НИМЕСУЛИД 100 мг гранулы д/приг. суспензии №30 пак

9:00-ден кейін қолжетімді
3150 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Нимесулид
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Россия
  • Өндіруші: АВВА Фармасьютикалс Лтд.
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір пакеттің құрамында белсенді зат − нимесулид (100% затқа шаққанда), 100.0 мг, қосымша заттар: апельсин хош иістендіргіші, лимон қышқылы, мальтодекстрин, макрогол цетостеараты, сахароза.
Қолданылуы
жедел ауырсынуды емдеуде бастапқы дисменореяны емдеуде Нимесулидті тек екінші желілі препарат ретінде тағайындау керек. Нимесулидпен емдеу туралы шешім нақты пациент үшін барлық қауіптерді бағалау негізінде қабылдануы тиіс.
Қарсы көрсетілімдер
нимесулидке немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық анамнездегі аса жоғары сезімталдық реакциялары (мысалы, бронх түйілуі, ринит, есекжем, мұрындағы полиптер) және ацетилсалицил қышқылы мен қабынуға қарсы стероидты емес басқа препараттардың (ҚҚСП) жақпаушылығы анамнезінде нимесулидке гепатоуытты реакциялар әлеуетті гепатоуыттылығы бар басқа дәрілік препараттармен бір мезгілде қолдану (мысалы, басқа ҚҚСП) өршу фазасындағы ішектің созылмалы қабыну аурулары (Крон ауруы, ойық жаралы колит) аортокоронарлық шунттаудан кейінгі кезең суық тигенде және жедел респираторлық-вирустық инфекцияларда қызба синдромы жедел хирургиялық патологияға күдік туындағанда өршу фазасындағы асқазанның немесе он екі елі ішектің ойық жарасы өршу фазасындағы асқазан-ішек жолының эрозиялық-ойық жаралы зақымдануы анамнезінде асқазан-ішек жолының эрозиялық-ойық жаралы зақымдануы анамнезінде тесілулер немесе асқазан-ішектен қан кетулер, оның ішінде ҚҚСП алдыңғы еммен байланысты анамнездегі цереброваскулярлы қан кетулер, басқа да белсенді қан кетулер немесе жоғары қанағыштықпен қатар жүретін аурулар қан ұюының ауыр бұзылулары жүректің ауыр жеткіліксіздігі бүйректің ауыр жеткіліксіздігі (креатинин клиренсі 30 мл/мин кем) үдемелі бүйрек ауруы расталған гиперкалиемия бауыр жеткіліксіздігі, бауырдың белсенді ауруы 18 жасқа дейінгі балалар жүктілік және бала емізу кезеңі алкоголизм есірткілік тәуелділік сахараза/изомальтаза тапшылығы, фруктоза көтере алмаушылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы, өйткені препарат құрамында сахароза бар
Дозасы
Жағымсыз реакцияларды барынша азайту үшін емдеудің симптомдарды бақылауға алу үшін қажетті ең аз ұзақтығы кезінде ең аз тиімді дозаны қабылдау керек. Нимесулидпен емдеу курсының ең көп ұзақтығы 5 күнді құрайды. Ересектерге Тамақ ішкен соң тәулігіне екі рет 1 пакеттен (100 мг нимесулид). Егде жастағы пациенттер Егде жастағы пациенттерге тәуліктік дозаны азайтудың қажеті жоқ. Балалар 18 жасқа дейінгі балаларға Нимесулид AVVA препараты қарсы көрсетілімді. Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер: Бүйрек жеткіліксіздігінің жеңіл және орташа түріне (креатинин клиренсі 30 - 80 мл/мин) шалдыққан пациенттерде дозаны түзету қажеттілігі жоқ, ал ауыр бүйрек жеткіліксіздігіне (креатинин клиренсі < 30 мл/мин)шалдыққан пациенттерге Нимесулид AVVA препаратын тағайындауға болмайды. Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер: бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерге Нимесулид AVVA препараты қарсы көрсетілген. Енгізу әдісі мен жолы Ішке. Тамақтан кейін, түйіршіктерді жеткілікті мөлшердегі суда ерітіп қабылдау керек. Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі Нимесулид AVVA дәрілік препаратын күніне 2 рет қабылданады.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.