+232 бонус

НОРБАКТИН 400 мг №10 таб

4640 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Норфлоксацин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Индия
  • Өндіруші: Сан Фармасьютикал Индастриез Лимитед
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында белсенді зат - норфлоксацин 408.12 мг (құрғақ затқа шаққанда – 400.00 мг), қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза, натрий кроскармеллозасы, натрий лаурилсульфаты, жүгері крахмалы, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, магний стеараты, тазартылған тальк, қабығы: гидроксипропилметилцеллюлоза (гипромеллоза), макрогол-400, тазартылған тальк, титанның қостотығы (Е171), тазартылған су.
Қолданылуы
Сезімтал микроорганизмдер туындатқан инфекциялық-қабыну ауруларын емдеуде: - Enterococcus faecalis, Escherichia coli, Klebsiella pneumoniae, Proteus mirabilis, Pseudomonas aeruginosa, Staphylococcus epidermidis, Staphylococcus saprophyticus, Citrobacter freundii, Enterobacter aerogenes, Enterobacter cloacae, Proteus vulgaris, Staphylococcus aureus немесе Streptococcus agalactiae тудырған несеп шығару жолдарының асқынбаған инфекциялары (циститті қоса) - Enterococcus faecalis, Escherichia coli, Klebsiella pneumoniae, Proteus mirabilis, Pseudomonas aeruginosa немесе Serratia marcescens тудырған несеп шығару жолдарының асқынған инфекциялары - жыныс мүшелерінің инфекциялары (Neisseria gonorrhoeae туындатқан асқынбаған гонококктық уретрит және цервицит) - Escherichia coli туындатқан простатит
Қарсы көрсетілімдер
- норфлоксацинге және фторхинолон тобының басқа препараттарына немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - глюкоза-6-фосфат дегидрогеназа тапшылығы - бүйректің ауыр жеткіліксіздігі - норфлоксацинді немесе хинолондар тобының қандай да бір өзге препаратын қолданумен байланысты анамнездегі тендинит, сіңірлердің үзілуі
Дозасы
Емдеу ұзақтығы Норбактиннің ұсынылатын дозалары: Инфекциялар Атауы Бір реттік доза Жиілігі Ұзақтығы Тәуліктік доза Несеп шығару жолдары Escherichia coli, Klebsiella pneumoniae немесе Proteus mirabilis туындатқан несеп шығару жолдарының асқынбаған инфекциялары (цистит) 400 мг әрбір 12 сағат 3 күн 800 мг Препарат әсеріне сезімтал басқа микроорганизмдер туындатқан несеп шығару жолдарының асқынбаған инфекциялары 400 мг әрбір 12 сағат 7 - 10 күн 800 мг Несеп шығару жолдарының асқынған инфекциялары 400 мг әрбір 12 сағат 10 - 21 күн 800 мг Жыныс мүшелерінің инфекциялары Асқынбаған гонорея 800 мг бір рет 1 күн 800 мг Простатит Жедел немесе созылмалы 400 мг әрбір 12 сағат 28 күн 800 мг Бүйрек жеткіліксіздігі Норбактин бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде несеп шығару жолдарының инфекцияларын емдеу үшін пайдаланылуы мүмкін. Креатинин клиренсі 30 мл/мин/1.73м2 немесе одан төмен пациенттерде ұсынылған доза жоғарыда көрсетілген уақыт ішінде күніне бір рет 400 мг 1 таблетканы құрайды. Бұл дозада несептегі препарат концентрациясы норфлоксацинге сезімтал несеп жолының ауру тудыратын микроорганизмдерінің көпшілігі үшін, тіпті креатинин клиренсі 10 мл/мин/1.73 м2 төменді құраған жағдайда да ең төменгі тежейтін концентрациядан асып кетеді. Егде жастағы пациенттар Креатинин клиренсі 30 мл/мин/1.73 м2 немесе одан төмен егде жастағы пациенттерде несеп шығару жолдарының инфекцияларын емдегенде препаратты күніне бір рет 400 мг қабылдау қажет. Поливитаминдер, құрамында темір немесе мырыш бар препараттар, құрамында магний және алюминий бар антацидтер, сукральфат немесе құрамында диданозин бар препараттар Норбактин таблеткаларын қабылдаудан кейін 2 сағат ішінде қабылданбауы тиіс.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.