+61 бонус

НИТРОКСОЛИН 50 мг №50 табл.п.о.

1220 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Нитроксолин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Украина
  • Өндіруші: ЧАО Технолог
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетка құрамында белсенді зат - нитроксолин 50 мг; қосымша заттар: лактоза моногидраты, картоп крахмалы, тальк, магний стеараты, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, ақ қант, повидон 25, титанның қостотығы (Е 171), желатин, ауыр магний карбонаты, полиэтиленгликоль 6000 (макрогол 6000), күн батар түстес сары FCF (Е 110).
Қолданылуы
- граммоң және граммтеріс микроорганизмдермен және нитроксолинге сезімтал зеңдермен шартталған несеп шығару жолдарының жедел, созылмалы және қайталанатын инфекцияларында - несеп шығару жолдарының қайталанатын инфекцияларының профилактикасы
Қарсы көрсетілімдер
- нитроксолинге немесе қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - хинолиндерге аса жоғары сезімталдық - катаракта - бүйректің ауыр жеткіліксіздігі (креатинин клиренсі 0,33 мл/мин төмен) - бауырдың ауыр жеткіліксіздігі - 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер
Дозасы
Ересектер: ұсынылған тәуліктік доза – 4 қабылдауға бөлінген 400-800 мг. Орташа тәуліктік доза 400 мг (тамаққа дейін тәулігіне 4 рет 2 таблеткадан) құрайды. Күрделі ауруларда тәуліктік дозаны 800 мг (тәулігіне 4 рет 4 таблеткадан) дейін ұлғайтуға болады. Ересектерге арналған ең жоғарғы доза 800 мг құрайды. Емдеу ұзақтығын аурудың сипатына және ағымына байланысты дәрігер анықтайды. Созылмалы инфекцияларда препаратты екі апталық үзілістермен ұзақтығы 2 апта болатын қайталау курстарымен тағайындайды (емдеу курсы бірнеше айға созылуы мүмкін). Пациенттердің ерекше топтары Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер Ауырлығы орташа дәрежедегі бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерге (креатинин клиренсі 0,33 мл/мин астам) әдеттегі дозаны екі есе азайту керек. Препаратты ауыр дәрежедегі бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерге (креатинин клиренсі 0,33 мл/с кем) тағайындау ұсынылмайды. Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер Бауыр функциясы бұзылғанда әдеттегі дозаны екі есе азайту керек. Егде жастағы пациенттер Дозаны түзету керек емес. Енгізу әдісі мен жолы Препаратты тамақтану кезінде немесе тамақтан кейін ішке қабылдайды. Таблеткаларды тұтас, шайнамай, қажетті мөлшердегі сумен іше отырып, жұтады. Емдеу ұзақтығы Емдеу курсының ұзақтығы мен препараттың дозасын емдеуші дәрігер әр пациент үшін жеке белгілейді. Пациенттер препаратты бір ай бойы ұзақ уақыт қабылдай алады. Созылмалы аурулар жағдайында қысқа үзілістен кейін емдеу мезгіл-мезгіл жалғасуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.