+90 бонус

НовексКолд Порошок Для Приготовления Раствора №10

1800 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Парацетамол в комбинации с другими препаратами, кроме психолептиков
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Пакистан
  • Өндіруші: Herbion Pakistan PVT LTD
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы Бір пакетиктің ішінде: белсенді заттар: парацетамол 325 мг фенилэфрин гидрохлориді 10 мг фенирамин малеаты 20 мг аскорбин қышқылы 50 мг қосымша заттар: сахароза, лимон қышқылы, лимон хош иістендіргіші, кальций фосфаты, натрий цитраты, алма қышқылы, титанның қостотығы.
Қолданылуы
- дене температурасының көтерілуімен, бас, бұлшықет және буын ауыруымен және тамақтың ауыруымен қатар жүретін суық тиюді, ЖРВИ-ді, тұмауды симптоматикалық емдеу
Қарсы көрсетілімдер
- препарат компоненттерінің кез келгеніне жоғары сезімталдық - жүрек-қантамыр ауруларының ауыр ағымы - бауыр және/немесе бүйрек функциясының ауыр бұзылулары - туа біткен гипербилирубинемия - артериялық гипертензия - жедел панкреатит - гипертиреоз - феохромоцитома - қан аурулары (оның ішінде айқын анемия, лейкопения) - тромбоз - тромбофлебит - жабық бұрышты глаукома -глюкоза-6-фосфатдегидрогеназа тапшылығы - қант диабетінің ауыр формалары - маскүнемдік - несептің кідіруімен қуықасты безінің гипертрофиясы - қуық мойнының обструкциясы - пилородуоденальды обструкция - бронх демікпесі - эпилепсия - ұйқының бұзылуы - фруктозаның тұқым қуалайтын жақпаушылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы - препаратты МАО тежегіштерімен қатар емдегенде және оларды қолдануды тоқтатқаннан кейін 2 апта бойы, сондай-ақ трициклді антидепрессанттармен, бета-блокаторлармен, басқа да симпатомиметиктермен қатар емдегенде қолдануға болмайды -  балалар мен 12 жасқа дейінгі жасөспірімдер
Дозасы
Ересектерге (егде жастағыларды қоса) және 12 жастан асқан балаларға әрбір 4-6 сағат сайын 1 сашеден қабылдау керек (симптомдарды жеңілдету қажет болған кезде), бірақ тәулігіне 3-4 сашеден артық қолдануға болмайды. Ұсынылатын дозадан арттыруға болмайды. Ең қысқа емдеу кезеңінде әсерге қол жеткізу үшін қажетті препараттың ең аз дозасын қолдану керек. Балалар Препаратты балалар мен 12 жасқа дейінгі жасөспірімдерге қолдануға болмайды. Егде жастағы пациенттер Дозалау режимін түзету қажеттілігі туралы деректер жоқ. Бауыр функциясы бұзылған пациенттер Бауыр функциясының ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерге қолдануға болмайды. Бауыр функциясының жеңіл және орташа жеткіліксіздігі бар пациенттерде препарат аса сақтықпен және ұзақ уақыт аралықтарымен төмен дозаларда қолданылуы тиіс. Бүйрек функциясы бұзылған пациенттер Бүйрек функциясының ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерге қолдануға болмайды. Бүйрек функциясының жеңіл және орташа жеткіліксіздігі бар пациенттерде препарат аса сақтықпен және ұзақ уақыт аралықтарымен төмен дозаларда қолданылуы тиіс. Енгізу әдісі мен жолы Ішке. Бір пакеттің ішіндегісін 1 стакан (шамамен 250 мл) ыстық суда ерітіңіз. Ыстық қалпында тұтыныңыз. Новэкс Колд препаратын тәуліктің кез келген уақытында қолдануға болады, бірақ препаратты ұйықтар алдында, түнде қабылдау жақсы нәтиже береді. Пациенттердің ерекше топтары Бүйрек функциясы бұзылған пациенттер: креатинин клиренсі 50 мл/мин және одан жоғары кезінде препаратты қабылдау арасындағы ең аз аралық – 4 сағат, 30-50 мл/мин – 6 сағат.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.