+100 бонус

НИТРОМИНТ 1% 180 доз 10 мл аэрозоль

2000 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Глицерил тринитрат
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Венгрия
  • Өндіруші: Эгис Фармацевтический завод ОАО
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір баллонның ішінде: белсенді зат - этанолдағы 8.0 г 1% нитроглицерин ерітіндісі. белгілі әсері бар қосымша заттар: пропиленгликоль 2.00 г.
Қолданылуы
Нитроминт препараты 18 жастағы және одан асқан ересек пациенттерге стенокардия ұстамаларын басуға және стенокардия ұстамаларын дене жүктемесі немесе эмоционалды ширығу алдында профилактика жүргізуге арналған.
Қарсы көрсетілімдер
белсенді затқа (нитроглицеринге) немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық қан айналымның жедел жеткіліксіздігі (шок, коллапс) айқын гипотензия (систолалық АҚ 90 мм сын. бағ. төмен) гиповолемия кардиогендік шок (сол жақ қарыншасының қажетті соңғы диастолалық қысымы аорта ішілік контрапульсациямен немесе оң инотропты әсері бар препараттармен демеуге келмейтін жағдайларды қоспағанда) толтыру қысымы төмен жедел миокард инфарктісі толтыру қысымы төмен сол жақ қарыншалық жеткіліксіздік гипертрофиялық обструктивті кардиомиопатия туындатқан стенокардия, өйткені бұл жағдай қанның лықсуына кедергі келтіруі мүмкін конструктивті перикардит перикард тампонадасы аорталық немесе митральды тесіктің стенозы ауыр анемия өкпенің бастапқы гипертензиясы (өйткені жеткіліксіз желдетілетін альвеолярлық аймақтардың гиперемиясы гипоксияға әкелуі мүмкін) аталған қауіп әсіресе жүректің ишемиялық ауруы бар науқастарда жоғары нитроглицеринді 5-ші типті фосфодиэстераза тежегіштерін (силденафил, варденафил, тадалафил) пайдаланатын пациенттерге қолдануға болмайды бассүйекішілік қысымның жоғарылау мүмкіндігімен байланысты кез келген жағдай (мысалы миға қан құйылу немесе бас жарақаты) тар бұрышты глаукома (нитраттар көзішілік қысымды жоғарылатуы мүмкін) қан айналымының ортостаздық бұзылыстарына бейімділік. нитраттар мен еритін гуанилатциклаза риоцигуатының стимуляторын бір мезгілде қолдану
Дозасы
Стенокардия ұстамасын басу: 0,4-0,8 мг (1-2 доза), дозалағыш клапанды басу, жақсырақ отырған күйде, 30 с аралықпен тыныс алу кідірген кезінде; осыдан кейін ауызды бірнеше секундқа жабу керек. Қажет болған жағдайда (егер стенокардия ұстамасы 5 минут ішінде басылмаса) препарат қайта қолданылады, бірақ 5 минут ішінде 1,2 мг (3 доза) аспайды. 1,2 мг (3 доза) препаратты қолданғаннан кейін емдік әсер болмаған жағдайда дереу дәрігермен кеңесу керек. Стенокардия ұстамаларының профилактикасы дене белсенділігі немесе эмоционалды ширығу алдында: 5-10 минут бұрын 0,4 мг (1 доза). Пациенттердің ерекше топтары Егде пациенттер Егде пациенттерде препаратты қолданған кезде дозалау режимін өзгерту қажет емес, бірақ нитраттарды қолданған кезде егде пациенттерде гипотензия мен естен тану дамуы мүмкін. Балалар мен жасөспірімдер Нитроминтті пациенттердің осы санатында қолданудың қауіпсіздігі мен тиімділігі жөніндегі деректердің болмауына байланысты балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерде қолдану ұсынылмайды. Енгізу әдісі мен жолы Тіл астына қолдануға арналған аэрозоль. Тіл астына арналған дозаланған Нитроминт® аэрозолі дозалағыш сорғысы және бүріккіш қондырмасы бар алюминий баллондарда шығарылады. Препаратты алюминий баллондарда қолданған кезде қорғағыш қалпақшасын оңай алып тастауға болады (1-суретті қараңыз) 1-сурет - Алюминий баллоннан қорғағыш қалпақшасын шешіп алу. Баллонды бірінші рет қолданар алдында аэрозоль пайда болғанға дейін қорғағыш қалпақшаны алып тастап, дозалағыш клапанды бірнеше рет басу арқылы дозалағыш сорғыны толтыру керек. Баллонды қолданудың ұзақ үзілісінен кейін аэрозоль камерасын толтыру үшін бірінші дозаны ауаға бүрку ұсынылады. Пайдалану кезінде баллонды жоғары қарай шашырататын басымен тігінен ұстау керек. Препаратты қолдану кезінде пациент тыныштықта, отырған күйінде болуы дұрысырақ. Препарат дозалағыш бүріккіш қондырманы басу арқылы тіл астына шашыратылады. Дозалағыш клапанды әр басу механикалық сорғымен жабдықталған баллоннан аэрозоль түрінде бір дозаны (0,4 мг нитроглицерин) шығарады. Бүркуден кейін бірден ауызды бірнеше секундқа жабу керек. Препаратты деммен ішке тартуға және жұтуға болмайды. Қолданар алдында баллонды сілкудің қажеті жоқ.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.