+376 бонус

НООФЕН 250 мг №20 капс

7520 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Фенибут
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Латвия
  • Өндіруші: АО Олфа
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір капсуланың құрамында белсенді зат – фенибут 250 мг қосымша заттар: лактоза моногидраты, картоп крахмалы, кальций стеараты. Капсула корпусы мен қақпағының құрамы: титанның қостотығы (Е171), желатин.
Қолданылуы
Астениялық және үрейлік-невроздық жағдайлар: мазасыздық, қорқыныш, үрей; егде жастағы пациенттерде – ұйқысыздық, түнгі мазасыздық; операциялар алдындағы стресс жағдайы профилактикасы Шығу тегі әртүрлі вестибулярлық анализатордың дисфункциясымен байланысты Меньер ауруы және бас айналуы Кинетоз профилактикасы (өзіне тән симптомдары бар вестибулярлық аппараттың ерекше бұзылуы: қозғалыстағы көлікте, мысалы, қайыққа немесе ұшаққа отырудан туындаған жалпы дімкәстық, жүректің айнуы, құсу) Балалардағы кекештенуді және тартылуды емдеу Алкогольді абстиненция синдромын бәсеңдетуге арналған кешенді ем құрамындағы қосымша зат
Қарсы көрсетілімдер
препараттың әсер етуші затына немесе қосымша заттарына жоғары сезімталдық 11 жасқа дейінгі балалар (осы дәрілік түр үшін)
Дозасы
Ересектерге күніне 3 реттен 250-500 мг тағайындайды. Ең жоғарғы бір реттік доза: ересектер үшін750 мг, 60 жастан асқан адамдарға 500 мг. Емдеу курсы 2-3 апта. Қажет жағдайда курсты 4-6 аптаға дейін ұзартуға болады. 11-ден 14 жасқа дейінгі балаларға 250 мг күніне 2-3 рет. 14 жастан асқан балаларға  ересектерге арналған доза.  Алкогольді абстиненция синдромын бәсеңдету үшін алғашқы күндері күніне 3 рет 250-500 мг және түнге қарай 750 мг тәуліктік дозаны әдеттегі дозаға дейін біртіндеп төмендету арқылы қабылдайды. Шығу тегі инфекциялық вестибулярлық анализатор қызметінің бұзылуы (отогенді лабиринтит) және Меньер ауруының өршуі кезіндегі бас ауыруында 5-7 күн бойы 750 мг-нан тәулігіне 3-4 рет тағайындайды. Вестибулярлық бұзылыстардың айқындылығын төмендету кезінде250-500 мг препараттан 5-7 күн бойы  тәулігіне 3 рет және  содан кейін 250 мг-нан тағы 5 күн бойы тәулігіне 1 рет қабылдайды. Аурудың жеңіл ағымы кезінде – 5-7 күн бойы тәулігіне 2 рет 250 мг, кейін 7-10 күн бойы тәулігіне 1 рет 250 мг қабылдайды. Вестибулярлық анализатордың шығу тегі тамырлық және жарақаттық дисфункциясы кезінде бас айналуды емдеу үшін 12 күн бойы тәулігіне 3 рет 250 мг тағайындайды. Теңізде жүзу жағдайларында шайқалудың профилактикасы үшін болжамды шайқалу басталғанға дейін бір сағат бұрын немесе теңіз ауруының алғашқы белгілері пайда болған кезде бір рет 250-500 мг тағайындайды. Препараттың дозасы артқан сайын Ноофеннің шайқалуға қарсы әсері күшейеді. Теңіз ауруының айқын көріністері (құсу және т.б.) пайда болған кезде препаратты қабылдау тіпті 750-1000 мг дозада да тиімсіз. Әуе ауруы профилактикасы үшін ұшудан бір сағат бұрын 250-500 мг бір рет тағайындайды.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.