+90 бонус

НОЛЬПАЗА 40 мг №28 таб п/о

1800 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Пантопразол
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Словения
  • Өндіруші: КРКА, д.д., Ново место
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы Бір таблетканың құрамында белсенді зат - пантопразол натрий сесквигидраты, 45,10 мг (40 мг пантопразолға баламалы) қосымша заттар: маннитол, кросповидон (A типі), кросповидон (В типі), натрий карбонаты, сорбитол (Е420), кальций стеараты, ішекте еритін қабықтың құрамы: гипромеллоза (2,4-3,6 mPas), повидон (К25), титанның қостотығы (E171), темірдің сары тотығы (E172), пропиленгликоль, *метакрил қышқылы – этилакрилат сополимері (1:1) 30% дисперсиясы, тальк, макрогол 6000 *метакрил қышқылы – этилакрилат сополимері мен судан басқа натрий лаурилсульфаты және полисорбат 80 бар
Қолданылуы
Ересектер мен 12 жастан асқан жасөспірімдер - рефлюкс-эзофагит Ересектер - Н.pylori инфекциясымен астасқан ойық жара ауруы бар пациенттерде тиісті бактерияға қарсы еммен біріктірілген Helicobacter pylori (H. pylori) эрадикациясы - асқазан мен он екі елі ішек ойықжара ауруы - Золлингер-Эллисон синдромы және басқа да патологиялық гиперсекрециялық жағдайлар
Қарсы көрсетілімдер
- пантопразолға, алмастырылған бензимидазолдарға немесе кез келген қосымша заттарға аса жоғары сезімталдық - атазанавирмен бір мезгілде қолдану - фруктозаның тұқым қуалайтын жақпаушылығы (сорбитолдың болуына байланысты) -12 жасқа дейінгі балалар
Дозасы
Ересектер мен 12 жастан асқан жасөспірімдер Рефлюкс-эзофагит: ішуге ұсынылатын доза тәулігіне 40 мг бір таблетканы құрайды. Жекелеген жағдайларда дозаны екі еселеуге болады (тәулігіне 40 мг-нан 2 таблеткаға дейін арттыру), әсіресе басқа емге жауап ретінде клиникалық жақсарту болмаған кезде. Рефлюкс-эзофагитті емдеу үшін 4 апталық емдеу курсы қажет, қажет болған жағдайда терапияны тағы 4 апта жалғастырады. Ересектер Эрадикация H.pylori екі тиісті антибиотиктермен біріктірілімде: H. pylori байланысты асқазан мен он екі елі ішектің ойық жарасы бар пациенттерде бактериялардың эрадикациясын біріктірілген емнің көмегімен жүргізу керек. Емдеуді бактерияларға резистенттілікке және тиісті түрде пайдалануға және бактерияға қарсы дәрілерді тағайындауға қатысты ресми жергілікті нұсқауларды (мысалы, ұлттық ұсынымдар) ескере отырып жүргізген жөн. Резистенттіліктің сипатына байланысты H. pylori эрадикациясы үшін келесі біріктірілімдер ұсынылуы мүмкін: а) Нольпаза® 40 мг тәулігіне 2 рет + амоксициллин 1000 мг тәулігіне 2 рет + кларитромицин 500 мг тәулігіне 2 рет б) Нольпаза® 40 мг тәулігіне 2 рет + метронидазол 400 - 500 мг тәулігіне 2 рет (немесе 500 мг тинидазол) + кларитромицин 250 – 500 мг тәулігіне 2 рет в) Нольпаза® 40 мг тәулігіне 2 рет + амоксициллин 1000 мг тәулігіне 2 рет + метронидазол 400 – 500 мг тәулігіне 2 рет (немесе 500 мг тинидазол). H. pylori бактериясы туындатқан инфекцияның эрадикациясы мақсатында біріктірілген емнің шеңберінде Нольпаза® препаратының екінші таблеткасын кешкі тамақтанғанға дейін 1 сағат бұрын қабылдау керек. Біріктірілген ем әдетте 7 күн бойы жүргізіледі және тағы 7 күн бойы жалғасуы мүмкін (жалпы ұзақтығы - 2 аптаға дейін). Егер ойық жаралардың жызалу кепілдігін қамтамасыз ету үшін пантопразолмен емдеуді одан әрі жалғастыру