НИФЕДИПИН 10 мг №50 таб

390 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Нифедипин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Украина
  • Өндіруші: ЧАО Технолог
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы Бір таблетканың құрамында белсенді зат: нифедипин – 10 мг немесе 20 мг; қосымша заттар: лактоза моногидраты, картоп крахмалы, микрокристалды целлюлоза, повидон, натрий лаурилсульфаты, магний стеараты, гипромеллоза (гидроксипропилметилцеллюлоза), полисорбат 80, титанның қостотығы (Е 171), полиэтиленгликоль 6000, тальк, хинолинді сары (Е 104).
Қолданылуы
артериялық гипертензияда, жүректің ишемиялық ауруында: созылмалы тұрақты стенокардия, вазоспазмдық стенокардия (Принцметал стенокардиясы).
Қарсы көрсетілімдер
әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық дигидропиридиндерге жоғары сезімталдық кардиогендік шок аорта сағасының айқын стенозы тұрақсыз стенокардия миокард инфарктісінің жедел кезеңі (алғашқы 4 апта ішінде), миокард инфарктісінің салдарлы профилактикасы үшін тағайындалмайды рифампицинді бір мезгілде қолдану бауыр жеткіліксіздігі анамнезінде асқазан-ішек бітелісі, өңештің бітелісі бар немесе асқазан-ішек жолы саңылауы диаметрінің кез келген дәрежедегі кішіреюі болатын пациенттер Кокк резервуары бар пациенттер (проктоколэктомиядан кейінгі илеостома) ішектің қабыну аурулары немесе Крон ауруы жүктілік және бала емізу кезеңі 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер галактозаның сирек тұқым қуалайтын жағымсыздығы, лактаза тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы синдромы (препарат құрамында лактоза бар).
Дозасы
Препараттың дозасы мен емдеу курсының ұзақтығын дәрігер аурудың ауырлық дәрежесін және науқастың емге реакциясын ескере отырып, әр адамға жекелей белгілейді. Клиникалық көрінісіне байланысты әрбір жеке жағдайда негізгі дозаны біртіндеп енгізген жөн. Бауыр функциясы бұзылған пациенттерде оның жай-күйіне мұқият мониторинг жүргізу, ал ауыр жағдайларда – дозаны азайту қажеттілігі туындауы мүмкін. Жүректің ишемиялық ауруы Жүректің ишемиялық ауруын емдеу үшін препараттың 1 (20 мг доза) немесе 2 (10 мг доза) таблеткасын тәулігіне екі рет (тәулігіне 40 мг) қабылдау ұсынылады. Егер препараттың неғұрлым жоғары дозалары қажет болса, оларды ең жоғары доза – тәулігіне 60 мг дейін біртіндеп арттырған жөн. Артериялық гипертензия Артериялық гипертензияны емдеу үшін Нифедипинді 1 (20 мг доза) немесе 2 (10 мг доза) таблеткадан күніне екі рет (тәулігіне 40 мг) қабылдау ұсынылады. Нифедипин препаратын CYP 3A4 тежегіштерімен немесе CYP 3A4 индукторларымен бір мезгілде қолданғанда нифедипин дозасын түзету немесе нифедипинді тоқтату қажеттілігі туындауы мүмкін. Препараттың ишемияға қарсы және гипертензияға қарсы айқын әсері болғандықтан, әсіресе жоғары дозаларын қолданған жағдайда оны қолдануды біртіндеп тоқтатқан жөн. Пациенттердің ерекше топтары Балалар 18 жасқа дейінгі балаларда қолдануға болмайды. Егде жастағы пациенттер Фармакокинетикалық деректер негізінде 65 жастан асқан егде жастағы адамдарда дозаны түзету талап етілмейді. Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер Ауырлығы жеңіл дәрежедегі бауыр функциясы бұзылған пациенттерде нифедипин дозасы төмендетілуі тиіс. Бауырдың орташа және ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде препаратты қолдануға болмайды. Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер Бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде дозаны түзету талап етілмейді. Енгізу әдісі және жолы Таблеткаларды аздаған сұйықтықпен ішіп, жұту керек. Препаратты тамақтануға байланыссыз қолдана береді. Препаратты қабылдау кезінде грейпфрут шырынын ішпеу ұсынылады.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.