+147 бонус

НОЛИЦИН 400 мг №20 таб

2950 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Норфлоксацин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Словения
  • Өндіруші: КРКА, д.д., Ново место
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында белсенді зат – норфлоксацин, 400 мг, қосымша заттар: повидон, натрий крахмалы гликоляты, А типі, микрокристалды целлюлоза, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, магний стеараты, тазартылған су, үлбірлі қабық құрамы: гипромеллоза, тальк, титанның қостотығы (Е171), 12000 FDC сары бояғыш №6 (Е110), пропиленгликоль.
Қолданылуы
Емдеу - әйелдердегі жедел және қайталамалы цистит - төменгі несеп шығару жолдарының жедел инфекциясы - созылмалы бактериялық простатит - соз - бактериялық гастроэнтерит Профилактика - иммундық тапшылығы бар пациенттердегі асқазан-ішек жолының деконтаминациялануы. Норфлоксацинді, егер әдетте ұсынылатын бактерияға қарсы басқа препараттарды қолдануға болатын болса, саяхатшы диареясын болдырмау, қалыпты бактериялық инфекцияларды емдеу үшін қолдануға болмайды. Төзімді бактериялардың дамуын төмендету және норфлоксацин мен бактерияға қарсы басқа препараттардың тиімділігін сақтау үшін норфлоксацин расталған немесе күмәнді бактериялық инфекцияны емдеу және профилактикасы үшін ғана қолданылу керек. Қоздырғыш және флора сезімталдығын зерттеу туралы ақпарат болған жағдайда оны бактерияға қарсы емді таңдау немесе модификациялау кезінде ескеру керек. Ондай ақпарат болмаған жағдайда жергілікті эпидемиология және өсірінділер сезімталдығының деректері эмпирикалық емді таңдауға ықпал етуі мүмкін.
Қарсы көрсетілімдер
- әсер еуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне немесе фторхинолондар тобындағы басқа препараттарға аса жоғары сезімталдық
Дозасы
Нолицин® препаратын үнемі емдеуші дәрігер нұсқауларымен толық сәйкестікте қабылдаңыз. Күмән пайда болғанда емдеуші дәрігермен немесе фармацевтпен кеңесіңіз. Дәрігер дозаны және емдеу ұзақтығын ауруға сәйкес таңдайды. Әдеттегі доза тәулігіне екі рет 1 таблетканы (400 мг) құрайды. Емдеу кезінде тәуліктік диурезді қалып шегінде ұстап тұру қажет.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.