НИМУЛИД ЛТ ЛТ 100 мг №10 диспер. таб

1250 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Нимесулид
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: ИНДИЯ
  • Өндіруші: Панацея Биотек Лтд.
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында белсенді зат - 100 мг нимесулид қосымша заттар: маннитол, натрий крахмалы гликоляты (А типі), натрий кроскармеллозасы, магний стеараты, аспартам, сусыз коллоидты кремний, арнайы қызғылт-сары Трусил хош иістендіргіші, тазартылған су.
Қолданылуы
жедел ауыруларды емдеу үшін алғашқы дисменореяны емдеу үшін Нимулид ЛТ препаратын тек екінші реттік препарат ретінде тағайындау керек. Нимесулидпен емдеу туралы шешім нақты бір пациент үшін барлық қауіптерін бағалаудың негізінде қабылдануы тиіс.
Қарсы көрсетілімдер
- нимесулидке, кез келген басқа ҚҚСД-ға және/немесе қосымша заттарының біріне аса жоғары сезімталдық - бұрын ацетилсалицил қышқылын немесе қабынуға қарсы стероидты емес басқа препараттарды қабылдауға байланысты орын алған гиперергиялық реакциялар (мысалы, бронх түйілуі, ринит, есекжем) бұрын болған, нимесулидке гепатоуытты реакциялар гепатоуытты болуы ықтимал басқа заттарды қатарлас қабылдау маскүнемдік, есірткіге тәуелділік - бұрын туындаған, осының алдындағы ҚҚСД емімен байланысты асқазан-ішектен қан кетулер немесе тесілу - асқазанның немесе он екі елі ішектің өршу фазасындағы ойық жарасы, анамнезде асқазан-ішекте ойық жараның, тесілу немесе қан кетудің болуы - цереброваскулярлық қан кетулер немесе басқа да жедел қан құйылулар, сондай-ақ қанағыштықпен қатар жүретін аурулар - қан ұюының ауыр бұзылулары - жүректің ауыр жеткіліксіздігі - бүйректің ауыр жеткіліксіздігі - бауыр жеткіліксіздігі - қызбасы бар пациенттер және/немесе тұмау тәрізді симптомдардың болуы - жүктілік және бала емізу кезеңі - балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге - фенилкетонуриясы бар пациенттерге (препараттың құрамында фенилаланин бар)
Дозасы
Дозалану режимі Жағымсыз әсерлерін барынша азайту үшін, емнің аса қысқа мерзімінде ең төмен тиімді дозасын қабылдау керек. Нимулид ЛТ препаратымен емдеу курсының ең көп ұзақтығы 5 күнді құрайды. Ересектер: тәулігіне 2 рет 1 таблеткадан (100 мг Нимулид ЛТ) тамақ ішкеннен кейін. Пациенттердің ерекше топтары Егде жастағы пациенттер: Егде жастағы пациенттерге тәуліктік дозасын азайту қажет емес. Балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер: құрамында нимесулид бар дәрілік препараттарды балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге қолдануға болмайды. Бүйрек функциясы бұзылған пациенттер: бүйрек жеткіліксіздігінің жеңіл және орташа түрлері бар (креатинин клиренсі 30-80 мл/мин) пациенттерде дозасын түзету қажет емес, ал бүйректің ауыр жеткіліксіздігі бар (креатинин клиренсі < 30 мл/мин) пациенттерге Нимулид ЛТ препаратын тағайындауға болмайды. Бауыр функциясы бұзылған пациенттер: Бауыр функциясы бұзылған пациенттерге Нимулид ЛТ препаратын қолдануға болмайды. Енгізу әдісі және жолы Таблетканы тіл үстіне қойыңыз, ол бірнеше секундта еріп кетеді, содан кейін жұтылады. Таблетка тамақтан бұрын қабылданады.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.