көрсетілсе, асқазан мен он екі елі ішектің ойық жара ауруы кезінде препаратты дозалау жөніндегі ұсынымдарға сәйкес тиісті дозаларды қолдану керек. Егер біріктірілген ем қолданылмаса, мысалы Нольпаза® препаратымен монотерапия кезінде H. pylori тесттің теріс нәтижесі бар пациенттерге келесі дозалар қолданылуы мүмкін: Асқазанның ойықжара ауруын емдеу Ұсынылатын доза тәулігіне 40 мг 1 таблетка. Жекелеген жағдайларда дозаны екі еселеуге болады (тәулігіне 40 мг 2 таблеткаға дейін арттыру), әсіресе емдеуге клиникалық жауап болмаған жағдайларда. Асқазан ойықжарасын емдеу үшін қажетті емдеу курсы 4 апта. Егер бұл жеткіліксіз болса, жақсартуға келесі 4 апта ішінде қол жеткізіледі. Он екі елі ішектің ойықжара ауруын емдеу Ұсынылатын доза тәулігіне 40 мг 1 таблетка. Тиімсіз болған жағдайда дозаны тәулігіне 80 мг (40 мг-дан 2 таблетка) дейін екі еселеуге болады. Он екі елі ішек ойықжара ауруының жазылуына әдетте емнің келесі 2 аптасында қол жеткізуге болады. Егер емдеудің 2 аптасы жеткіліксіз болса, келесі 2 апта ішінде жақсартуға қол жеткізіледі. Золлингер-Эллисон синдромы және асқазанның жоғары секрециясымен байланысты басқа да патологиялық жағдайлар Золлингер-Эллисон синдромы бар пациенттерді және басқа да патологиялық гиперсекрециялық жағдайларды ұзақ уақыт емдеу үшін емдеуді 80 мг (40 мг-дан 2 таблетка) тәуліктік дозадан бастау керек. Содан кейін, қажет болған жағдайда, асқазан сөлінің қышқылдық көрсеткіштеріне байланысты дозаны арттыруға немесе азайтуға болады. Тәулігіне 80 мг жоғары дозада дозаны күніне екі қабылдауға бөлу керек. Пантопразол дозасын 160 мг-дан жоғары уақытша арттыруы мүмкін, бірақ ол қышқылдықты бақылауға қол жеткізу үшін талап етілгеннен ұзақ жалғаспауы тиіс. Золлингер-Эллисон синдромы кезінде және басқа да патологиялық гиперсекрециялық жағдайларда емдеу ұзақтығы шектелмейді және емдеу мерзімдері клиникалық қажеттілікке байланысты анықталуы мүмкін. Пациенттердің ерекше топтары Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер Бауырдың ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде пантопразолдың тәуліктік дозасы тәулігіне 20 мг (пантопразолдың 1 таблеткасы 20 мг) аспауы тиіс. Пантопразолды бауыр функциясының орташа және ауыр бұзылуы бар пациенттерде H. pylori эрадикациясы мақсатында біріктірілген ем құрамында қолдануға болмайды. Қазіргі уақытта пантопразолдың осы пациенттерді емдеудегі тиімділігі мен қауіпсіздігі туралы деректер жоқ. Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер Бүйрек функциясы бұзылған пациенттерге дозаны түзету қажет емес. Пантопразолды бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде H. pylori эрадикациясы мақсатында біріктірілген емдеу кезінде қолдануға болмайды, өйткені қазіргі уақытта осы пациенттерді емдеу кезінде пантопразолдың тиімділігі мен қауіпсіздігі туралы деректер жоқ. Егде жастағы пациенттер Егде жастағы пациенттерге дозаны түзету қажет емес. Балалар Осы жас тобындағы қауіпсіздік пен тиімділік туралы шектеулі деректерге байланысты 12 жасқа толмаған балаларға пантопразолды қолдану ұсынылмайды. Енгізу әдісі мен жолы Ішке қабылдау үшін. Нольпаза® препаратының ішекте еритін таблеткаларын шайнауға немесе жаншуға болмайды, оларды аз мөлшердегі сұйықтықпен тамақтанғанға дейін ішу керек.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.