НОРКОЛУТ 5 мг №20 таб

1400 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Норэтистерон
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Венгрия
  • Өндіруші: ОАО Гедеон Рихтер
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы Бір таблетканың құрамында белсенді зат – 5 мг норэтистерон; қосымша заттар: картоп крахмалы, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, магний стеараты, желатин, тальк, жүгері крахмалы, лактоза моногидраты.
Қолданылуы
Норколут ересектерде келесі көрсетілімдерде: геморрагиялық метроррагияда (жатырдан дисфункциональдік қан кету) етеккір алдындағы синдромда (етеккір алдындағы мастодинияны қоса) етеккір мерзімінің кейінге қалуы (секреторлық фазасының қысқаруымен етеккір оралымы бұзылғанда) эндометриозда меноррагияда дисменореяда қолданылады
Қарсы көрсетілімдер
әсер етуші затқа немесе препараттың қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық жыныстық жетілу кезеңі диагностикаланған немесе болжанған жүктілік лактация кезеңі веналық тромбоэмболияның (ВТЭ) болуы немесе туындау қаупі: веналық тромбоэмболия (ВТЭ) — веналық тромбоэмболияның қазіргі уақытта (антикоагулянттар қабылдау аясында) немесе анамнезінде (мысалы, терең веналар тромбозы [ТВТ] немесе өкпе артериясының тромбоэмболиясы [ТЭЛА]) болуы веналық тромбоэмболияға анықталған тұқым қуалайтын немесе жүре пайда болған бейімділік, мысалы, белсендірілген С протеиніне (V Лейден факторын қоса) резистенттілік, антитромбин III жеткіліксіздігі, С протеині немесе S протеині жеткіліксіздігі ұзақ иммобилизациямен ауқымды операциялық араласымдар көптеген қауіп факторларына байланысты веналық тромбоэмболияның жоғары қаупі артериялық тромбоэмболияның (АТЭ) болуы немесе даму қаупі: артериялық тромбоэмболия — қазіргі уақытта артериялық тромбоэмболияның немесе анамнезінде (мысалы, миокард инфаркті) немесе оның алдындағы жай-күйлер (мысалы, стенокардия) болуы ми қанайналымының бұзылуы-қазіргі уақытта немесе анамнезінде инсульттің немесе оның алдындағы жай-күйлердің болуы (мысалы, транзиторлық ишемиялық шабуыл, ТИШ) артериялық тромбоэмболияға анықталған тұқым қуалайтын немесе жүре пайда болған бейімділік, мысалы, гипергомоцистеинемия және фосфолипидтерге антидене (антикардиолипинді антидене, жегілік антикоагулянт) ошақтық неврологиялық симптоматикасы бар бас сақинасының анамнезінде болуы көптеген қауіп факторларына байланысты артериялық тромбоэмболияның жоғары даму қаупі немесе төменде көрсетілгендерден бір маңызды қауіп факторының болуы: тамырлық бұзылу симптомдары бар қант диабеті артериялық гипертензияның ауыр түрі дислипопротеинемияның ауыр түрі - қазіргі уақыттағы немесе анамнезіндегі бауырдың ауыр ауруы болуы (бауырдың функционалдық көрсеткіштері қалыпқа келгенше) қазіргі уақыттағы немесе анамнезіндегі бауыр ісігі (қатерсіз немесе қатерлі) диагностикаланған немесе болжанған гормонға тәуелді қатерлі ісіктер (мысалы, жыныс органдарының немесе сүт бездерінің) идиопатиялық сарғаю немесе алдыңғы жүктілік кезіндегі айқын қышыну қынаптан этиологиясы белгісіз қан кетулер емделмеген эндометрий гиперплазиясы құрамында омбитасвир/паритапревир/ритонавир және дасабувир бар дәрілік препараттармен, сондай-ақ құрамында глекапревир/пибрентасвир бар препараттармен бір мезгілде қолдану - тұқым қуалайтын галактоза жағымсыздығы, толық лактаза жеткіліксіздігі немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы
