НИМИД Гранулы д/приг. сусп. д/приема вн. №30 пак

3785 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Нимесулид
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Индия
  • Өндіруші: Кусум Хелткер Пвт. Лтд
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
1 сашенің ішінде белсенді зат - 100 мг нимесулид, қосымша заттар: лактоза моногидраты, повидон K-30, натрий сахарині, лимон қышқылы моногидраты, Orange DC 100 PH дәмдік қоспасы, коллоидты кремнийдің қостотығы, изопропил спирті, тазартылған су.
Қолданылуы
- жедел ауырсынуларды емдеу - бастапқы дисменореяны емдеу НИМИД® препаратын екінші желі препараты ретінде ғана тағайындаған жөн. НИМИД® препаратымен  емдеу жөніндегі шешім нақты пациент үшін барлық қауіпке баға беру негізінде қабылдануы тиіс.
Қарсы көрсетілімдер
белсенді затқа, қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық ацетилсалицил қышқылын немесе қабынуға қарсы стероидты емес басқа препараттарды қабылдаумен байланысты бұрын гиперергиялық реакциялардың (мысалы, бронхтың түйілуі, ринит, есекжем) орын алуы анамнезінде нимесулидке гепатоуыттылық реакциялардың болуы потенциалды гепатоуыттылығы бар басқа заттарды қатар қабылдау маскүнемдік, есірткіге тәуелділік асқазанның немесе он екі елі ішектің өршу сатысындағы ойықжарасы, анамнезінде асқазан-ішек жолында ойықжараның, тесілулердің немесе қан кетулердің болуы анамнезінде цереброваскулярлық қан кетулердің немесе басқа да қан құйылулардың, сондай-ақ қанталаумен қатар жүретін аурулардың болуы қан ұю жүйесінің ауыр бұзылулары жүрек функциясының ауыр дәрежедегі жеткіліксіздігі бүйрек функциясының ауыр дәрежедегі жеткіліксіздігі (креатинин клиренсі 30 мл/мин) бауыр функциясының жеткіліксіздігі қызба немесе тұмау симптомдары бар пациенттер 12 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер жүктіліктің үшінші триместрі және лактация кезеңі тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы, сахароза-изомальтаза жеткіліксіздігі
Дозасы
Жағымсыз жанама әсерлерді барынша азайту үшін емдеудің ең аз ұзақтығымен ең төмен тиімді дозаны қабылдау керек. Ересектерге препаратты күніне екі рет 1 пакет (100 мг нимесулид) дозасында қабылдау ұсынылады. Емдеу курсының ең жоғары ұзақтығы 15 күнді құрайды. Пациенттердің ерекше топтары Балалар Құрамында нимесулид бар препараттарды 12 жасқа дейінгі балаларға қолдануға болмайды. Жасөспірімдер (12 жастан 18 жасқа дейін): нимесулидтің ересектердегі фармакокинетикалық және фармакодинамикалық бейініне қарай, бұл пациенттерде дозасын өзгертудің қажеті жоқ. Егде жастағы пациенттер Егде жастағы пациенттерде тәуліктік дозаны азайту қажеттілігі жоқ. Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер: бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде НИМИД® препаратын қолдануға болмайды. Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер: айқындығы жеңіл және орташа бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерге (креатинин клиренсі 30 - 80 мл/мин) дозаны түзету талап етілмейді, бүйректің ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерге (креатинин клиренсі <30 мл/мин) НИМИД® препаратын тағайындауға болмайды. Бүйрек функциясы бұзылған пациенттер: бүйрек функциясының жеңіл немесе орташа дәрежедегі жеткіліксіздігі бар пациенттер үшін (креатинин клиренсі 30-80 мл/мин) дозаны түзету талап етілмейді. Енгізу әдісі мен жолы НИМИД® препаратын ішке қабылдайды, порциялық пакеттің ішіндегісін бір стакан суда ерітеді. НИМИД®, түйіршіктерін тамақтан кейін қабылдау керек.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.