+282 бонус

НОРМОМЕД сироп 50 мг/мл 240 мл

5640 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Инозин пранобекс
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Россия
  • Өндіруші: Валента Фарм
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
100 мл шәрбаттың құрамында белсенді зат - инозин пранобекс – 5,00 г қосымша заттар: сахароза, глицерин, метилпарагидроксибензоат, пропилпарагидроксибензоат, цитрус хош иістендіргіші, тазартылған су.
Қолданылуы
Нормомед® препараты, 50 мг/мл шәрбат келесі көрсетілімдер бойынша 1 жастан асқан пациенттерде қолданылады: жоғарғы тыныс алу жолдарының қайталанатын инфекциялары болғанда иммунитеті әлсіреген пациенттерде қосымша ем ретінде I немесе II типті Herpes simplex вирусы, сондай-ақ Varicella zoster вирусы (желшешектің және белдемелі теміреткінің вирусы) туындатқан тері мен шырышты қабық инфекциялары басқа вирустық инфекциялар (мысалы, жеделге жуық склероздаушы панэнцефалит)
Қарсы көрсетілімдер
әсер етуші заттарға немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық подаграның жедел ұстамасы немесе қандағы несеп қышқылының жоғары концентрациясы бар пациенттерде жүктілік және лактация кезеңі (қолдану тәжірибесінің жоқтығына байланысты) 1 жасқа дейінгі және салмағы ≤10 кг балалар фруктоза жақпаушылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы немесе сахараза-изомальтаза жеткіліксіздігі
Дозасы
Препарат дозасын пациенттің дене салмағына және аурудың ауырлығына байланысты анықтайды. Тәуліктік дозаны бір реттік тең бірнеше дозаларға бөледі, оларды күні бойы тең уақыт аралықтарымен қабылдау керек. 1 мл Нормомед® шәрбаты препаратының құрамында 50 мг инозин пранобекс бар. Ересектер мен егде адамдар 1 мл Нормомед® шәрбаты препаратының құрамында 50 мг инозин пранобекс бар. Ұсынылған тәуліктік доза дене салмағының 50 мг/кг (дене салмағының 1 мл/кг) құрайды, барлығы әдетте 3-4 дозаға бөлінген (әдетте тәулігіне 3 рет 20 мл) тәулігіне 3 г (яғни, тәулігіне 60 мл шәрбат). Препараттың ең жоғарғы тәуліктік дозасы тәулігіне 4 г (тәулігіне 80 мл) құрайды. Балалар 1 жасқа толмаған балаларға қолдануға болмайды. 1 жастан асқан балалар Ұсынылған тәуліктік доза дене салмағының 50 мг/кг құрайды, әдетте – 3-4 тең дозағаларға бөлінген дене салмағының 1 мл/кг, оларды мына кестеге сәйкес күні бойы қабылдау керек: Дене салмағы Доза 10 – 14 кг 3 x 5 мл 15 – 20 кг 3 x 5-7,5 мл 21 – 30 кг 3 х 7,5-10 мл 31 – 40 кг 3 х 10-15 мл 41 – 50 кг 3 х 15-17,5 мл Дұрыс дозалау үшін қоса берілген өлшеуіш стақанды пайдалану керек. Жеделге жуық склероздаушы панэнцефалит: аурудың жедел фазасында препарат дозасы дене салмағының 2 мл/кг (тәулігіне 100 мг/кг, барлығы тәулігіне 4 г) дейін ұлғаюы мүмкін, тұрақты ем кезінде пациенттің жағдайын жүйелі бағалау қажет. Енгізу әдісі мен жолы Ішуге арналған. Емдеу ұзақтығы Емдеу ұзақтығы, әдетте, 5-14 күнді құрайды. Препаратты қабылдауды ауру симптомдары азайғаннан кейін 1-2 күн ішінде жалғастыру керек. 5-14 күн ішінде әсері байқалмаған кезде, дәрігердің кеңесі қажет.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.