+899 бонус

НЕОВИР р-р д/вм вв. 250 мг/2 мл №5 амп

17990 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Иммуностимуляторы
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Российская Федерация
  • Өндіруші: Росс. кардиологическ НПК/Фармсинтез ОАО
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Құрамы Бір ампуланың ішінде белсенді зат - 125 мг натрий оксодигидроакридинилацетаты, қосымша заттар: натрий цитраты, лимон қышқылы моногидраты (pH 7,5-8,3), инъекцияға арналған су – 2 мл дейін.
Қолданылуы
Иммуностимуляциялаушы дәрі ретінде (ИФН индукторы) кешенді ем құрамында: тұмау мен басқа да жедел респираторлық вирустық ауруларда, оның ішінде иммунтапшылығы жағдайларында олардың алдын алуда Herpes simplex, Varicella zoster, Herpes simplex genitalis вирусы туындатқан жұқпаларда, оның оның ішінде иммундық жүйесі бұзылған адамдарда иммунтапшылығы бар адамдардағы цитомегаловирусты жұқпаларда үрдістің созылмалы сипатының алдын алу үшін жедел вирусты В гепатитінде уретриттерде, эпидидимиттерде, простатиттерде, этиологиясы хламидиялық цервициттер мен салпингиттерде тері мен шырышты қабықтардың кандидоздық зақымдануларында адам папилломовирустық жұқпаларында Препаратты емделушінің өздігінен пайдалануына болмайтын жағдайларда, қатаң түрде дәрігердің тағайындауы бойынша қолдану керек.
Қарсы көрсетілімдер
препарат компоненттерінің жекелей жақпаушылығы бүйрек функциясының айқын жеткіліксіздігі (креатинин клиренсі 30 мл/мин аз) сыртартқыдағы аутоиммундық және аллергиялық ауруларда
Дозасы
Қолдану тәсілі және дозалары Инъекцияға арналған ерітіндіні бұлшықетке енгізеді, бір реттік емдік дозасы 250 мг (1 ампула) немесе емделуші дене салмағының әр кг шаққанда 4-6 мг құрайды. Қажет болғанда Неовир( препаратының бір реттік дозасын 500 мг-ға дейін арттыруға болады. Егер айрықша нұсқаулары болмаса, емдеу курсы 250 мг дозадағы Неовир( препаратының 5-7 бұлшықет ішіне инъекциясынан тұрады, оларды енгізу аралықтары 48 сағат, курстық дозасы клиникалық көрінісіне байланысты. Емдеу курсының ұзақтығы 9-13 күн ( инъекциялар арасындағы аралықтарды қоса). Алдын алу дозасы 250 мг (1 ампула) немесе 48 сағат аралықпен дене салмағының әр кг шаққанда 4-6 мг құрайды. Алдын алу курсының ұзақтығы 1-9 күн. Ұзақ қолданған кезде Неовир( препаратын енгізу арасындағы ұсынылатын аралық 3-7 тәулік. Респираторлық вирустық аурулар және тұмау Емдік мақсатта 250 мг Неовир® препаратының бір инъекциясынан бастап (тұмау немесе ЖРА ауруларының ерте сатысында тиімді) 36-48 сағат аралықпен төрт инъекцияға дейін ұсынылады (аурудың ауырлығына байланысты). Алдын алуға қолданғанда Неовир® препаратының 250 мг дозадағы бір инъекциясы ұсынылады. Герпес жұқпасы Герпестік жұқпаның жедел кезеңінде 24 сағат аралықпен 2 инъекциядан (ауырлығына байланысты 250-500 мг Неовир® препараты) бастау ұсынылады және одан әрі тағы 3 инъекция 48 сағат аралықпен. Герпес жұқпасының ауыр ағымы кезінде Неовир® препараты мен ацикловирмен біріктірілген ем ұсынылады. Іріңді бактериялық флора қосылған кезде Неовир® препараты мен антибиотиктер біріктірілімінің тиімділігі жоғары, көптеген жағдайларда қызбаның, іріңді уыттану симптомдарының жылдам жойылуына және үдерісінің тоқтатылуына әкеледі. Қайталану арасындағы кезеңде клиникалық әсерін бекіту және вирусқа қарсы төзімділікті демеу үшін 250 мг дозада аптасына 1 инъекция ұсынылады. Айлық курстан кейін 4-5 апта үзіліс жасау керек. Урогенитальді хламидиоздар, мико- және уреаплазмоздар, иммунтапшылығы бар адамдардағы цитомегаловирусты жұқпаларда 48 сағат аралықпен 250 мг-ден 5-7 инъекциядан тұратын курс ұсынылады. Антибиотиктерді ұсынылатын курстық дозаларда қабылдауды Неовир® препаратының екінші инъекциясы күні бастайды. Бактерияға қарсы курс аяқталғаннан кейін сол сызба бойынша 5 инъекция курсы ұсынылады. Простата секретінде, уретрадан және жатыр мойнынан алынған қырындыда қоздырғыштың ДНҚ/РНҚ титрлері төмен болған жеңіл жағдайларда 48 сағат сайын Неовир® препаратымен 10 инъекциялық курспен монотерапия болуы мүмкін. Басқа да жергілікті хламидиоздар 48 сағат сайын 250 мг дозада б/і Неовир® препаратының 5 - 10 инъекция курсы ұсынылады. Антибиотиктер қолдануды Неовир® препаратының екінші инъекциясы күні бастайды. Жедел вирусты гепатиттер Жедел вирусты В гепатиті кезінде 48 сағат сайын 250 мг-ден Неовир® препараты инъекциясы 2-3 апта бойы немесе сероконверсияға дейін ұсынылады. Әсерін бекіту үшін одан әрі бір ай бойы 250 мг-ден Неовир® препаратының 5-6 инъекциясы тағы да ұсынылады. Терінің, шырышты қабық пен ішкі ағзалардың кандидозды және бактериялық-кандидозды аурулары Неовир® препаратының 250 мг-ден 10 – 12 инъекциядан тұратын курсы 3 күн аралықпен ұсынылады. Бактерияға қарсы және зеңге қарсы дәрілермен кешенді ем құрамында. Адам папилломовирустық жұқпаларында Адам папилломовирустық жұқпалары кезінде Неовир® препаратын кешенді ем құрамында 250 мг дозада 48 сағат сайын қолданады, 5 инъекциядан тұратын курс ұсынылады.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.