+91 бонус

НИМУЛИД 100 мг №30 таб

1830 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Нимесулид
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Индия
  • Өндіруші: Панацея Биотек Лтд.
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында белсенді зат - 100 мг нимесулид, қосымша заттар: лактоза моногидраты, натрий кроскармеллозасы, коллоидты кремнийдің қостотығы, жүгері крахмалы, повидон (К-30), натрий докузаты, полисорбат-80, концентрацияланған хлорсутек қышқылы, тазартылған су, магний стеараты.
Қолданылуы
жедел ауырсынуларды емдеу бастапқы дисменореяны емдеу. Нимулид тек екінші желідегі препарат ретінде тағайындалу керек. Нимесулидпен емдеу шешімі нақты пациент үшін қауіптердің бәрін бағалау негізінде қабылдануы тиіс.
Қарсы көрсетілімдер
нимесулидке және/немесе кез келген басқа қабынуға қарсы стероидты емес препаратқа (ҚҚСП) және/немесе қосымша заттардың біріне аса жоғары сезімталдық ацетилсалицил қышқылын немесе қабынуға қарсы стероидты емес басқа препараттарды қабылдаудан кейінгі гиперергия реакцияларының (мысалы, бронх түйілуі, ринит, есекжем) анамнезінде болуы нимесулидке гепатоуытты реакциялардың анамнезінде болуы әлеуетті гепатоуыттылығы бар басқа заттарды қатарлас қабылдау маскүнемдік, есірткіге тәуелділік осының алдындағы ҚҚСП емімен байланысты асқазан-ішектен қан кету немесе тесілудің анамнезінде болуы өршу фазасындағы асқазан немесе он екі елі ішектің ойықжарасы цереброваскулярлық қан құйылулар немесе басқа жедел қан құйылулар, сондай-ақ қанағыштықпен қатар жүретін аурулар қан ұюының ауыр бұзылулары жүректің ауыр жеткіліксіздігі бүйрек жеткіліксіздігінің ауыр дәрежесі (креатинин клиренсі 30  мл/мин) бауыр жеткіліксіздігі галактоза жақпаушылығы, Lapp лактаза тапшылығы немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы сияқты сирек тұқым қуалайтын бұзылулары бар пациенттер. қызбасы бар пациенттер және/немесе тұмау тәрізді симптомдардың болуы балалар және 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер
Дозасы
Қолайсыз жағымсыз әсерлерін барынша азайту үшін емдеу курсының қысқа ұзақтығымен ең төмен тиімді дозаны қабылдау керек. Нимесулид таблеткаларымен емдеудің ең жоғары ұзақтығы 5 күннен аспайды. Ересектер: Ас ішуден кейін тәулігіне екі рет 1 таблеткадан (100 мг). Пациенттердің ерекше топтары Егде жастағы пациенттер: егде жастағы пациенттерге дозаны төмендету қажет  емес. Пациенттің жай-күйін жүйелі клиникалық бақылау ұсынылады. Балалар және 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер: Нимулид балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге қарсы көрсетілімді. Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер: Бүйрек жеткіліксіздігінің жеңіл және орташа түрлері бар пациенттерге (креатинин клиренсі 30-80 мл/мин) дозаны түзету қажет емес, ал бүйрек жеткіліксіздігі ауыр пациенттерге (креатинин клиренсі < 30 мл/мин) Нимулид препаратын тағайындау қарсы көрсетілімді. Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер: Бауыр функциясының бұзылуы бар пациенттерге Нимулид препараты  қарсы көрсетілімді. Енгізу әдісі мен жолы Таблеткалар ас ішуден кейін ішке қабылданады.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.