+71 бонус

НОЛЬПАЗА 40 мг №1 фл. пор.

1420 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Пантопразол
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Португалия
  • Өндіруші: Валдефарм/КРКА д.д., Ново место
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір құтының ішінде белсенді зат - натрий пантопразолы* 42,3 мг (40,0 мг пантопразолға баламалы) қосымша заттар: парентеральді қолдануға арналған маннитол, натрий цитратының дигидраты, натрий гидроксидінің 1 М ерітіндісі, инъекцияға арналған су * 45,1 мг натрий пантопразол сесквигидратына баламалы
Қолданылуы
Нольпаза® ересектерде қолдануға көрсетілген: - асқазан мен он екі елі ішектің ойықжара ауруы - рефлюкс-эзофагит - Золлингер-Эллисон синдромы немесе асқазан сөлінің патологиялық гиперсекрециясымен сипатталатын басқа да жағдайлар
Қарсы көрсетілімдер
бензимидазолды алмастыратын препараттың әсер етуші затына және кез келген қосымша заттарға жоғары сезімталдық атазанавирді бір мезгілде қолдану 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер
Дозасы
Препараттың парентеральді түрі, егер таблетка түрінде ішу мүмкін болмаса немесе жеткіліксіз тиімді болмаған жағдайларда қолданылады. Аурудың симптомдарын толық бақылау үшін 7 күн емдеу қажет болуы мүмкін. Осыған орай, пациент препаратты ішу арқылы қабылдай алатын болғаннан кейін, Нольпазаны венаға енгізіп емдеуді тоқтатып, пероральді 40 мг пантопразолды тағайындау керек. Қолдануға дайын инъекцияға арналған ерітіндіні алу үшін ұнтақ бар құтыға 10 мл 0,9%-дық физиологиялық ерітіндіні қосады. Алынған ерітіндіні бірден (веналық болюсті инъекция үшін) немесе алдын ала 100 мл 0,9%-дық физиологиялық ерітіндімен немесе 5%-дық глюкоза ерітіндісімен (веналық инфузия үшін) араластырып қолдануға болады. Дайын ерітіндіні дайындағаннан кейін 12 сағат ішінде пайдалану керек. Препаратты венаға енгізу 2-ден 15 минутқа дейін жүзеге асырылуы тиіс. Асқазанның және он екі елі ішектің ойықжара ауруы, гастроэзофагеальді рефлюкс ауруы (ГЭРА) Препараттың ұсынылатын дозасы тәулігіне 40 мг құрайды. Золлингер-Эллисон синдромы және асқазан сөлінің патологиялық гиперсекрециясымен сипатталатын басқа да жағдайлар Золлингер-Эллисон синдромын және асқазан сөлінің патологиялық гиперсекрециясымен сипатталатын басқа да жағдайларды ұзақ емдеген кезде емдеудің бастапқы кезеңінде венаға енгізу үшін Нольпаза® дәрілік препаратының ұсынылатын тәуліктік дозасы 80 мг құрайды. Кейіннен асқазан сөлінің рН мәніне байланысты дозаны көбейту немесе азайту мүмкін. Препаратты 80 мг-нан асатын тәуліктік дозада тағайындаған жағдайда, бұл дозаны бөлуге және инъекцияларды тәулігіне екі рет орындауға болады. Нольпазаның тәуліктік дозасын 160 мг-ға дейін уақытша арттыруға жол беріледі. Емдеу курсы шектеусіз және оның ұзақтығы клиникалық жағдайға байланысты. Пациенттердің ерекше топтары Бауыр функциясының жеткіліксіздігі бар пациенттерде дәрілік препараттың тәуліктік дозасы 20 мг пантопразолдан (40 мг дозадағы пантопразол 1/2 құты) аспауы тиіс. Бүйрек функциясы бұзылған егде жастағы пациенттерге дозаны түзету қажет емес. 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерде 40 мг дозасы бар инъекцияға арналған ерітінді дайындауға арналған ұнтақ түріндегі Нольпаза® дәрілік препаратының қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған. Сондықтан инъекцияға арналған 40 мг дозасы бар ерітінді дайындауға арналған ұнтақ түріндегі Нольпаза® дәрілік препаратын 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге қолдануға ұсынылмайды. Енгізу әдісі мен жолы Препарат венаға енгізуге арналған. Қолдануға дайын ерітіндіні венаға енгізуге арналған 10 мл натрий хлоридінің 9 мг/мл (0,9%) концентрациядағы ерітіндісін лиофилизацияланған ұнтағы бар құтыға енгізеді. Ерітіндіні тікелей осы түрде немесе алдын ала 100 мл натрий хлориді ерітіндісімен 9 мг/мл (0,9%) концентрациядағы инъекцияға арналған глюкоза ерітіндісімен немесе 50 мг/мл концентрациядағы инъекцияға арналған глюкоза ерітіндісімен (5%) араластырып енгізуге болады. Сұйылту үшін шыны немесе пластикалық ыдыстарды пайдалану керек. Нольпаза® 40 мг, инъекцияға арналған ерітінді дайындауға арналған ұнтақ, тек көрсетілген еріткіштерді пайдалана отырып, қалпына келтіруге және араластыруға болады. Құтының ішіндегісі венаға тек бір рет енгізуге арналған. Ыдыста қалған кез келген артық препаратты немесе препараттың сыртқы түрі өзгерген кезде (мысалы, лайланған немесе шөгінді болған жағдайда) жою қажет. Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі Дайындалған ерітінді дайындағаннан кейін 12 сағат ішінде пайдалану керек. Микробиологиялық тұрғыдан препаратты дереу пайдалану керек. Егер ерітінді дайындағаннан кейін бірден қолданылмаса, онда сақтау мерзімі мен шарттары үшін тұтынушы жауапты болады. Емдеу ұзақтығы Дәрілік препарат 2 - 15 минут ішінде венаға инъекция түрінде енгізіледі.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.