+228 бонус

НОЛАКСЕН 25мг/25мг №20 таб

9:00-ден кейін қолжетімді
4570 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Гидрохлоротиазид в комбинации с калийсберегающими препаратами
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: ТУРЦИЯ
  • Өндіруші: УОРЛД МЕДИЦИН ЛИМИТЕД
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы Бір таблетканың құрамында белсенді заттар: 25 мг спиронолактон, 25 мг гидрохлоротиазид, қосымша заттар: жүгері крахмалы, лактоза, микрокристалды целлюлоза, повидон (К30), натрий крахмалгликоляты, магний стеараты, қабықтың құрамы: гипромеллоза (Е15), титанның қостотығы (Е171), сансет сары лагы (Е110), тальк, пропиленгликоль.
Қолданылуы
Ісіну синдромы: іркілісті жүрек жеткіліксіздігі кезінде (организмдегі ісіну мен натрийдің шамадан тыс мөлшерін жою үшін басқа дәрілік заттармен емдеуге ішінара жауап беретін немесе оларға жақпаушылық дамитын пациенттерде; басқа дәрілік заттарды пайдалану орынсыз деп танылғанда, іркілісті жүрек жеткіліксіздігіне шалдыққан пациенттерде диуретиктерді қабылдаумен байланысты гипокалиемияны жою үшін; басқа дәрілік заттардың тиімділігі жеткіліксіз болғанда немесе оларды пайдалану орынсыз болып саналғанда, жүрек гликозидтерін қабылдап жүрген, іркілісті жүрек жеткіліксіздігіне шалдыққан пациенттерде ); ісінумен және/немесе асцитпен қабаттасқан бауыр циррозында (бұл жағдайда қан плазмасындағы альдостерон деңгейі айтарлықтай жоғарылауы мүмкін; Нолаксен препаратымен жүргізілетін демеуші еммен қатар пациенттерге төсек режимі және сұйықтық пен натрийдің тұтынуын шектеу көрсетіледі); нефроздық синдромда (глюкокортикостероидтармен (ГКС) және басқа диуретиктермен емдеуге жауап бермейтін нефроздық синдромы бар пациенттерде; спиронолактон мен гидрохлоротиазидтің біріктірілімі негізгі патологиялық процеске әсер етпейді). Артериялық (эссенциальді) гипертензия (эссенциальді гипертензиямен ауыратын пациенттерде, басқа дәрілік заттардың тиімділігі жеткіліксіз болғанда немесе оларды пайдалану орынсыз болып саналғанда; гипертензияға шалдыққан пациенттерде басқа дәрілік заттарды пайдалану орынсыз болып саналған кезде диуретиктерді қабылдауға байланысты гипокалиемияны жою үшін). Белгіленген дозалардағы дәрілік заттардың біріктірілімдерінен тұратын препараттар аурудың бастапқы емі ретінде көрсетілмеген. Пациент үшін біріктірілім компоненттерінің әрқайсысының тиімді дозалары бөлек белгіленуі керек және егер бұл жеке белгіленген тиімді дозалар біріктірілген дәрілік препарат компоненттерінің белгіленген дозаларына сәйкес келсе, онда пациент үшін оны қолдану анағұрлым ыңғайлы болуы тиіс. Демеуші ем кезінде біріктірілім компоненттерінің қайсыбіреуінің дозасын түзету қажет болған жағдайда дәрілік заттарды бөлек қабылдауға көшу ұсынылады.
Қарсы көрсетілімдер
әсер етуші затқа (заттарға) немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық сульфаниламид туындыларына аллергиялық реакциялар анурия Аддисон ауруы бүйректің жедел жеткіліксіздігі немесе бүйрек функциясының ауыр бұзылулары (шумақтық сүзілу жылдамдығы (ШСЖ) < 30 мл/мин/1,73 м2) гиперкалиемия гиперкальциемия жүктілік кезеңі лактация кезеңі эплеренонмен бірге қолдану гепаринмен, төмен молекулалы гепариндермен бірге қолдану бауырдың ауыр немесе үдемелі аурулары балалар және 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер
Дозасы
Тамақ ішу Нолаксен препаратының құрамына кіретін спиронолактон мен гидрохлоротиазидтің фармакокинетикалық параметрлеріне айтарлықтай әсер етеді, осыған байланысты препараттың дозалау режимін түзету қажет болуы мүмкін. Пациенттер үшін Нолаксен препаратының оңтайлы дозасын анықтау мақсатында оның әрбір компонентінің тиімді дозалары бөлек белгіленуі тиіс. Дәрілік препараттың тиімділігін бағалау үшін оны кем дегенде екі апта бойы қабылдау керек.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.