+189 бонус

НОЛИПРЕЛ ФОРТЕ АРГИНИН 5 мг/1,25 мг №30 таб

3780 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Периндоприл в комбинации с диуретиками
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Франция
  • Өндіруші: Les Laboratoires Servier
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында белсенді заттар: 5 мг периндоприл аргинині (3,395 мг периндоприлге баламалы), 1,250 мг индапамид, қосымша заттар: лактоза моногидраты, магний стеараты, мальтодекстрин, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, натрий крахмалы гликоляты (А типі), үлбірлі қабығы: глицерол, гипромеллоза, макрогол 6000, магний стеараты, титанның қостотығы Е 171.
Қолданылуы
Ересектердегі эссенциальді артериялық гипертензияда
Қарсы көрсетілімдер
Периндоприлмен байланысты: белсенді затқа немесе АӨФ кез келген басқа тежегішіне жоғары сезімталдық анамнезде АӨФ тежегішімен емдеуге байланысты ангионевроздық ісіну (Квинке ісінуі) тұқым қуалайтын немесе идиопатиялық ангионевроздық ісіну жүктіліктің екінші және үшінші триместрі қант диабеті бар немесе бүйрек функциясы бұзылған (ШСЖ < 60 мл/мин/1,73 м²) пациенттерде Нолипрел Форте Аргининді құрамында алискирен бар препараттармен бір мезгілде қолдану сакубитрилмен/валсартанмен емдеуде бір мезгілде қолдану. Сакубитрил/валсартанның соңғы дозасын қабылдау мен Нолипрел Форте Аргинин препаратымен емдеуді бастау арасында кемінде 36 сағат аралықты сақтау қажет - қанның теріс зарядталған беткеймен жанасуына әкелетін экстракорпоральді қан айналу - бүйрек артерияларының елеулі екі жақты стенозы немесе қызмет атқаратын бір бүйректегі артерия стенозы - бүйрек артерияларының екі жақты стенозы немесе қызмет атқаратын бір бүйректің болуы - теріс зарядталған беткейлермен қанның жанасуына әкелетін экстракорпоральді қан айналымы (диализ, гемофильтрация) Индапамидпен байланысты: белсенді затқа немесе кез келген басқа сульфаниламидті препаратқа жоғары сезімталдық бүйрек функциясының ауыр жеткіліксіздігі (креатинин клиренсі минутына 30 мл-ден төмен) бауыр энцефалопатиясы бауыр функциясының ауыр жеткіліксіздігі гипокалиемия Емдеу тәжірибесінің жоқтығымен байланысты, Нолипрел Форте Аргининді келесі жағдайларда қолданбаған жөн: диализ жүргізу қажеттілігі бар пациенттерде емделмеген декомпенсацияланған жүрек функциясының жеткіліксіздігі бар пациенттерде - 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер
Дозасы
эссенциальді гипертензия Нолипрел Форте Аргинин - таңертеңгі тамақ алдында күніне 1 таблеткадан. Егер артериялық қысым емдеудің 1 айы ішінде төмендемесе, онда дозаны екі еселеу қажет. Егде жастағы пациенттер: Егде жастағы пациенттерде плазмадағы креатинин мөлшерінің көрсеткіштері жасын, салмағын және жынысын ескере отырып түзетілуі тиіс. Егде жастағы пациенттерге препаратты бүйрек функциясы қалыпты болған жағдайда тағайындайды, мұндайда АҚ төмендеу дәрежесін бақылаған жөн. Бүйрек функциясының жеткіліксіздігі бар пациенттер: Бүйрек функциясының ауыр жеткіліксіздігі бар (креатинин клиренсі (КК) минутына 30 мл-ден азырақ) пациенттерге препаратты қолдануға болмайды. Бүйрек функциясының орташа жеткіліксіздігінде (креатинин клиренсі (КК) 30-60 мл/мин) ең жоғары тәуліктік дозасы күніне Нолипрел Форте Аргининнің бір таблеткасы. Емдеу аясында КК ≥ 60 мл/мин пациенттерге қан плазмасындағы креатинин және калий концентрацияларын ұдайы бақылау қажет. Бауыр функциясы бұзылған пациенттер: Препаратты бауыр функциясының ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерге қолдануға болмайды. Бауыр функциясының орташа айқын жеткіліксіздігінде дозаны түзету қажет емес. Балалар және жасөспірімдер: Нолипрел Форте Аргининді 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге, осы жас тобында препаратты қолданудың тиімділігі мен қауіпсіздігі жөнінде деректер жоқ болғандықтан, тағайындамаған жөн. Енгізу әдісі мен жолы Пероральді қабылдау.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.