+46 бонус

НИПЕРТЕН 2,5 мг №30 таб

920 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Бисопролол
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Россия
  • Өндіруші: ООО КРКА-РУС
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында белсенді зат – бисопролол фумараты (2:1) 2,5 мг, қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза, натрий крахмалы гликоляты, повидон К30, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, магний стеараты үлбірлі қабығы: гипромеллоза, полиэтиленгликоль, титанның қостотығы (Е171), тальк
Қолданылуы
сол жақ қарыншаның систолалық функциясының төмендеуімен жүректің тұрақты созылмалы жеткіліксіздігін емдеуде, ангиотензин-өзгертуші фермент тежегіштеріне (АӨФт) және диуретиктерге, және, опциональді, жүрек гликозидтеріне қосымша ретінде
Қарсы көрсетілімдер
бисопрололға немесе «Дәрілік препараттың құрамы» бөлімінде атап келтірілген, препараттың қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық кардиогендік шок жүректің жедел жеткіліксіздігі немесе венаішілік инотроптық ем жүргізуді қажет ететін, декомпенсация сатысындағы жүрек жеткіліксіздігі атриовентрикулярлық (AV) блокаданың II – III дәрежесі cиноатриальді блокада синустық түйін әлсіздігі синдромы симптоматикалық брадикардия симптоматикалық гипотензия (систолалық артериялық қысым <100 мм сын. бағ.) бронх демікпесінің ауыр түрлері шеткері қанайналым бұзылуының ауыр түрлері Рейно ауруы емделмеген феохромоцитома метаболизмдік ацидоз - балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер
Дозасы
Ересектер: емдеу біртіндеп, азғантай дозаларынан басталып, содан соң арттырылуы тиіс. Барлық жағдайларда дозасы әр адамға жекелей, тамыр соғысының жиілігі мен емдік әсерін ескере отырып таңдалуы тиіс. Әдеттегі дозасы тәулігіне ұсынылған ең жоғары 20 мг дозасымен бірге тәулігіне бір рет 10 мг құрайды. Кейбір пациенттерге тәулігіне 5 мг дозасы жеткілікті болуы мүмкін. Барлық жағдайларда доза импульстің жиілігін және емдік әсерін ескере отырып, әр адамға жеке таңдалуы керек. Емдеу ұзақтығы Емдеу ұзақтығы шектеусіз және аурудың ағымы мен ауырлығына тәуелді. Нипертен® препаратымен емдеуді, әсіресе, жүректің ишемиялық ауруы бар пациенттерде күрт тоқтатпаған жөн, өйткені ол пациенттің денсаулық жағдайының жедел нашарлауына алып келуі мүмкін. Егер емдеуді тоқтата тұру қажет болса, дозасы біртіндеп (мысалы, дозасын аптасына бір рет екі есеге азайта отырып) төмендетілуі тиіс. Жүректің тұрақты созылмалы жеткіліксіздігі   Жүректің созылмалы жеткіліксіздігінің стандартты емі АӨФ тежегішін (немесе АӨФ тежегіштері жақпаушылығының жағдайында ангиотензин рецепторларының блокаторын), бета-блокаторды, диуретиктерді және тиісінше жағдайларда жүрек гликозидтерін қамтиды. Бисопрололмен емдеудің бас кезінде пациенттердің жағдайы тұрақты (жүректің жедел жеткіліксіздігінсіз) болуы тиіс. Жүректің созылмалы жеткіліксіздігін емдеуде емдеуші дәрігердің белгілі бір тәжірибесінің болуы ұсынылады. Дозасын таңдау кезеңінде және одан кейін жүрек жеткіліксіздігі, артериялық гипотензия немесе брадикардия көріністерінің уақытша күшеюі орын алуы мүмкін. Титрлеу фазасы Жүректің тұрақты созылмалы жеткіліксіздігін бисопрололмен емдеу титрлеу фазасын қажет етеді. Бисопрололмен емдеуді организмнің жекелей реакциясына байланысты, дозасын біртіндеп арттыра отырып бастаған жөн: 1 апта бойы тәулігіне бір рет 1,25 мг, егер жағымдылығы жақсы болса, оны келесі апта ішінде тәулігіне бір рет 2,5 мг-ге дейін арттыру керек, егер жағымдылығы жақсы болса, келесі апта ішінде тәулігіне бір рет 3,75 мг-ге дейін арттыру керек, егер жағымдылығы жақсы болса, кейінгі 4 апта ішінде тәулігіне бір рет 5 мг-ге дейін арттыру керек, егер жағымдылығы жақсы болса, кейінгі 4 апта ішінде тәулігіне бір рет 7,5 мг-ге дейін арттыру керек, егер жағымдылығы жақсы болса, демеуші ем кезінде тәулігіне бір рет 10 мг-ге дейін арттыру керек. Ұсынылатын ең жоғары дозасы тәулігіне бір рет 10 мг құрайды. Титрлеу фазасы кезінде маңызды тіршілік көрсеткіштеріне (жүректің жиырылу жиілігі, артериялық қысым) және жүрек жеткіліксіздігі симптомдарына мұқият мониторинг жүргізу ұсынылады. Симптомдары емдеуді бастағаннан кейін алғашқы апта ішінде-ақ көрініс беру мүмкін. Емдеу сызбасының өзгеруі  Егер ұсынылған ең жоғары дозасының жағымдылығы нашар болса, дозасын біртіндеп төмендетуді қолдануға болады. Жүрек жеткіліксіздігі, артериялық гипотензия немесе брадикардия уақытша күшейген жағдайда, қатарлас препараттың дозасын қайта қарау ұсынылады. Сонымен қатар, бисопрололдың дозасын уақытша азайту немесе қабылдауды тоқтата тұру қажет болуы мүмкін. Пациент тұрақты жағдайға қайтадан жеткен кезде бисопрололмен емдеуді қайтадан бастауға және/немесе дозасын арттыруға болады. Пациенттердің ерекше топтары Балалар Бисопрололдың балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерде қолданылу тәжірибесі жоқ, сондықтан препаратты балаларда қолдану ұсынылмайды. Егде жастағы пациенттер Әдетте дозасын түзету қажет емес. Бүйрек немесе бауыр функциясының бұзылулары бар пациенттер Бүйрек немесе бауыр функциясы бұзылуының жеңіл және орташа дәрежесі бар пациенттер үшін, әдетте, дозасын түзету қажет емес. Бүйрек функциясы бұзылуының ауыр сатысы (креатинин клиренсі <20 мл/мин) пациенттер және бауыр функциясының ауыр бұзылулары бар пациенттер үшін ең жоғарғы тәуліктік дозасы тәулігіне бір рет 10 мг бисопрололды құрайды. Төменірек дозаларын қолдану керек. Бисопрололды диализ жүргізілетін пациенттерде қолдану тәжірибесі шектеулі, ол дозалау режимін түзету қажеттілігін көрсетпейді. Енгізу әдісі және жолы Ішке қабылдауға арналған. Нипертен® препаратын таңертең, таңғы асқа дейін, ас ішу кезінде немесе ішкеннен кейін қабылдау керек. Таблеткаларды шайнамай, сұйықтықтың қажетті мөлшерімен ішіп жұтқан жөн.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.