+110 бонус

НОБЕТАЗОН 0,1 % 30 г мазь

2200 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Бетаметазон
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Казахстан
  • Өндіруші: АО Нобел Алматинская Фармацевтическая Фабрика
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы 1 г жақпамайдың құрамында белсенді зат - 1.22 мг бетаметазон валераты (1.00 мг бетаметазонға баламалы), қосымша заттар: сұйық парафин, ақ вазелин
Қолданылуы
Препаратты кортикостероидтарды қолдану көрсетілген дерматоздарды жергілікті емдеу үшін ересектер мен бір жастан асқан балаларға қолданады: атопиялық және дискоидты экзема, түйінді қышыма нуммулярлы дерматит (дискоидты экзема) псориаз (таралған түйіндақты псориазды қоспағанда) нейродерматоздар (оның ішінде созылмалы қарапайым нейродермит және қызыл жалпақ теміреткі) себореялық дерматит жанаспалы дерматиттер (қарапайым немесе аллергиялық) дискоидты қызыл жегі жайылған эритродермия (жүйелі әсер ететін кортикостероидтармен кешенді ем құрамында) – жәндіктер шаққан кездегі реакциялар. Препарат қалың құрғақ теріге немесе қабыршақтар жапқан теріге қолданылады.
Қарсы көрсетілімдер
– әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық бастапқы вирустық, бактериялық және зеңдік инфекциялар (қарапайым герпес, белдемелі теміреткі, желшешек, тері мерезі және туберкулез, кәдімгі безеу, розацеа) периоральді дерматит перианальді және генитальді қышыну қабынусыз қышыну таралған түйіндақты псориаз 1 жасқа толмаған балалар жүктіліктің бірінші триместрі.
Дозасы
Дозалану режимі НОБЕТАЗОН® жақпамайын жұқа қабатпен терінің зақымданған аймағына күніне 1-2 рет (таңертең және кешке) сәл ысқылай отырып күнделікті жағады. Оны жай-күйі жақсарғанға дейін қолдану қажет. Ең ұзақ емдеу уақыты – 4 аптадан аспайды (балаларда 5 күннен артық емес). Жақпамайды жұмсартқыш дәрілерді күн сайын қолданумен біріктіруге болады, бірақ жұмсартқыш дәріні жағар алдында кортикостероидтың теріге енуіне жеткілікті уақыт (30 минуттан кем емес) күту қажет. Жай-күйді бақылау мақсатында демеуші ем ретінде, НОБЕТАЗОН® жақпамайы клиникалық жай-күйге байланысты тәулігіне бір рет немесе одан сирек қолданылуға тиіс. Белсенділігі аздау кортикостероидпен емдеуге ауысуды да қарастыру керек. Егер 2-4 апта емдеуден кейін клиникалық жақсаруы басталмаса, диагнозды қайта қарау қажет. Емдеуді күрт тоқтату аурудың клиникалық көріністерінің қайталану қаупіне әкелуі мүмкін. Пациенттердің ерекше топтары Жиі қайталануы бар пациенттер Жедел көрінісі басылғаннан кейін қайталанулардың жиілігі мен ауырлығын қажетінше бақылауға қол жеткізу үшін үзілісті емдеу курсын қолдану туралы қарастыру ұсынылады (окклюзиялық таңғыштарды қолданбай, тәулігіне бір рет немесе аптасына екі рет). Дәрілік препарат терінің бұдан бұрын зақымдану болған барлық аймақтарына немесе қайталану жиі пайда болатын тұстарына жағылады. НОБЕТАЗОН® жақпамайын қолдануды сәйкес келетін жұмсартқыш дәрілермен біріктіру ұсынылады. Ұзақ емдеу кезінде жай-күйді тұрақты бақылау және пайда/қауіп арақатынасына баға беру қажет. Балалар Балаларда жергілікті және жүйелі жағымсыз реакциялар қаупі жоғары, сондықтан да емдеу курсы ең төменгі тиімді дозаны қолдану арқылы қысқарақ (5 күннен артық емес) болуы тиіс. Мүмкіндігіне қарай, белсенділігі аздау кортикостероидтарды қолдану қажет. Балаларда окклюзиялық таңғыштар қолданылмауы тиіс. НОБЕТАЗОН® жақпамайын (бетаметазон валератын) бір жасқа толмаған балаларға қолдануға болмайды. Егде жастағы пациенттер Жасырақ пациенттермен салыстырғанда, егде жастағы адамдарда бетаметазон валератпен емдеген кезде айырмашылықтар анықталған жоқ. Бауыр және/немесе бүйрек функциясының жасқа байланысты өзгерістері болуы мүмкін, олар препараттың жүйелі сіңуі жағдайларында (терінің үлкен аймақтарына жаққанда, терінің тұтастығы бұзылғанда немесе препаратты ұзақ уақыт қолданған кезде) бетаметазон валератының шығарылуының азаюына әкелуі мүмкін. Қажетті клиникалық әсерге жету үшін, препараттың ең аз мөлшерін ең қысқа уақыт кезеңінде қолдану қажет. Бауыр/бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер Жүйелі сіңірілу жағдайында (ұзақ уақыт кезеңі бойында терінің үлкен аймақтарына жаққанда), бетаметазон валератының метаболизмі және элиминациясы кідіруі мүмкін, бұл жүйелі уыттылықтың даму қаупін арттырады. Қалаған клиникалық әсерге жету үшін, НОБЕТАЗОН® препаратының ең аз мөлшерін ең қысқа уақыт кезеңінде қолдану қажет. Енгізу әдісі және жолы Тек сыртқа қолдануға арналған (теріге). Жақпамайды жұқа қабатпен терінің зақымданған аймағына жағады. Тез сіңу үшін жақпамайды жеңіл уқалаушы қимылдармен жағуға болады. Емдік әсерді қамтамасыз ету үшін препараттың ең аз мөлшерін пайдалану ұсынылады. Тұрақты зақымдануларда (мысалы, псориаз кезінде шынтақ пен тізе аймақтарында түйіндақтардың қалыңдауында) емдеудің әсері зақымданған аймақтарға окклюзиялық таңғыштарды таңумен күшейтілуі мүмкін, бірақ жай-күйді бақылауға қол жеткізу үшін бір түннен артық емес және одан кейін емдеуді жалпы ұсынымдарға сәйкес жалғастыру керек. Ауруды бақылауға қол жеткізілген кезде, бетаметазон валератымен емдеу біртіндеп тоқтатылуға тиіс. Демеуші ем ретінде сәйкес келетін жұмсартқыш дәрілерді пайдалану ұсынылады.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.