+106 бонус

НО-ШПА 40 мг №24 таб

2120 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Дротаверин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Венгрия
  • Өндіруші: Опелла Хелскеа Коммершиал Лтд.
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында белсенді зат - дротаверин гидрохлориді, 40,0 мг қосымша заттар: магний стеараты, тальк, повидон, жүгері крахмалы, лактоза моногидраты
Қолданылуы
өт шығару жолының ауруларымен байланысты тегіс бұлшықеттердің түйілулерінде: холецистолитиаз, холенгиолитиаз, холецистит, перихолицестит, холангит, папиллит несеп шығару жолдарының тегіс бұлшықеттерінің түйілулерінде: нефролитиаз, уретеролитиаз, пиелит, цистит, қуық тенезмдері Қосымша ем ретінде: асқазан-ішек жолдары тегіс бұлшықеттерінің түйілуінде: асқазан және он екі елі ішектің ойық жаралы ауруы, гастрит, кардия мен асқазан қақпасының түйілуі, энтерит, колит, тітіркенген ішек синдромының спазмдық іш қатулармен немесе метеоризммен жүретін формалары бастың кернеп ауыруында гинекологиялық ауруларда: дисменорея.
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші затқа немесе кез келген қосымша заттарға жоғары сезімталдық - бауыр немесе бүйректің ауыр жеткіліксіздігі. - жүректің ауыр жеткіліксіздігі (жүректің төмен лықсыту синдромы) - тұқым қуалайтын галактоза жақпаушылығы, Лапп лактаза тапшылығы аурулары немесе глюкоза-галактоза сіңуінің бұзылуы бар пациенттер - 6 жасқа дейінгі балалар
Дозасы
Ересектер Но-шпа® 40 мг ұсынылатын тәуліктік доза 120-240 мг немесе 3-6 таблетка (2-3 қабылдауға бөлінген) Балалар Балаларға арналған дротаверинді қолдану туралы клиникалық зерттеулер жүргізілген жоқ; егер дротаверинді енгізу қажет болса: - 6 және 12 жастағы балалар үшін ең жоғары тәуліктік доза 80 мг немесе 2 қабылдауға бөлінген Но-шпа® 40 мг 2 таблеткасын құрайды; - 12 жастан асқан балалар үшін ең жоғары тәуліктік доза 2-4 қабылдауға бөлінген 160 мг немесе Но-шпа® 40 мг 4 таблеткасын құрайды. 6 жастан кіші балаларға қатысты деректер жоқ. Пациенттердің ерекше топтары Егде жастағы пациенттер Ілеспелі аурулардың ағымын төмендетпеу үшін егде жастағы пациенттерге сақтықпен тағайындау қажет. Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер Бауырдың ауыр жеткіліксіздігі кезінде қолдану қарсы көрсетілімді. Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер Бүйректің ауыр жеткіліксіздігі кезінде қолдану қарсы көрсетілімді. Енгізу әдісі мен жолы Ішке. Дозалайтын пластик контейнерді пайдалану: пайдаланар алдында құтының жоғарғы бөлігінен қорғаныс жолағын және құты түбіндегі стикерді алып тастау керек. Содан соң құтының төбесінен басу керек, осыдан соң түбіндегі дозалаушы тесігінен бір таблетка түседі.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.