+35 бонус

НИОТИТ-DF 10 мл кап ушные

700 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Комбинированные препараты
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Казахстан
  • Өндіруші: Досфарм ТОО
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
10 мл препараттың құрамында белсенді зат: 0,1 г хлорамфеникол, 0,1 г лидокаин гидрохлориді, қосымша заттар: 0,1 г бор қышқылы, 70 % этил спирті.
Қолданылуы
дабыл жарғағының перфорациясынсыз сыртқы отитте іріңсіз ортаңғы отитте
Қарсы көрсетілімдер
- дабыл жарғағының табиғаты инфекциялық немесе жарақаттық перфорациясы - препараттың кез келген компоненттеріне жеке жоғары сезімталдық - жүктілікте және лактация кезеңі - 3 жасқа дейінгі балалар - құлақтың вирустық және зеңдік аурулары - сыртқы есту жолының экземасы - сүйек кеміктік қан түзілуінің бәсеңдеуі - жедел интермиттирленетін порфирия - глюкозо-6-фосфатдегидрогенеза тапшылығы
Дозасы
Сыртқы есту жолына тәулігіне 2-3 рет тамызады: - 3 жастан үлкен балаларға 2-3 тамшыдан - ересектер мен 14 жастан үлкен балаларға 3-4 тамшыдан Енгізу тәсілі және жолы Сыртқа. Емдеу ұзақтығы Емдеу курсы: балалар үшін - 2-5 күн; ересектер үшін - 5-7 күн. Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгіну бойынша нұсқаулар Ниотит-DF® қолданар алдында құтының қақпағын шыны тамызғышы және резеңкеден жасалған ұшы біріктірілген бұралып жабылатын пластик қақпақпен ауыстыру керек. Сондай-ақ сыртқы есту жолын тазарту керек. Есту жолы жақтауының артқы бетінің жоғарғы жағы арқылы препаратты тамызады, бұл ретте науқастың басын қарама-қарсы жаққа еңкейтеді. Тамызғаннан кейін бірнеше рет мақтаны түйіршіктеп құлақ бүртігіне басып, оны және құлақты уқалайды. Препаратты құлақта 10-15 мин ұстап, содан кейін басты кері қарай еңкейтіп оны төгеді. Сыртқы есту жолын стерильді мақтадан жасалған тампонмен бүркейді және кептіреді. Тамшылар жылы, дене температурасындай болу керек (өйткені лабиринт тітіркенуін тудырмау үшін). Бұл үшін препарат бар құтыны тамызар кезде бірнеше минутқа жылы суға (35-36 оС) салу немесе құтыны жұдырықта қысып ұстап тұру керек. ДП стандартты қолдану кезінде көрініс табатын жағымсыз реакциялардың сипаттамасы және осы жағдайда қабылдануы керек шаралар (қажет болғанда) Сирек - терінің және шырышты қабығының тітіркенуі - бөрту, қышыну, тіндердің қызаруы және ісінуі түріндегі жергілікті аллергиялық  реакциялар Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаса медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласыңыз Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК http://www.ndda.kz

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.