+128 бонус

НИМЕСИЛ 2 г №30 пак

2560 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Нимесулид
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Испания
  • Өндіруші: Laboratorios Menarini S.A.
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
1 пакеттің ішінде белсенді зат – нимесулид 100 мг, қосымша заттар: макроголдың цетостеарилді эфирі, сахароза, мальтодекстрин, сусыз лимон қышқылы, апельсин хош иістендіргіші.
Қолданылуы
жедел ауыруды емдеу бастапқы дисменореяны емдеу Нимесулидті тек екінші желі препараты ретінде тағайындау керек. Нимесулидпен емдеу жөнінде шешімді нақты пациент үшін барлық қауіптерді бағалау негізінде қабылдауы тиіс
Қарсы көрсетілімдер
- нимесулидке, кез келген басқа ҚҚСП-ға немесе қосымша заттардың біріне аса жоғары сезімталдық - бұрын орын алған ацетилсалицил қышқылын немесе қабынуға қарсы стероидты емес басқа препараттарды қабылдауға байланысты гиперергиялық реакциялар (мысалы, бронхтың түйілуі, ринит, есекжем) - бұрын орын алған нимесулидке гепатоуытты реакциялар - потенциалды гепатоуыттылығы бар басқа заттарды қатар қабылдау - алкоголизм, есірткіге тәуелділік - бұдан бұрынғы ҚҚСП емдеумен байланысты туындаған асқазан-ішектен қан кету немесе перфорация - өршу фазасындағы асқазан немесе он екі елі ішектің ойық жарасы, анамнезінде ойық жара, тесілу немесе асқазан-ішек жолынан қан кету; расталған ойық жаралар мен қан кетудің екі немесе одан көп айқын көріністері - цереброваскулярлы қан кету немесе басқа жедел қан құйылулар, сондай-ақ қан кетумен қатар жүретін аурулар - қан ұюының ауыр бұзылулары - жүректің ауыр жеткіліксіздігі - бүйректің ауыр жеткіліксіздігі - бауыр жеткіліксіздігі - қызбасы бар пациенттер және/немесе тұмау тәрізді симптомдардың болуы - 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер
Дозасы
Қолайсыз жағымсыз әсерлерді барынша азайту үшін, аурудың симптомдарын бақылау үшін ең қысқа мерзімінде ең аз тиімді дозаны қабылдау керек. Ересектер 1 пакеттен (100 мг нимесулид) тамақ ішкеннен кейін тәулігіне екі рет. Ең жоғары тәуліктік доза 200 мг-нан аспауы тиіс. Енгізу әдісі мен жолы Ішке қабылдауға арналған. Пакеттің ішіндегісін бір стақан газдалмаған суда ерітіңіз. Апельсин иісті суспензия алғанға дейін қасықпен араластырыңыз. Суспензияны араластырғаннан кейін бірден ішу қажет. Емдеу ұзақтығы Нимесулидпен емнің ең жоғары ұзақтығы 5 күнді құрайды. Пациенттердің ерекше топтары Егде жастағы пациенттер Егде жастағы пациенттерге тәуліктік дозаны азайту қажеттігі жоқ. Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер Ауырлығы жеңіл және қалыпты дәрежедегі бүйрек жеткіліксіздігі бар (креатинин клиренсі 30-80 мл/мин) пациенттерде дозаны түзету қажеттілігі жоқ, ал бүйректің ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерге (креатинин клиренсі <30 мл/мин) Нимесил® препаратын тағайындауға болмайды. Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер Бауыр функциясы бұзылған пациенттерге Нимесил® препаратын қолдануға болмайды.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.