+24 бонус

НИТРОГЛИЦЕРИН-KZ 0,5 мг №40 таб

485 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Глицерил тринитрат
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Украина
  • Өндіруші: ЧАО Технолог
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы Бір таблетканың құрамында белсенді зат – 0,5 мг нитроглицеринге шаққандағы лактозадағы 2 % нитроглицерин, қосымша заттар: лактоза моногидраты, желатинделген крахмал, микрокристалды целлюлоза, натрий кроскармеллозасы, кальций стеараты.
Қолданылуы
Тамырды кеңейтетін, әсері қысқа дәрі ретінде - стенокардия ұстамаларын басу үшін - дене жүктемесінің немесе эмоционалдық ширығудың алдында стенокардия ұстамаларының профилактикасы үшін - коронарлық артерияның тосыннан жедел түйілуін басу үшін.
Қарсы көрсетілімдер
- белсенді затына, нитраттардың басқа туындыларына немесе қосымша заттарының кез келгеніне жоғары сезімталдық - 5 типті фосфодиэстераза тежегіштерімен бір мезгілде қолдану (мысалы, силденафил, варденафил, тадалафил) - гипертрофиялық обструкциялық кардиомиопатиядан туындаған стенокардия (ағып шығу обструкциясы күшеюінің қаупі) - констриктивтік перикардит - ауыр аорталық/субаорталық стеноз немесе митральді стеноз - бассүйекішілік қысымның жоғарылауымен қатар жүретін кез келген жағдай (мысалы, миға қан құйылуы немесе бастың жарақаты) - айқын анемия - жабықбұрышты глаукома - лактоза жақпаушылығымен, туа біткен Lapp-лактаза жеткіліксіздігімен (лактаза жеткіліксіздігі) немесе глюкоза/галактоза сіңуінің бұзылуымен байланысты сирек тұқым қуалайтын аурулары бар пациенттерге.
Дозасы
Ересектер Стенокардияның жедел ұстамаларын емдеу Препараттың әдеттегі дозасы – тіл астына 1 таблетка. Дозасын әсер бергенге дейін шамамен әр 5 минут сайын қайталауға болады. Егер 15 минуттық кезең ішінде 3 таблеткадан кейін ауыру сақталып қалса немесе ауырудың сипаты өзгерсе, дәрігерге қаралу қажет. Постуральді гипотензия қаупіне байланысты, препаратты қабылдау кезінде пациент отырған қалыпта болғаны дұрыс. Стенокардия ұстамаларының профилактиасы Стенокардия ұстамасының профилактикасы үшін стенокардия ұстамасын тудыруы мүмкін белсенді іс-әрекеттермен шұғылданғанға дейін нитроглицериннің 1 таблеткасын пайдалануға болады. Пациенттердің ерекше топтары Балалар жасындағы пациенттер Нитроглицериннің балаларда қолданылуы туралы деректер жоқ. Егде жастағы пациенттер Гипотензия мен естен тану егде жастағы пациенттерде нитраттарды қолдану кезіндегі ерекше мәселе болуы мүмкін. Нитроглицеринді қабылдау кезінде пациенттерге отыру ұсынылады. Енгізу әдісі және жолы Қолдану тәсілі сублингвальді. Ауыру туындағаннан кейін бірден бір таблеткасын тіл астына салу және ауызда толық еріп сіңгенге дейін жұтпай ұстау қажет. Ауыз қуысында ашыту және шаншу сезімі туындауы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.