+54 бонус

НОВЭКС ДОМПЕРИДОН 10мг №20 таб

1090 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Домперидон
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Пакистан
  • Өндіруші: Хербион Пакистан Пвт. Лтд
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында белсенді зат - домперидон малеаты 12.72 мг, 10 мг домперидонға баламалы; қосымша заттар: лактоза моногидраты, натрий кроскармелозасы, магний стеараты, поливинилпирролидон К-30 үлбірлі қабық құрамы: гипромеллоза, полиэтиленгликоль, тальк, титанның қостотығы)
Қолданылуы
- жүрек айну және құсу симптомдарын жеңілдету
Қарсы көрсетілімдер
домперидонға немесе қосымша заттардың кез келгеніне белгілі аса жоғары сезімталдық; гипофиздің пролактин-секрециялайтын ісігі (пролактинома); асқазанның моторикасын стимуляциялау қауіпті болуы мүмкін кез-келген жағдайда, мысалы, асқазан-ішектен қан кету, механикалық обструкция немесе тесілуі; бауыр жеткіліксіздігінің ауыр және орташа дәрежесі; электролиттік теңгерімнің елеулі бұзылулары немесе іркілісті жүрек жеткіліксіздігі сияқты жүрек аурулары бар жүрек өткізгіштік аралықтарының, атап айтқанда QT ұзаруы диагнозы қойылған пациенттерге; апоморфинді қоспағанда, QT аралығын ұзартатын басқа препараттармен бір мезгілде қолдану; күшті әсер ететін CYP3A4 тежегіштерімен бір мезгілде қолдану (олардың QT аралығын ұзарту қабілетіне қарамастан); галактозаның тұқым қуалайтын жақпаушылығы, Lapp (ЛАПП)-лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар тұлғаларға;
Дозасы
Жүрек-қантамыр құбылыстарының даму қаупін төмендету үшін домперидонды жүрек айнуы мен құсуды бақылау үшін қажетті ең аз тиімді дозада және барынша қысқа мерзімде қолдану керек. Ересектер мен жасөспірімдер (дене салмағы 35 кг астам 12 жастан асқан) 10 мг – күніне 3 реттен артық емес. Ең жоғары тәуліктік доза 30 мг. Балалар 12 жасқа дейінгі балаларда домперидонды қолданудың тиімділігі анықталған жоқ. 12 жастан асқан және дене салмағы 35 кг-нан кем жасөспірімдерде домперидонды қолданудың тиімділігі анықталған жоқ. Егде жастағы пациенттер Препаратты қабылдағанға дейін 60 жастан асқан пациенттер дәрігермен кеңесу керек. Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер Домперидон ауыр және орташа дәрежедегі бауыр функциясының бұзылуы кезінде қарсы көрсетілімді. Бауыр функциясының жеңіл дәрежедегі бұзылулары кезінде дозалау режимін түзету талап етілмейді. Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер Домперидонның жартылай шығарылу кезеңі бүйрек функциясының ауыр бұзылулары кезінде ұзартылатындықтан, қайталап қолданған кезде қабылдау жиілігін бұзылулардың ауырлығына байланысты күніне 1-2 ретке дейін төмендету қажет, сондай-ақ дозаны төмендету қажет болуы мүмкін. Ауыр дәрежедегі бүйрек функциясы бұзылған пациенттерді үнемі тексеріп отыру керек. Енгізу әдісі мен жолы Препаратты тамақтанар алдында қолдану ұсынылады. Оны тамақ ішкеннен кейін қабылдаған жағдайда сіңірілуі баяулауы мүмкін. Пациент препаратты белгіленген уақытта қабылдауы керек.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.