+225 бонус

НОРМАКС 0,3 % 5 мл гл кап

9:00-ден кейін қолжетімді
4500 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Норфлоксацин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Индия
  • Өндіруші: Ипка Лабораториз Лимитед
Нұсқаулық
Құрамы
Құрамы 1 мл ерітіндінің құрамында: белсенді зат – 3,0 мг норфлоксацин, қосымша заттар: динатрий эдетаты, натрий хлориді, бензалконий хлориді, мұздатылған сірке қышқылы, инъекцияға арналған су.
Қолданылуы
Препаратқа сезімтал микроорганизмдер туындатқан көз және құлақтың жедел және созылмалы инфекциялық-қабынбу ауруларын емдеу үшін: - конъюнктивитте (гонококктікті қоса), кератит - кератоконъюнктивитте - корнеальді ойық жарада - блефаритте - блефароконъюнктивитте - сыртқы отитте - жедел және созылмалы ортаңғы отитте - ішкі отитте - инфекциялық евстахиитте Мөлдір қабықтан немесе конъюнктивадан бөгде денені алып тастағаннан кейін, химиялық немесе физикалық заттардан зақымданғаннан кейін, хирургиялық араласуларға дейін және кейін көз инфекциясының профилактикасында Хирургиялық араласуларға дейін және кейін, құлақтың жарақаттануында, құлақ тіндерінің зақымдануы қатар жүретін сыртқы есту жолына бөгде денені алып тастағаннан кейін инфекциялық отиттердің профилактикасында
Қарсы көрсетілімдер
- препарат компоненттеріне немесе басқа да фторхинолондарға жоғары сезімталдық - жүктілік, лактация кезеңі - балалар және 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер
Дозасы
Қолдану тәсілі және дозалары Зақымданған көзге немесе құлаққа күніне 4 рет 1-2 тамшыдан тағайындайды. Қажет болған кезде қолданудың бірінші күнінде доза 1-2 тамшыдан тәулігіне 4-6 ретке дейін әр 2 сағат сайын арттырылуы мүмкін. Ауру симптомдары қайтқаннан кейін препаратты қолдануды келесі 48 сағат бойына жалғастыру керек. Жедел және созылмалы трахомада 1-2 ай бойы әр көзге 2-4 рет 2 тамшыдан тағайындайды. Жергілікті, күніне әр құлаққа 1-2 тамшыдан 4 рет. Жұқпа жұқтырылуының дәрежесіне байланысты бірінші күні доза әрбір 2 сағат сайын 1-2 тамшыдан. Нормакс тамшысын құлаққа тамызардың алдында сыртқы есту жолына санация жасау керек. Тамшылар дене температурасындай болу керек. Тамызу жеңіл болу үшін пациент бүйірінен жату немесе басын шалқайту керек. Тамызғаннан кейін құлақ сырғалығын төмен және артқа қарай тартып, тамшының есту жолына өтуіне мүмкіндік беріңіз. Басты шамамен 2 минуттай көрсетілген бағытта ұстау керек. Сыртқы есту жолына мақталы турунданы салуға болады. Симптомдар қайтқаннан кейін 48 сағат бойы жалғастыру керек.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.