+36 бонус

НИМИД 100 мг №20 таблеток

720 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Нимесулид
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Индия
  • Өндіруші: Kusum Healthcare Pvt. Ltd.
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы Бір таблетканың құрамында белсенді зат – 100 мг нимесулид, қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза РН 102, натрий кроскармеллозасы, магний стеараты, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы.
Қолданылуы
- жедел ауыруларды емдеу - алғашқы дисменореяны емдеу НИМИД® препаратын екінші желі препараты ретінде ғана тағайындау керек. НИМИД® препаратымен емдеу жөніндегі шешім нақты пациент үшін барлық қауіпке баға беру негізінде қабылдануы тиіс.
Қарсы көрсетілімдер
белсенді затқа, 6.1 бөлімінде атап көрсетілген қосымша заттарының қандай да біреуіне аса жоғары сезімталдық ацетилсалицил қышқылын немесе қабынуға қарсы стероидты емес басқа препараттарды қабылдаумен байланысты алдында болған аса жоғары сезімталдық реакциялары (мысалы, бронх түйілуі, ринит, есекжем, мұрын полиптері) анамнезде нимесулидке гепатоуыттылық реакциялардың болуы әлеуетті гепатоуыттылығы бар басқа заттарды қатар қабылдау алкоголизм, есірткіге тәуелділік алдыңғы ҚҚСП емдеумен байланысты асқазанның немесе он екі елі ішектің өршу сатысындағы ойық жарасы, анамнезде асқазан-ішек жолында ойық жараның, тесілулердің немесе қан кетулердің болуы қазіргі сәттегі цереброваскулярлық қан құйылу немесе басқа да қан кетулер, сондай-ақ қанағыштықпен қатар жүретін аурулар қан ұюының ауыр бұзылулары жүректің ауыр дәрежедегі жеткіліксіздігі бүйректің ауыр дәрежедегі жеткіліксіздігі (креатинин клиренсі 30  мл/мин) бауыр аурулары, бауыр ферменттері деңгейінің жоғарылауы, бауыр жеткіліксіздігі қызба немесе тұмау симптомдары бар пациенттер 12 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер жүктіліктің үшінші триместрінде және бала емізуде
Дозасы
Қаламаған жағымсыз әселерді барынша азайту үшін ең аз емдеу ұзақтығында ең аз тиімді дозаны қабылдаған жөн. Ересектерге тамақтан кейін тәулігіне 2 рет 100 мг-ден (1 таблетка) тағайындалады. Ең жоғары тәуліктік доза – 200 мг. Емдеу курсының ең жоғары ұзақтығы 5 күнді құрайды. Пациенттердің ерекше топтары Балалар Құрамында нимесулид бар дәрілік препараттарды 12 жасқа толмаған балаларға қолдануға болмайды. Жасөспірімдер (12-ден 18 жасқа дейін): нимесулидтің ересектердегі фармакокинетикалық және фармакодинамикалық бейіні негізінде, бұл пациенттерде дозаны өзгерту қажет емес. Егде жастағы пациенттер Егде жастағы пациенттерде тәуліктік дозаны азайту қажеттілігі жоқ. Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер: бауыр жетікіліксіздігі бар пациенттер үшін НИМИД® препаратын қолдануға болмайды. Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер: бүйрек жеткіліксіздігінің айқындығы жеңіл немесе орташа пациенттер үшін (креатинин клиренсі 30-80 мл/мин) дозаны түзету талап етілмейді, бүйректің ауыр жеткіліксіздігі бар (креатинин клиренсі <30 мл/мин) пациенттерге НИМИД® препаратын тағайындауға болмайды. Енгізу әдісі және жолы НИМИД® таблеткаларын тамақтан кейін ішке, аздаған мөлшердегі сұйықтықпен ішу арқылы қабылдау керек.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.