НИТРОГЛИЦЕРИН -Здоровье 0,0005 № 40 таб

520 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Глицерил тринитрат
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Украина
  • Өндіруші: ООО "Фармацевтическая компания "Здоровье"
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Қолданылуы
Қысқа әсер ететін тамырды кеңейтетін дәрі ретінде - стенокардия ұстамаларын басу - физикалық жүктеме немесе эмоционалды ширығу алдындағы стенокардия ұстамаларының профилактикасы - коронарлық артерияның өздігінен жедел түйілуін басу.
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - 5 типті фосфодиэстераза (мысалы, силденафил, варденафил, тадалафил) тежегіштерімен бір мезгілде қолдану - обструкциялық гипертрофиялық кардиомиопатиядан туындаған стенокардия (ағын обструкциясының күшею қаупі) - констриктивті перикардит - ауыр аортальді/субаортальді стеноз немесе митральді стеноз - бассүйекішілік қысымның жоғарылауымен қатар жүретін кез-келген жағдай (мысалы, миға қан құйылу немесе бас жарақаты) - айқын анемия - жабық бұрышты глаукома - лактоза жақпаушылығымен, туа біткен Lapp-лактаза жеткіліксіздігімен (лактаза жеткіліксіздігімен) немесе глюкоза/галактоза мальабсорбциясымен байланысты сирек тұқым қуалайтын аурулары бар пациенттер - 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер
Дозасы
Ересектер Жедел стенокардия ұстамаларын емдеу Препараттың әдеттегі дозасы – тіл астына салатын 1 таблетка. Дозаны әсері болғанға дейін шамамен әр 5 минут сайын қайталауға болады. Егер 15 минут кезең ішінде 3-ші таблеткадан кейін ауыру басылмаса немесе ауырудың сипаты өзгерсе дәрігерге жүгіну қажет. Препаратты қабылдау кезінде постуральді гипотензия қаупіне байланысты пациент отырған күйде болуы жақсырақ. Стенокардия ұстамаларының профилактикасы Стенокардия ұстамасы профилактикасы үшін стенокардия ұстамасын тудыруы мүмкін белсенді әрекеттермен айналысқанға дейін 1 нитроглицерин таблеткасы пайдаланылуы мүмкін. Бала жастағы пациенттер Балаларда нитроглицеринді қолдану туралы деректер жоқ. Егде жастағы пациенттер Егде жастағы пациенттерде нитраттарды қолдану кезінде гипотензия мен естен тану ерекше мәселе болуы мүмкін. Пациенттерге нитроглицерин қабылдау кезінде отыру ұсынылады. Енгізу әдісі мен жолы Қолдану тәсілі сублингвальді. Ауыру басталғаннан кейін бірден бір таблетканы тіл астына салу және толық ерігенге дейін жұтпай, ауызда ұстау қажет.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.