+675 бонус

НЕВАНАК 1мг/мл 5 мл гл кап

13500 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Непафенак
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Бельгия
  • Өндіруші: Новартис Фарма АГ
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
1 мл суспензияның құрамында белсенді зат – непафенак 1.0 мг, қосымша заттар - бензалконий хлориді, карбомер (974 Р), тилоксапол, динатрий эдетаты, маннитол, натрий хлориді, натрий гидроксиді және/немесе хлорсутек қышқылы (рН түзету үшін), тазартылған су.
Қолданылуы
Неванак™ препараты ересектерге төмендегі үшін көрсетілген: - операциядан кейінгі ауырудың және катарактаны алып тастау бойынша хирургиялық операциямен байланысты қабынулардың профилактикасы және емдеу; - диабетиктерде катарактаны алып тастау бойынша хирургиялық операциямен байланысты операциядан кейінгі макулярлы ісінудің даму қаупін төмендету.
Қарсы көрсетілімдер
- белсенді затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық; - басқа қабынуға қарсы стероидты емес препараттарға (ҚҚСП) аса жоғары сезімталдық; - ацетилсалицил қышқылы немесе басқа ҚҚСП-тан өршитін демікпе, есекжем немесе жедел ринит ұстамаларымен пациенттер; - 8 жасқа дейінгі балалар.
Дозасы
Егде жастағы пациенттерді қоса, ересек пациенттерді емдеу үшін пайдалану Ауыру мен қабынудың профилактикасы және емдеу үшін доза күніне 3 рет зақымдалған көз(дер)дің конъюнктивалық қабына Неванак™ препаратының 1 тамшысын құрайды, катаракта операциясына дейін 1 күннен бастап, осы режимді операция күні және операциядан кейінгі алғашқы 2 апта жалғасады. Емдеу дәрігердің нұсқауы бойынша операциядан кейінгі кезеңнің алғашқы үш аптасына дейін ұзартылуы мүмкін. Операцияға дейін 30-120 минут бұрын қосымша тамшыны тағайындайды. Диабетиктерде катарактаны алып тастау бойынша хирургиялық операциямен байланысты операциядан кейінгі макулярлы ісіну қаупін төмендету үшін доза күніне 3 рет зақымдалған көздің конъюнктивалық қабына Неванак™ препаратының 1 тамшысын құрайды, катарактаны алып тастау бойынша операцияға дейін 1 күннен бастап, осы режимнің операция күні жалғасуымен және дәрігердің нұсқауы бойынша операциядан кейінгі кезеңнің 60 күніне дейін. Операцияға дейін 30-120 минут бұрын қосымша тамшыны тағайындайды. Пациенттердің ерекше топтары Балалар Балалар мен жасөспірімдерде Неванак™ препаратының қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған. Деректер жоқ. Қосымша деректер пайда болғанға дейін оны осы пациенттерге пайдалану ұсынылмайды. Бауыр және бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер Неванак™ препаратының әсері бауыр ауруы бар немесе бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде зерттелмеген. Непафенак негізінен биотрансформация арқылы шығарылады, ал көзге жергілікті енгізгеннен кейінгі жүйелік әсері өте төмен. Бұл пациенттерде дозаны түзету талап етілмейді. Егде жастағы пациенттер Егде жастағы және жас пациенттердің қауіпсіздігі мен тиімділігіне қатысты қандай да бір айырмашылықтар байқалмады.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.