі (NYHA бойынша IV класы) - жүктіліктің үшінші триместрі - салмағы 40 кг-ден аз балалар (12 жасқа дейінгі балалар)
Дозасы
Ішке қабылдауға арналған және тек қысқа мерзімді қолдануға арналған. Ең төмен тиімді доза симптомдарды жеңілдету үшін қажетті ең қысқа уақыт кезеңі ішінде пайдаланылуы тиіс. Егер сізде инфекция болса, симптомдар (мысалы, қызба және ауырсыну) сақталса немесе нашарласа, дереу дәрігерге қаралыңыз. Ересектер және егде жастағы адамдар, 12-ден 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер: Жағымсыз әсерлердің даму қауіптерін барынша азайту мақсатында тиімді дозада және клиникалық әсерге қол жеткізу үшін қажетті барынша қысқа кезең бойы қабылдаған жөн. 12-ден 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер: қажет болған жағдайда күніне 3 рет 1 таблеткадан. Ересектер: қажет болған жағдайда күніне 3 рет 1 таблеткадан. Қабылданатын дозалар арасындағы аралық 4 сағаттан кем болмауы және 24 сағаттық кезең ішінде 3 таблеткадан артық қабылданбауы тиіс. Препаратты тамақтан кейін қабылдау ұсынылады. 12 жасқа дейінгі балалар: 12 жасқа дейінгі балаларға бермеу керек. Енгізу әдісі мен жолы Ішке қабылдауға арналған және тек қысқа мерзімді қолдануға арналған. Емдеу ұзақтығы Ибупрофеннің анальгезиялық және қызуды басатын әсері препаратты қабылдағаннан кейін 15 минут ішінде пайда болады және 8 сағатқа дейін созылады. Тек қысқа мерзімді ем үшін! Егер балалар мен 12-ден 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге осы дәрілік препаратты 3 күннен артық қолдану талап етілсе немесе симптомдар нашарлаған жағдайда дәрігермен кеңесу қажет. Егер симптомдар сақталса немесе нашарласа немесе осы өнімді 10 күннен артық қолдану талап етілсе, ересектер дәрігермен кеңесуі тиіс. Пациенттердің ерекше топтары Егде жастағы пациенттер Дозаны арнайы түзету қажет емес. Егде жастағы пациенттердің жағдайын ықтимал жағымсыз әсерлерге байланысты мұқият бақылау қажет. Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер Бүйрек функциясының ауырлық дәрежесі жеңіл және орташа бұзылулары бар пациенттер үшін препараттың дозасын түзету қажет емес. Бүйректің ауыр дәрежелі жеткіліксіздігі бар пациенттер үшін препаратты қолдануға болмайды. Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер Бауыр функциясының ауырлық дәрежесі жеңіл және орташа бұзылулары кезінде дозасын түзету қажет емес. Бауыр функциясының ауыр бұзылуы бар пациенттерде препаратты қолдануға болмайды. Балалар мен жасөспірімдер Препарат 12 жасқа толмаған балаларда қолдануға арналмаған. Егер бұл препаратты 12 жастан асқан балалар мен жасөспірімдердің 3 күннен артық қабылдауы қажет болса, немесе симптомдары ушыға түссе, дәрігерге жүгіну керек.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.