+27 бонус

НИМЕСУЛИД 100 мг №20 таб

545 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Нимесулид
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Беларусь
  • Өндіруші: СООО Лекфарм
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында: белсенді зат - 100.00 мг нимесулид; қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза, жүгері крахмалы, натрий крахмалгликоляты (А типі), сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы; тальк, магний стеараты, кальций гидрофосфат дигидраты.
Қолданылуы
- жедел ауырсынуды емдеуде; - бастапқы дисменореяда. Дәрілік препарат тек екінші желілік ем ретінде тағайындалуы мүмкін. Дәрілік препаратты тағайындау туралы шешім әрбір нақты пациенттің жалпы қаупін бағалауға негізделуі керек.
Қарсы көрсетілімдер
Препарат келесі жағдайларда қарсы көрсетілімді: - анамнезінде нимесулидке немесе қосымша заттарға аса жоғары сезімталдық; - ацетилсалицил қышқылына немесе анамнезінде басқа ҚҚСД аса жоғары сезімталдық реакциялары (мысалы, бронх түйілуі, ринит, есекжем); - анамнезінде нимесулидке гепатоуытты реакциялар; - анамнезінде асқазан немесе он екі елі ішектің ойық жарасы, асқазан-ішек жолының қайталанатын эрозиялық ойық жаралы зақымдануы, асқазан-ішекке немесе церебральді қан құйылу; - бұрын туындаған асқазан-ішектен қан кету және алдында ҚҚСД емімен байланысты тесілу; - қанның ұю жүйесінің ауыр бұзылыстары; - жүректің ауыр жеткіліксіздігі; - бүйрек функциясының ауыр бұзылуы; - бауыр функциясының бұзылуы; - 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер; - жүктілік; - бала емізу кезеңі; - басқа әлеуетті гепатоуытты дәрілік препараттармен бір мезгілде тағайындау; - алкоголизм, дәріге тәуелділік; - дене температурасының көтерілуі және/немесе тұмауға ұқсас симптомдар.
Дозасы
Жағымсыз реакцияларды мейлінше азайту үшін емдеудің ең қысқа курсында ең төменгі тиімді дозаны қабылдау керек. Нимесулидпен емдеу курсының ең көп ұзақтығы 5 күнді құрайды. Ересектерге тамақтанғаннан кейін тәулігіне 2 рет 100 мг (1 таблетка) тағайындалады. Ең жоғары тәуліктік доза - 200 мг. Пациенттердің ерекше топтары Егде жастағы пациенттер Егде жастағы адамдарда дәрілік препараттың дозасын түзету талап етілмейді. Бүйрек функциясы бұзылған пациенттер Фармакокинетикалық деректер негізінде бүйрек жеткіліксіздігінің жеңіл және орташа түрлеріне (креатинин клиренсі 30-80 мл/мин) шалдыққан пациенттерде дозаны түзету қажеттілігі жоқ, ал бүйректің ауыр жеткіліксіздігі бар (креатинин клиренсі <30 мл/мин) пациенттерде нимесулидті тағайындау қарсы көрсетілімді. Бауыр функциясы бұзылған пациенттер Нимесулид бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерге қарсы көрсетілген. Емнің жағымсыз әсерлерін дәрілік препараттың ең аз тиімді дозасын емдеу үшін мүмкіндігінше қысқа уақыт ішінде тағайындау арқылы азайтуға болады. Балалар мен жасөспірімдер Пациенттердің осы санаты үшін құрамында нимесулид бар дәрілік препараттарды тағайындауға қарсы көрсетілген. Енгізу әдісі мен жолы Ішке қабылдауға арналған. Таблеткаларды жеткілікті мөлшерде су іше отырып қабылдайды.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.