Дозасы
Режим дозирования Препарат балаларда қолдануға арналмаған. Геморрагиялық метроррагия (дисфункционалдық жатыр қан кетулері): 1 таблеткадан күніне 3 рет 10 күн бойы. Әдетте, қан кету 1-3 күннен кейін тоқтайды. Әдеттегі етеккірге ұқсас "тоқтату" қан кетуі препаратты тоқтатқаннан кейін 2-4 күннен кейін басталады. Қайталанудың алдын алу үшін келесі екі оралымның 19-дан 26-ға дейін күніне 2 рет 1 таблеткадан тағайындайды. Емдеу тиімділігін қамтамасыз ету үшін Норколут препаратын 10 күн ішінде қабылдау қажет. Сирек жағдайларда, қан кетуді тоқтатқаннан кейін, өте аз қан бөлінділері болуы мүмкін. Мұндай жағдайларда емдеуді үзуге немесе тоқтатуға болмайды. Егер таблеткаларды дұрыс қабылдауға қарамастан, қан кету тоқтамаса, органикалық және экстрагенитальді патологияны (полиптер, жатыр мойны обыры немесе эндометрий, миома, толық емес түсік, жатырдан тыс жүктілік немесе қан ұюының бұзылуы) болдырмау және қажетті шараларды қабылдау қажет. Дәл осындай ұсыныс таблеткаларды қабылдау аясында қан кетуді бастапқы тоқтатқаннан кейін көп мөлшерде қан кету қайта басталған жағдайларға қатысты. Етеккіралды синдромы (етеккіралды мастодиниясын қоса): Етеккір алды синдромның симптомдары, мысалы, бас ауруы, бас сақинасы, сүт бездерінде жайсыздық сезіну, сұйықтықтың іркілісі, тахикардия және психологиялық бұзылулар, Норколут препаратын оралымның 19-дан 26-ға дейін күндері күніне 1-3 таблеткадан қабылдаумен жеңілдетіледі. Емдеу бірнеше оралымда жүзеге асырылады. Емдеу аяқталғаннан кейін симптомдар тағы бірнеше оралымда болмауы мүмкін. Етеккірдің кешігуі (секреторлық фазаның қысқаруымен етеккір оралымының бұзылуы кезінде): Тым қысқа оралымда және ерекше жағдайларда (мысалы, операция, саяхаттау, спортпен айналысу) етеккір қан кетуі басталуын кешіктіруге болады. Норколут препаратының дозасы күніне 3 рет 1 таблетканы құрайды, қабылдауды етеккірдің күтілетін басталуы алдында 3 күн бұрын бастау керек және қабылдауды 10-14 күннен асырмай жалғастыру керек. Етеккір қан кетуі таблеткаларды қабылдауды тоқтатқаннан кейін 2-3 күннен кейін басталуы керек. Бұл әдіс ағымдағы етеккір оралымында жүкті болу мүмкіндігі жоқ әйелдер үшін ғана жарамды. Эндометриоз: Норколут препаратын қабылдау оралымның 1-ден 5-күніне дейінгі кезеңде күніне 2 рет 1 таблеткадан басталады. Егер "жағынды" қан бөлінділері болса, дозаны күніне 2 рет 2 таблеткаға дейін арттыруға болады. Қан кетуді тоқтатқаннан кейін препараттың дозасын бастапқы дозаға дейін төмендетеді. Емдеу кем дегенде 4-6 айға созылады. Препаратты үздіксіз күнделікті қабылдау кезінде овуляция мен етеккір әдетте болмайды. Меноррагия (гиперменорея): 1 таблеткадан күніне 2-3 рет оралымның 19-дан 26-ға дейінгі күндері (оралымның бірінші күні – етеккірдің бірінші күні). Дисменорея: Функционалды немесе бастапқы дисменореяны әрдайым овуляцияны бәсеңдету арқылы жоюға болады. Циклдің 5 күнінен бастап 20 күн ішінде күніне 3 рет 1 таблеткадан қабылданады (циклдің бірінші күні – етеккірдің бірінші күні). Емдеуді 3-4 цикл бойы жалғастыру керек, содан кейін үзіліс жасау керек. Егер симптомдар сақталса, емдеу курстары қайталануы мүмкін. Енгізу әдісі және жолы Таблеткаларды тұтастай, аздаған мөлшердегі сұйықтықпен іше отырып, жұту керек.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.