+519 бонус

НООФЕН 500 мг №24 капс

10390 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Фенибут
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Латвия
  • Өндіруші: Олайнфарм АО
Нұсқаулық
Құрамы
Бір капсуланың құрамында белсенді зат – фенибут 500 мг қосымша заттар: картоп крахмалы, модификацияланған жүгері крахмалы, кальций стеараты. Капсула корпусы мен қақпағының құрамы: титанның қостотығы (Е 171), желатин.
Қолданылуы
астениялық және үрейлік-невроздық жағдайлар: мазасыздық, қорқыныш, үрей егде жастағы адамдарда ұйқысыздық және түнгі мазасыздық стресс жағдайында, операциялар алдында профилактика Меньер ауруы, шығу тегі әртүрлі вестибулярлық анализатордың дисфункциясымен байланысты бас айналуы кинетоз профилактикасы (жүректің айнуы, құсу, селқостық және вестибулярлық аппараттың бұзылуымен сипатталатын және қозғалыстағы объектіде, мысалы, қайыққа немесе ұшаққа отырудан туындаған ерекше жағдай) 14 жастан асқан балалардағы кекештенуді, тартылуларды емдеу алкогольді абстиненция синдромын бәсеңдетуге арналған қосымша дәрі
Қарсы көрсетілімдер
препараттың әсер етуші затына немесе қосымша заттарына жоғары сезімталдық 14 жасқа дейінгі балалар (осы доза үшін)
Дозасы
Астениялық және үрейлік-невроздық жай-күй Доза күніне үш реттен 250500 мг құрайды. Ең жоғарғы бір реттік доза 750 мг, 60 жастан асқан пациенттерге – 500 мг құрайды. Емдеу курсы 2-3 аптаны құрайды. Қажет жағдайда курсты 4-6 аптаға дейін ұзартуға болады. Меньер ауруы және шығу тегі әртүрлі вестибулярлық анализатор бұзылуымен байланысты бас айналу Шығу тегі инфекциялық вестибулярлық анализатор қызметінің бұзылуы және Меньер ауруының өршуі кезінде: доза 57 күн бойы күніне үш реттен 750 мг құрайды; вестибулярлық бұзылыстарды төмендету кезінде емді 57 күн бойы күніне үш рет 250500 мг қабылдай отырып жалғастырады; кейін тағы 5 күн бойы күніне бір рет 250 мг. Аурудың жеңіл ағымы кезінде 57 күн бойы күніне екі рет 250 мг, кейін 710 күн бойы күніне бір рет 250 мг қабылдайды. Васкулярлық және травматикалық шығу тегі вестибулярлық анализатордың бұзылуынан туындаған бас айналуды жою үшін 12 күн бойы күніне үш рет 250 мг қабылданады. Кинетоз профилактикасы Доза күтілетін шайқалуға дейін бір сағат бұрын немесе кинетоздың алғашқы симптомдары пайда болғанда (мысалы, жүрек айнуы) 250500 мг құрайды. Дәрілік затты айқын симптомдар (мысалы, құсу) кезінде қолдану тиімділігі аз. Алкогольдік абстиненция синдромының кешенді емінде қосымша зат Алғашқы күндері күніне үш рет 250500 мг және түнде 750 мг қабылдайды, содан кейін дозаны біртіндеп төмендетеді. Пациенттердің ерекше топтары Балалар Кекештену және тартылулар 14 жастан асқан балалар: 250 мг күніне үш рет. Емдеу курсының ұзақтығы 26 апта. Ноофен 500 мг қатты капсулалары 14 жасқа дейінгі балаларда қолдануға жарамсыз (бір капсуладағы әсер етуші заттың мөлшері жоғары). Бауыр функциясы бұзылған пациенттер Бауыр функциясы бұзылған пациенттерде Ноофен препаратының жоғары дозалары бауырға уытты әсер етуі мүмкін. Осы топтағы пациенттер ең аз тиімді дозаны қабылдаған жөн. Бүйрек функциясы бұзылған пациенттер Емдік дозаларда дәрілік затты қабылдау кезінде бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде Ноофен препаратының жағымсыз әсері туралы деректер жоқ. Енгізу әдісі мен жолы Капсулаларды тамақтан кейін, судың жеткілікті мөлшерімен іше отырып, ішке қабылданады. Капсуланы шайнауға болмайды. Дозасы мен емдеудің ұзақтығын дәрігер анықтайды.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.