+46 бонус

НИПЕРТЕН 5 мг №30 таб

925 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Бисопролол
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Россия
  • Өндіруші: ООО КРКА-РУС
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында белсенді зат – бисопролол фумараты (2:1) 5,0 мг немесе (2:1) 10,0 мг қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза, натрий крахмалы гликоляты, повидон К30, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, магний стеараты үлбірлі қабығы: гипромеллоза, полиэтиленгликоль, титанның қостотығы (Е171), тальк
Қолданылуы
артериялық гипертензияны емдеуде жүректің ишемиялық ауруын (стенокардияны) емдеуде
Қарсы көрсетілімдер
бисопрололға немесе «Дәрілік препараттың құрамы» бөлімінде атап келтірілген, препараттың қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық кардиогендік шок жүректің жедел жеткіліксіздігі немесе венаішілік инотроптық ем жүргізуді қажет ететін, декомпенсация сатысындағы жүрек жеткіліксіздігі атриовентрикулярлық (AV) блокаданың II – III дәрежесі (электрокардиостимуляторсыз) cиноатриальді блокада синустық түйін әлсіздігі синдромы симптоматикалық брадикардия симптоматикалық гипотензия (систолалық артериялық қысым <100 мм сн. бағ.) бронх демікпесінің ауыр түрлері шеткері қанайналым бұзылуының ауыр түрлері Рейно ауруы емделмеген феохромоцитома метаболизмдік ацидоз - балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер
Дозасы
Ересектер: емдеу біртіндеп, азғантай дозаларынан басталып, содан соң арттырылуы тиіс. Барлық жағдайларда дозасы әр адамға жекелей, тамыр соғысының жиілігі мен емдік әсерін ескере отырып таңдалуы тиіс. Әдеттегі дозасы тәулігіне ұсынылған ең жоғары 20 мг дозасымен бірге тәулігіне бір рет 10 мг құрайды. Кейбір пациенттерге тәулігіне 5 мг дозасы жеткілікті болуы мүмкін. Барлық жағдайларда дозасы әр адамға жекелей, тамыр соғысының жиілігі мен емдік әсерін ескере отырып таңдалуы тиіс. Артериялық гипертония Препараттың ұсынылатын дозасы тәулігіне бір рет 5 мг құрайды. Гипертонияның жеңіл (диастолалық артериялық қысым 105 мм сын.бағ. дейін) түрлерінде, тәулігіне бір рет 2,5 мг дозасымен емдеу жеткілікті болуы мүмкін. Қажет болса, дозасын тәулігіне бір рет 10 мг дейін арттыруға болады. Дозасын ары қарай арттыру негізделуі және ерекше жағдайларда ғана жүргізілуі тиіс. Нипертен® препаратының ұсынылатын ең жоғарғы дозасы тәулігіне бір рет 20 мг құрайды. Жүректің ишемиялық ауруы (стенокардия) Нипертеннің ұсынылатын дозасы тәулігіне бір рет 5 мг құрайды. Қажет болса, дозасын тәулігіне бір рет 10 мг дейін арттыруға болады. Дозасын ары қарай арттыру негізделуі және ерекше жағдайларда ғана жүргізілуі тиіс. Препараттың ұсынылатын ең жоғарғы дозасы тәулігіне бір рет 20 мг құрайды. Емдеу ұзақтығы Емдеу ұзақтығы шектеусіз және аурудың ағымы мен ауырлығына тәуелді. Нипертен® препаратымен емдеуді, әсіресе, жүректің ишемиялық ауруы бар пациенттерде күрт тоқтатпаған жөн, өйткені ол пациенттің денсаулық жағдайының жедел нашарлауына алып келуі мүмкін. Егер емдеуді тоқтата тұру қажет болса, дозасы біртіндеп (мысалы, дозасын аптасына бір рет екі есеге азайта отырып) төмендетілуі тиіс. Пациенттердің ерекше топтары Балалар Бисопрололдың балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерде қолданылу тәжірибесі жоқ, сондықтан препаратты балаларда қолдану ұсынылмайды. Егде жастағы пациенттер Әдетте дозасын түзету қажет емес. Бүйрек немесе бауыр функциясының бұзылулары бар пациенттер Бүйрек немесе бауыр функциясы бұзылуының жеңіл және орташа дәрежесі бар пациенттер үшін, әдетте, дозасын түзету қажет емес. Бүйрек функциясы бұзылуының ауыр сатысы (креатинин клиренсі <20 мл/мин) пациенттер және бауыр функциясының ауыр бұзылулары бар пациенттер үшін ең жоғарғы тәуліктік дозасы тәулігіне бір рет 10 мг бисопрололды құрайды. Төменірек дозаларын қолдану керек. Бисопрололды диализ жүргізілетін пациенттерде қолдану тәжірибесі шектеулі, ол дозалау режимін түзету қажеттілігін көрсетпейді. Енгізу әдісі және жолы Ішке қабылдауға арналған. Нипертен® препаратын таңертең, таңғы асқа дейін, ас ішу кезінде немесе ішкеннен кейін қабылдау керек. Таблеткаларды шайнамай, сұйықтықтың қажетті мөлшерімен ішіп жұтқан жөн.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.