+283 бонус

НОЛИПРЕЛ БИ ФОРТЕ 10 мг/2,5 мг№ 30 таб Периндоприл / Индапамид

5670 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Периндоприл в комбинации с диуретиками
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: РОССИЯ
  • Өндіруші: Лаборатории Сервье
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында белсенді заттар: 10 мг периндоприл аргинині (6,79 мг периндоприлге баламалы), 2,5 мг индапамид, қосымша заттар: лактоза моногидраты, магний стеараты, мальтодекстрин, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, натрий крахмалы гликоляты (А типі). үлбірлі қабығы: глицерол, гипромеллоза, магний стеараты, макрогол 6000, магний стеараты, титанның қостотығы Е 171.
Қолданылуы
Нолипрел Би-форте біріктірілген препараттағы дозаларда периндоприл мен индапамидті бір мезгілде қабылдау арқылы артериялық қысымды бақылауға қол жеткізген пациенттерге эссенциальді гипертензияны емдеу үшін ауыстыру препараты ретінде тағайындалады.
Қарсы көрсетілімдер
Периндоприлмен байланысты: белсенді затқа немесе басқа АӨФ тежегіштеріне жоғары сезімталдық АӨФ тежегішін қабылдаумен байланысты анамнездегі ангионевроздық ісіну (Квинке ісінуі) тұқым қуалайтын/идиопатиялық ангионевроздық ісіну жүктіліктің екінші және үшінші триместрі қант диабеті немесе бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде (ШСЖ < 60 мл/мин/1,73м²) алискирен негізіндегі препараттармен Нолипрел Би-фортені бір мезгілде қолдану сакубитрилмен/валсартанмен емдеуде бір мезгілде қолдану. Сакубитрил/валсартанның соңғы дозасын қабылдау мен Нолипрел Би-форте препаратымен емдеуді бастау арасында кемінде 36 сағат аралықты сақтау қажет қан теріс зарядталған беткейлермен байланысатын экстракорпоральді емшаралар бүйрек артериясының айқын екіжақты стенозы немесе жұмыс істейтін жалғыз бүйрек артериясының стенозы Индапамидпен байланысты: - белсенді затқа немесе басқа сульфонамидтерге жоғары сезімталдық. - бүйрек функциясының ауыр бұзылуы (креатинин клиренсі 60 мл/мин төмен). - бауыр энцефалопатиясы. - бауыр функциясының ауыр бұзылуы. - гипокалиемия. Нолипрел Би-фортемен байланысты: - қосымша заттарға аса жоғары сезімталдық. Нолипрел Би-форте емдік тәжірибенің жеткіліксіздігіне байланысты: - диализдегі пациенттерге - декомпенсация сатысындағы емделмеген жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттерге тағайындауға болмайды.
Дозасы
Нолипрел Би-форте күніне 1 таблеткадан, таңертеңгі тамақ алдында қабылданады. Енгізу әдісі мен жолы Пероральді қабылдау.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.