+58 бонус

НОРМАТИН 0,5% 5 мл гл кап

1160 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Тимолол
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Турция
  • Өндіруші: Уорлд Медицин Илач Сан. ве Тидж. А.Ш.
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
1 мл препараттың құрамында белсенді зат – тимолол (6,83 мг тимолол малеаты түрінде) 5,00 мг, қосымша заттар: натрий дигидрофосфаты моногидраты, сусыз динатрий фосфаты, бензалконий хлориді, натрий гидроксиді, инъекцияға арналған су.
Қолданылуы
- көз гипертензиясы немесе ашық бұрышты глаукомасы бар пациенттерде көзішілік қысымның жоғарылауын емдеуге арналған
Қарсы көрсетілімдер
- бронх демікпесі немесе тыныс алу жолдарының басқа да ауыр созылмалы обструктивті аурулары (оның ішінде анамнезінде); - синустық брадикардия; - жасанды ырғақ жүргізушісінсіз II немесе III дәрежедегі атриовентрикулярлық блокада; - декомпенсацияланған созылмалы жүрек жеткіліксіздігі; - кардиогенді шок; - синустық түйінінің әлсіздік синдромы; - синоатриальді блокада; - тимололға немесе препараттың басқа компоненттеріне аса жоғары сезімталдық; - балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер.
Дозасы
Емдеуді тимололды 0,25% концентрациясында тәулігіне 2 рет 1 тамшыдан зақымданған көзге қолдана отырып бастайды. Жеткілікті клиникалық әсер болмаған жағдайда тимололды 0,5% концентрациясында 1 тамшыдан тәулігіне 2 рет зақымданған көзге қолданады. Қажет болған жағдайда Норматин препаратын көзішілік қысымды төмендететін басқа дәрілермен біріктіруге жол беріледі. Екі бета-адреноблокаторды бір уақытта қолдану ұсынылмайды. Көзішілік қысымды бақылау препаратты қолдануды бастағаннан кейін 4 аптадан соң жүзеге асырылады, өйткені тимололдың көзішілік қысымға әсері бірнеше аптадан кейін басталуы мүмкін. Егер қанағаттанарлық көзішілік қысымға қол жеткізілсе, дозалау режимі тәулігіне 1 рет 1 тамшыдан қолдануға өзгертілуі мүмкін. Басқа гипотензиялық емнен ауысу Бета-адреноблокатор тобынан басқа препаратпен емнен тимололмен емге ауысқанда бұрын қолданылған гипотензиялық препаратпен емнің толық күнін аяқтау, ал келесі күні тимололды әрбір зақымданған көзге 0,25% концентрациясында тәулігіне 2 рет 1 тамшыдан инстилляциялауды бастау ұсынылады. Жеткілікті гипотензиялық әсер болмаған кезде дозалау режимі тимололдың 0,5% концентрациясында әрбір зақымданған көзге 1 тамшыдан тәулігіне 2 рет инстилляциясына өзгертілуі мүмкін. Басқа топтағы гипотензиялық препаратпен (бета-адреноблокаторларға емес) емге ауысқан кезде тимолол инстилляциясын тәулігіне 2 рет әрбір зақымданған көзге 1 тамшыдан 0,25% концентрациясында қоса отырып, бұрын тағайындалған препараттың инстилляциясын жалғастырады. Келесі күні бұрын қолданылған емдеуді тоқтату жүзеге асырылады және тимололмен емдеу жалғасады. Жеткілікті гипотензиялық әсер болмаған кезде дозалау режимі тимололдың 0,5% концентрациясында әрбір зақымданған көзге 1 тамшыдан тәулігіне 2 рет инстилляциясына өзгертілуі мүмкін. Пациенттердің ерекше топтары Егде жастағы пациенттер Егде жастағы пациенттерде тимололды қолданудың үлкен тәжірибесі жинақталған. Жоғарыда келтірілген дозалау режимі егде жастағы адамдарда препаратты қолдану тәжірибесін ескереді. Балалар 18 жасқа дейінгі балаларда дәрілік заттың тиімділігі мен қауіпсіздігі жөніндегі деректер жоқ. Енгізу әдісі мен жолы Препарат тек офтальмологиялық қолдануға арналған. Жергілікті қолданылатын бета-адреноблокаторлардың жүйелі сіңірілуін мұрын-жас каналын қыса отырып және инстилляциядан кейін 2 минут бойы көз жұмып тұрып төмендетуге болады. Ерітіндінің микробтық ластануының алдын алу үшін сақ болу керек және тамшылатқышты қабаққа, көз айналасындағы жерлерге және басқа беткейлерге тигізбеу керек. Ластанған ерітінділерді қолдану көздің инфекцияларына әкелуі мүмкін және кейіннен көру қабілетінің жоғалуына әкелуі мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.