+625 бонус

НИМОТОП 10 мг 50 мл раствор Нимодипин

9:00-ден кейін қолжетімді
12500 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Германия
  • Өндіруші: Солюфарм Фармацойтише Эрцойгниссе ГмбХ
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
50 мл ерітіндінің құрамында белсенді зат - нимодипин 0.010 г, қосымша заттар: 96% этил спирті, макрогол 400, натрий цитраты, лимон қышқылы, инъекцияға арналған су.
Қолданылуы
- аневризманың жарылуы салдарынан субарахноидты қан қету аясында ми тамырларының түйілуі туындатқан ишемиялық неврологиялық бұзылулардың профилактикасы және емдеу.
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
Дозасы
Дозалану режимі Келесі мөлшерлеу режимін сақтау ұсынылады: Емнің басында 2 сағат ішінде сағатына 1 мг препараттан (5 мл ерітінді) енгізіледі, бұл шамамен 15 мкг/кг/сағ құрайды. Жақсы жағымдылығы кезінде (ең алдымен, артериялық қысымның айқын төмендеуі болмаған кезде) 2 сағаттан кейін дозаны сағатына 2 мг нимодипинге (10 мл ерітінді) дейін арттырады, бұл шамамен 30 мкг/кг/сағ құрайды. Салмағы 70 кг-нан едәуір төмен немесе артериялық қысымы лабильді науқастар үшін бастапқы доза сағатына 0,5 мг нимодипин (2,5 мл ерітінді) құрауы тиіс. Ми цистерналарына инстилляция Хирургиялық араласу барысында дене температурасына дейін қыздырылған жаңа дайындалған Нимотоп® ерітіндісін (1 мл Нимотоп® инфузиялық ерітіндісі және 19 мл Рингер ерітіндісі) интрацистернальді түрде енгізуге болады. Ерітінді дайындалғаннан кейін бірден қолданылуы қажет. Шамадан тыс көлемді жүктеу қажет емес немесе қолдануға болмайтын пациенттерге Нимотоп® инфузиялық ерітіндісін катетер арқылы инфузияға арналған қосымша ерітіндісіз орталық венаға енгізуге болады. Нимотоп® инфузиялық ерітіндісін инфузиялық сорғыны пайдалана отырып, орталық катетер арқылы үздіксіз вена ішіне енгізу үшін қолданылады. Катетер түтіктері үш жақты кранмен өзара байланысты. Нимотоп® ерітіндісін басқа дәрілік препараттармен араластыруға немесе инфузиялық ыдысқа немесе құтыға қосуға жол берілмейді. Мынадай ерітінділердің біреуімен бір мезгілде енгізуге болады: 5% глюкоза, 0,9% натрий хлориді, лактаты бар Рингер, лактат және магний бар Рингер, декстран 40, гидроксиэтилденген (поли(О-2-гидроксиэтил)) крахмал 6%, адамның 5% альбумині немесе қаны. Клиникаға дейінгі зерттеулердің нәтижелеріне сәйкес маннитолды бір уақытта 24 сағатқа дейін енгізуге болады. Нимотоп® ерітіндісінің бір мезгілде инфузияға арналған басқа ерітіндіге қатынасы 1:4 болуы керек. Сондай-ақ, анестезия, хирургия және ангиография кезінде нимодипин енгізуді жалғастыру ұсынылады. Профилактика мақсатында қолдану Нимотоп® ерітіндісін вена ішіне енгізуді қан құйылғаннан кейін 4 күннен кешіктірмей бастау керек және вазоспазм дамуы ең жоғары қаупінің барлық кезеңі ішінде, яғни субарахноидальді қан құйылғаннан кейін 10-14 күнге дейін жалғастыру керек. Егер Нимотоп® ерітіндісін профилактикалық қолдану барысында қан құйылу себептеріне хирургиялық емдеу жүргізілсе, препаратпен вена ішіне емді операциялық араласудан кейін кемінде 5 күн бойы жалғастыру қажет. Инфузиялық ем курсы аяқталғаннан кейін келесі 7 күн ішінде Нимотоп® таблеткаларын 4 сағат аралықпен тәулігіне 60 мг х 6 рет дозада пероральді қабылдау ұсынылады. Емдік мақсатта қолдану Егер субарахноидальды қан құйылғаннан кейін вазоспазмнан туындаған ишемиялық неврологиялық бұзылулар орын алса, инфузиялық терапияны мүмкіндігінше ертерек тағайындау керек және кем дегенде 5 күн, бірақ 14 күннен аспауы керек. Инфузиялық терапия курсы аяқталғаннан кейін келесі 7 күн ішінде Нимотоп® таблеткаларын тәулігіне 60 мг х 6 рет (әрбір 4 сағат сайын) пероральді қабылдау ұсынылады. Егер Нимотоп® ерітіндісімен емдеу аясында қан кетудің себептерін хирургиялық емдеу жүргізілсе, препаратпен вена ішіне терапияны хирургиялық араласудан кейін кемінде 5 күн жалғастыру керек. Жағымсыз әсерлері бар пациенттерде препараттың дозасы азайтылуы немесе емдеу тоқтатылуы мүмкін. Р450 3А4 цитохромы жүйесін тежейтін немесе индукциялайтын препараттармен біріктіріліп қолданғанда дозаны түзету қажет болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.